Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөнiндегi қызметті ұйымдастыруды және жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы N 27 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 12 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6159 болып енгізілді

Жаңартылған

      Қолданушылардың назарына!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақтың 1) тармақшасы осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Мүлiктi (зияткерлік меншік объектiлерiн, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөнiндегi бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны (тәуелсіз сарапшыны) аккредиттеу ережесі;
      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтанушыға (сақтандырылушыға) берілетін сыныпты «бонус-малус» жүйесі бойынша есептеу ережесі;
      3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Тәуелсіз сарапшының бағалауды жүргізу шартына қойылатын талаптар;
      4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес Мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалауды ұйымдастыру өтінішінің нысаны бекітілсін.
      2. Мына қаулылардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Агенттік Басқармасының «Мүлiктi (зияткерлік меншік объектiлерiн, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөнiндегi қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы № 176 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4861 тіркелген, 2007 жылғы 29 тамызда "Заң газеті" газетінің № 132 (1161) санында, 2007 жылғы маусым-тамызда Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) қаулысы;
      2) Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы № 176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 22 тамыздағы № 114 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5327 тіркелген) қаулысы.
      3. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
      5. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                  Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы       
Қаржы нарығын және қаржы     
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының      
2010 жылғы 1 наурыздағы      
№ 27 қаулысының 1-қосымшасы  

Мүлiктi (зияткерлік меншік объектiлерiн, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөнiндегi бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны (тәуелсіз сарапшыны) аккредиттеу ережесі

      1. Осы Ереже «Көлік құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шiлдедегi (бұдан әрі – Заң) және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзiрлендi және мүлiктi (зияткерлік меншік объектiлерiн, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөнiндегi бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы (бұдан әрі – лицензия) бар бағалаушыны (тәуелсіз сарапшыны) аккредиттеу тәртiбiн айқындайды.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының 24.12.2014 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы Ереженің мақсаты үшiн Заңда көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) аккредиттеу – уәкiлеттi органның мүлiктi (зияткерлік меншік объектiлерiн, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөнiндегi бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаның Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келетiнiн растауы;
      2) уәкiлеттi орган – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөнiндегi мемлекеттік орган.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының 24.12.2014 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Бағалаушы (тәуелсіз сарапшы) аккредиттеуден өту үшiн Заңның 18-1-бабының 1-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.
      Аккредиттеуден өтуге арналған өтініш осы Ереженің 1-қосымшасына (жеке тұлғалар үшiн) немесе осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес (заңды тұлғалар үшiн) нысан бойынша ұсынылады.
      Мүлiктi (зияткерлік меншік объектiлерiн, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөнiндегi бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар кемiнде екi қызметкердiң штатта бар екендiгi туралы мәлiметтер (заңды тұлғалар үшiн) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынылады.
      Талап етілетін құжаттар қоса беріле отырып, өтініш қағаз тасымалдағышта не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынылады.
      Ескеррту. 3-тармақты жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының 24.12.2014 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Аккредиттеуді өткізу тәртiбiне мынадай кезеңдер кіреді:
      1) Заңның 18-1-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде аккредиттеуден өту үшiн ұсынылған құжаттарды қарау;
      2) аккредиттеу туралы шешiмдi (аккредиттеу туралы куәлiктi беру) немесе бас тарту себептерін негіздеу арқылы аккредиттеуден бас тарту туралы шешiмдi қабылдау.
      5. Аккредиттеу туралы куәлік осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолданылу мерзімі шектелместен беріледі.
      6. Заңның 18-1-бабының 1-тармағында көзделген талаптардың сақталмауы уәкілетті органда аккредиттеуден өту үшін бас тартуға негіз болып табылады.
      7. Уәкілетті орган Заңның 18-1-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрады.
      8. Куәліктің қолданылуын тоқтата тұруға алып келген бұзушылықтар жойылған жағдайда, оның қолданылуы уәкілетті органның бірінші басшысының немесе оны ауыстыратын тұлғаның шешімі негізінде уәкілетті органға осы бұзушылықтардың жойылғанын растайтын құжаттар берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңартылады.
      9. Аккредиттеу туралы куәлік Заңның 18-1-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда өзінің қолданылуын тоқтатады.
      10. Бағалаушы (тәуелсіз сарапшы) аккредиттеу туралы куәлік жоғалған, бүлінген жағдайда оның дубликатын ала алады.
      Уәкілетті орган аккредиттеу туралы куәліктің жоғалғаны туралы ақпарат жарияланған бұқаралық ақпарат құралының баспасөз басылымының көшірмесі қоса берілген тиiстi өтiнiш берілген күннен бастап он жұмыс күні iшiнде жаңа нөмір берумен және оң жақ жоғарғы бұрышында «Дубликат» деген жазуы бар аккредиттеу туралы куәлікті береді.
      11. Аккредиттеу туралы куәлік жеке тұлғаның тегі, аты, бар болса – әкесiнiң аты өзгерген жағдайда не заңды тұлғаның атауы немесе оның орналасқан орны өзгерген кезде қайта ресімделуі тиіс. Бағалаушы (тәуелсіз сарапшы) аккредиттеу туралы куәлiктi қайта ресімдеу үшiн отыз күнтізбелік күн iшiнде көрсетілген мәлiметтердi растайтын құжаттарды қоса бере отырып, аккредиттеу туралы куәлiктi қайта ресімдеу туралы өтiнiштi береді.
      12. Уәкiлеттi орган тегін, атын, бар болса – әкесiнiң атын, тұрғылықты жерін (жеке тұлға үшiн), атауын, орналасқан орнын, бiрiншi басшының тегін, атын, бар болса – әкесiнiң атын (заңды тұлға үшiн), лицензияның берілген күнін және нөмiрiн, аккредиттеу туралы куәлiктiң нөмiрiн және берілген күнін, қайта ресiмделуiн, тоқтатыла тұруын, тоқтатылуын, бағалаушы (тәуелсіз сарапшы) - заңды тұлғаның лицензиясы бар қызметкерлері туралы деректерді көрсете отырып, бағалаушылар (тәуелсіз сарапшылар) тiзiлiмiн жүргізеді.
      13. Уәкiлеттi орган тиiстi шешiмдi қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде өтiнiш берушіге аккредиттеуден бас тарту немесе аккредиттеу туралы куәлiктi тоқтата тұру, жаңарту не тоқтату туралы хабарлайды.

Мүлiктi (зияткерлік меншік  
объектiлерiн, материалдық емес
активтердің құнын қоспағанда) 
бағалау жөнiндегi бағалау қызметiн
жүзеге асыруға лицензиясы бар 
бағалаушыны (тәуелсіз сарапшыны)
аккредиттеу ережесінің     
1-қосымшасы         

Нысан

Аккредиттеуден өту үшiн өтiнiш
(жеке тұлға үшiн)

      қайда ______________________________________________________
                    (уәкiлеттi органның толық атауы)

кімнен ___________________________________________________________
               (тегі, аты, бар болса – әкесiнiң аты)
__________________________________________________________________.
                        (тұрғылықты жері)
      Мені көлік құралын пайдалану нәтижесінде зардап шегушiнiң мүлкіне (зияткерлік меншік объектiлерiн, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) келтiрiлген зиянның мөлшерін бағалауды жүргізу үшiн бағалаушы (тәуелсіз сарапшы) ретінде аккредиттеуді өтiнемiн.
      Қосымшасы (жiберiлетiн құжаттардың тiзбесi, олардың әрқайсысы бойынша дананың және парақтың саны көрсетiлсiн):___________________
___________________________________________________________________
_________________________________________________.

Бірінші басшы немесе қол
қоюға уәкілетті тұлға
(лауазымы)    _______________________________________ _____________
                (Тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса)) (қойған қолы)

      Күні ____________ ж.

Мүлiктi (зияткерлік меншік   
объектiлерiн, материалдық    
емес активтердің құнын қоспағанда)
бағалау жөнiндегi бағалау    
қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы
бар бағалаушыны (тәуелсіз сарапшыны)
аккредиттеу ережесінің     
2-қосымшасы         

Нысан

Аккредиттеуден өту үшiн өтiнiш
(заңды тұлға үшiн)

      қайда _____________________________________________________
                       (уәкiлеттi органның толық атауы)

кімнен ___________________________________________________________.
                        (заңды тұлғаның толық атауы)
      Көлік құралын пайдалану нәтижесінде зардап шегушiнiң мүлкіне (зияткерлік меншік объектiлерiн, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) келтiрiлген зиянның мөлшерін бағалауды жүргізу үшiн бағалаушы (тәуелсіз сарапшы) ретінде аккредиттеуді өтiнемiн.
      1. Заңды тұлғаның орналасқан орны және деректемелері
__________________________________________________________________    __________________________________________________________________.
      2. Банк шотының нөмірі _____________________________________ __________________________________________________________________.
      3. Филиалдары, өкілдіктері туралы мәліметтер (орналасқан орны, деректемелері): __________________________________________________ __________________________________________________________________.
      Қосымшасы (жiберiлетiн құжаттардың тiзбесi, олардың әрқайсысы бойынша дананың және парақтың саны көрсетiлсiн): _________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________.

Бірінші басшы немесе қол
қоюға уәкілетті тұлға
(лауазымы)    _______________________________________ _____________
                (Тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса)) (қойған қолы)

      Күні____________ ж.                                                      

Мөрге    арналған  орын  

Мүлiктi (зияткерлік меншік объектiлерiн,
материалдық емес активтердің құнын  
қоспағанда) бағалау жөнiндегi бағалау 
қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы  
бар бағалаушыны (тәуелсіз сарапшыны) 
аккредиттеу ережесінің 3-қосымшасы  

Нысан

Мүлiктi (зияткерлік меншік объектiлерiн, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөнiндегi бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғаның қызметкерлерінің құрамы туралы мәліметтер

__________________________________
(заңды тұлғаның атауы)

Қызметкердің тегі, аты, бар болса – әкесiнiң аты

Лицензияның нөмірі және алынған күні

Бiлiмiнiң болуы

Жұмыс стажы

1.










Бірінші басшы немесе қол
қоюға уәкілетті тұлға
(лауазымы)    _______________________________________ _____________
                (Тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса)) (қойған қолы)

      Күні ____________ ж.

Мөрге арналған орын

Мүлiктi (зияткерлік меншік объектiлерiн,
материалдық емес активтердің құнын  
қоспағанда) бағалау жөнiндегi бағалау 
қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы   
бар бағалаушыны (тәуелсіз сарапшыны) 
аккредиттеу ережесінің 4-қосымшасы  

Нысан

№ _____ аккредиттеу туралы куәлiк

Осы куәлік ______________________________________________________ _________________________________________________________________
     (жеке тұлғаның тегі, аты, бар болса – әкесiнiң аты не
_________________________________________________________________
                  заңды тұлғаның атауы)
_________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тұрғылықты жері немесе заңды тұлғаның орналасқан орны)

берiлдi және көлік құралын пайдалану нәтижесінде зардап шегушiнiң мүлкіне (зияткерлік меншік объектiлерiн, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) келтiрiлген зиянның мөлшерін бағалауды жүргізуге құқық береді.

      Негіздемесі: 20__жылғы «___»____________ № _____ бұйрық.
      Осы аккредиттеу туралы куәлік қолданылу мерзімін шектеусіз беріледі және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.

Бірінші басшы немесе қол
қоюға уәкілетті тұлға
(лауазымы)    _______________________________________ _____________
                (Тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса)) (қойған қолы)

      Куәліктің берілген күні 20__жылғы «___» ___________
      __________ қаласы

Қазақстан Республикасы       
Қаржы нарығын және қаржы     
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының      
2010 жылғы 1 наурыздағы      
№ 27 қаулысының 2-қосымшасы  

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтанушыға (сақтандырылушыға) берілетін сыныпты «бонус-малус» жүйесі бойынша есептеу ережесі

      1. Осы Ереже «Көлік құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шiлдедегi Заңының (бұдан әрі – Заң) 19-бабының 10-тармағына сәйкес әзiрлендi және Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтанушыға (сақтандырылушыға) берілетін сыныпты «бонус-малус» жүйесі бойынша есептеу тәртiбiн айқындайды.
      2. Сақтандыру мерзімі аяқталған соң тиісті сынып (бұдан әрі – сынып) беріле отырып, «бонус-малус» жүйесі бойынша коэффициенттер Заңның 19-бабының 10-тармағында көзделген кестеге сәйкес белгіленеді.
      3. Сақтанушыға (сақтандырылушыға) сынып берілген кезде оның кінәсі бойынша болған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайлары), сондай-ақ көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша (бұдан әрі – міндетті сақтандыру шарты (сақтандыру полисі)) сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылған күндер осының алдында сынып өзгертілген күннен бастап жасалған міндетті сақтандыру шарттарының санына қарамастан есепке алынуы тиіс.
      Сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсі бойынша болған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайлары) бар болған жағдайда сынып бұдан төменірек, ең төмен – М сыныбына дейін өзгертіледі.
      Сыныпты жоғарырақ сыныпқа өзгерту мынадай талаптар орындалған кезде жүзеге асырылады:
      1) деректер базасын (бұдан әрі – деректер базасы) қалыптастыру мен жүргізуді жүзеге асыратын ұйымда сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсі бойынша болған және сыныптың соңғы өзгертілген сәтінен бастап деректер базасында есепке алынған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайлары) туралы ақпараттың болмауы;
      2) деректер базасында жасалған міндетті сақтандыру шарттарының (сақтандыру полистерінің) санына қарамастан сыныптың соңғы өзгертілген күнінен бастап міндетті сақтандыру шарты (сақтандыру полисі) бойынша сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылған кем дегенде екі жүз жетпіс күнтізбелік күн туралы ақпараттың болуы.
      4. Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген (алып келінген) көлік құралдарының иелерімен міндетті сақтандыру шарты жасалған кезде 3-сынып беріледі.
      5. Сақтандырушы деректер базасынан алған, оған берілген сынып көрсетіле отырып, сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсі бойынша болған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайлары) туралы, не осы ақпараттың жоқ екені туралы ақпараты бар сақтандыру есебі сақтандырушының «бонус-малус» жүйесі бойынша коэффициенттерді қолдануы үшін негіз болып табылады.
      6. Деректер базасында сақтанушы (сақтандырылушы) туралы ақпарат болмаған жағдайда сақтандырушы жаңа мерзімге міндетті сақтандыру шартын жасау кезінде сақтанушы төмендетілген коэффициентті қолдану мүмкіндігі туралы куәландыратын осының алдындағы міндетті сақтандыру шартының (сақтандыру полисінің) түпнұсқасын берген кезде Заңның 19-бабының 11-тармағында белгіленген мерзімде бұл жөнінде деректер базасын және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органды хабардар ете отырып, Заңның 19-бабының 10-тармағында келтірілген кестеге сәйкес төмендетілген коэффициентті өз бетінше қолданады.
      Бұрынғы міндетті сақтандыру шартының (сақтандыру полисінің) түпнұсқасы сақтанушы жаңа міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін ұсынатын құжаттармен бірге сақталады.

Қазақстан Республикасы       
Қаржы нарығын және қаржы     
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының      
2010 жылғы 1 наурыздағы      
№ 27 қаулысының 3-қосымшасы  

Тәуелсіз сарапшының бағалауды жүргізу шартына
қойылатын талаптар

      1. Осы Талаптар «Көлік құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шiлдедегi Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзiрлендi.
      2. Тәуелсіз сарапшымен көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін бағалауды жүргізу шартын (бұдан әрі – бағалауды жүргізу шарты) жасасқан тұлға тапсырыс беруші болып табылады.
      Сақтандырушы, сақтанушы (сақтандырылушы), не зардап шегуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері тапсырыс беруші болуы мүмкін.
      3. Көлiк құралына келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалаудың нәтижесі сақтандырушы үшін міндетті болып табылады.
      4. Бағалауды жүргізу шартында мыналар болуы тиіс:
      1) тәуелсіз сарапшының тегі, аты, бар болса – әкесінің аты, тәуелсіз сарапшының орналасқан орны, телефоны және банктік деректемелері (жеке тұлға үшін);
      2) тәуелсіз сарапшының атауы, орналасқан орны, телефоны және банктік деректемелері (заңды тұлға үшін);
      3) мүлiктi (зияткерлік меншік объектiлерiн, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөнiндегi қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның деректемелері (лицензияны берген орган көрсетіліп, оның нөмірі және берілген күні);
      4) аккредиттеу туралы куәліктің деректемелері (аккредиттеу туралы куәліктің нөмірі және берілген күні);
      5) тапсырыс берушінің тегі, аты, бар болса – әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні және берген орган, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері (жеке тұлға үшін);
      6) тапсырыс берушінің атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, орналасқан орны, банктік деректемелері (заңды тұлға үшін);
      7) бағалау объектісінің (объектілерінің) атауы және (немесе) орналасқан орны, анықталатын құнының түрі;
      8) бағалау түрі;
      9) бағалау объектісінің сипаттамасы;
      10) бағалау жүргізу мерзімдері;
      11) мыналар жөніндегі талаптар:
      тәуелсіз сарапшыны бағалау объектісіне (объектілеріне) жіберуді қамтамасыз ету;
      тәуелсіз сарапшыға құжаттарды және бағалау жүргізу үшін қажетті ақпаратты беру;
      тәуелсіз сарапшының бағалау жүргізуге қатысу үшін шарт негізде басқа мамандарды тартуы;
      тәуелсіз сарапшының қажет болуына қарай жазбаша немесе ауызша нысанда тапсырыс берушіге, бағалаудың нәтижесіне мүдделі тұлғаларға, үшінші тұлғаларға мемлекеттік құпиялар, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, бағалау жүргізу үшін қажетті ақпаратты беру жөнінде сұрату жіберуі. Егер көрсетілген ақпаратты беруден бас тарту бағалау нәтижелерінің дәйектілігіне ықпал ететін болған жағдайда, бағалаушы бұл жөнінде есепте көрсетеді;
      тәуелсіз сарапшының тапсырыс беруші осы Талаптардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау жүргізуге өтініш берген сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде көлік құралын бағалауды жүргізуі;
      тәуелсіз сарапшының үш жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге бағалау туралы есепті жіберуі;
      тәуелсіз сарапшының үш жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге Заңның 18-1-бабының 1-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға кедергі болатын объективті жағдайлардың пайда болу салдарынан бағалау жүргізудің мүмкін болмайтыны туралы хабарлауы;
      тәуелсіз сарапшының жазбаша нысанда көлік оқиғасының тараптарынан сақтанушының (сақтандырылушының) не зардап шегушінің (пайда алушының) немесе олардың өкілінің өз бетінше өтініш жасауы кезінде көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың қолданыстағы шарттарының бар екендігі туралы, сондай-ақ бағалау жүргізу кезінде сақтандырушылардың қатысу мүмкіндігін хабардар ету және ұсыну бойынша ақпаратты сұратуы;
      тәуелсіз сарапшының бағалау жүргізу барысында тапсырыс берушіден және үшінші тұлғалардан алатын ақпаратының сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
      тәуелсіз сарапшының уәкілетті органның сұратуы бойынша оған бағалау туралы есептің көшірмесін беруі;
      тәуелсіз сарапшының талабы бойынша тапсырыс берушінің бағалау жүргізуге қажет ақпаратты алу үшін өзінің атынан үшінші тұлғалардың атына сұрату жіберуі;
      12) көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеу тәртібі мен мөлшері;
      13) тараптардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі;
      14) тапсырыс берушінің бағалау объектісіне (объектілеріне) деген меншік құқығын растайтын құжаттың деректемелері, не тапсырыс берушіге бағалау туралы шартты жасасу құқығын беретін өзге де негіздемелер;
      15) тараптардың қол қоюы;
      16) шарт жасалған күн.

Тәуелсіз сарапшының бағалауды
жүргізу шартына қойылатын 
талаптардың қосымшасы   

Нысан

Келіп түскен күні
_________________
 (кк.аа.жж.)

Кіріс тіркеу нөмірі
№ _______________

______________________________________
   (Тәуелсіз сарапшының тегі, аты,
      әкесінің аты (бар болса)
______________________________________
              не атауы)
мыналар:
_                                       
|_| сақтанушы
_                                       
|_| сақтандырылушы
_                                       
|_| зардап шегуші
_                                       
|_| пайда алушы
_                                       
|_|  өкіл
(өтініш берушінің мәртебесі бір,
немесе өкілі өтініш жасаған кезде
екі ұяшықта көрсетіледі)
________________________________
болып табылатын
кімнен _________________________
    (өтініш берушінің тегі, аты,
      әкесінің аты (бар болса),
________________________________
    тұрғылықты жері не атауы,
________________________________,
         орналасқан орны)

Мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалауды ұйымдастыру өтініші 

____________________________________________________________________
                (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
жүргізетін _________________________________________________________
   (көлік құралының маркасы мен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі)
____________________________________________ тиесілі көлік құралының
(заңды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) не атауы)
және _______________________________________________________________
                  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
жүргізетін _________________________________________________________
   (көлік құралының маркасы мен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі)
_____________________________________________ тиесілі көлік құралының
(заңды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) не атауы)
арасында ___________________________________________________________
              (жол-көлік оқиғасы болған күні, қаласы, орны)
болған жол-көлік оқиғасына байланысты ______________________________
____________________________________________________________________
  (көлік құралының маркасы мен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі)
________________________ мүлкіне келтірілген зиянның мөлшеріне бағалау жүргізуді сұраймын.

______________________________ 
өтініш берушінің қойған қолы  

______________________________ 
Толтырылған күні      

      Мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалау туралы есеп:
өтініш берушіге жіберілді _________________________________________
               (жіберілген күні және тәуелсіз сарапшының қойған қолы)
немесе табыс етілді _______________________________________________.
                     (табыс етілген күні, тәуелсіз сарапшының және
                           өтініш берушінің қойған қолдары)

-------------------жыртылып алынатын сызық -----------------------

      Мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалау туралы есеп:
өтініш берушіге жіберілді _________________________________________
              (жіберілген күні және тәуелсіз сарапшының қойған қолы)
немесе табыс етілді _______________________________________________.
                     (табыс етілген күні, тәуелсіз сарапшының және
                           өтініш берушінің қойған қолдары)

Қазақстан Республикасы       
Қаржы нарығын және қаржы     
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының      
2010 жылғы 1 наурыздағы      
№ 27 қаулысының 4-қосымшасы  

Нысан

Келіп түскен күні
_________________
   (кк.аа.жж.)

Кіріс тіркеу нөмірі
№ _______________

Басқарманың Төрағасы
___________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
___________________________________
 және сақтандыру ұйымының атауы)
мыналар:
_                                       
|_| сақтанушы
_                                       
|_| сақтандырылушы
_                                       
|_| зардап шегуші
_                                       
|_| пайда алушы
_                                       
|_| өкіл
(өтініш берушінің мәртебесі бір,
немесе өкілі өтініш жасаған
кезде екі ұяшықта көрсетіледі)
_______________ болып табылатын
кімнен ________________________
     (заңды тұлғаның тегі, аты,
      әкесінің аты (бар болса),
_______________________________
      тұрғылықты жері не
_______________________________,
   атауы, орналасқан орны)

Мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалауды ұйымдастыру өтініші

___________________________________________________________________
               (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
жүргізетін ________________________________________________________
   (көлік құралының маркасы мен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі)
_____________________________________________ тиесілі көлік құралының
(заңды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) не атауы)
және ______________________________________________________________
                (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
жүргізетін ________________________________________________________
    (көлік құралының маркасы мен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі)
_____________________________________________ тиесілі көлік құралының
(заңды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) не атауы)
арасында __________________________________________________________
              (жол-көлік оқиғасы болған күні, қаласы, орны)
болған жол-көлік оқиғасына байланысты _____________________________
___________________________________________________________________
(көлік құралының маркасы мен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі)
__________________ мүлкіне келтірілген зиянның мөлшерін бағалауды
___________________________________________________________________ (тәуелсіз сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) не атауы)
_______________________________________ уәкілетті орган аккредиттеген
тәуелсіз сарапшыда ұйымдастыруды сұраймын.

Тәуелсіз сарапшыны таңдау менімен келісілді
___________________________________________.
  (күні және пайда алушының қойған қолы)

____________________________ 
өтініш берушінің қойған қолы 
      ____________________________ 
Толтырылған күні       

      Мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалау туралы есеп пайда алушыға ұсынылды:
_________________________________________________ жіберілді немесе
(жіберілген күні және тәуелсіз сарапшының қойған қолы)
____________________________________________________ табыс етілді.    (табыс етілген күн және пайда алушының қойған қолы)
      Көлік құралын қалпына келтіру шығыстарының сомасымен келісемін/келіспеймін (қажеттісін сызу қажет)_____________________.
                           (күні және пайда алушының қойған қолы)