Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру және актуарлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы N 23 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 9 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6157 болып енгізілді.

Жаңартылған

      Қолданушылардың назарына!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 151 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      2-тармақтың күшін жою көзделген – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Агенттік Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 122 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 12 маусымда № 4731 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру ережесінде:

      кіріспеде "Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы Заңына (бұдан әрі - Жұмыс берушiнiң АҚЖ туралы Заң)" деген сөздер "Қызметкер еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы" (бұдан әрі – Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы Заң)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақ алынып тасталсын;

      11-тармақта "өтініш берушіні салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариатта куәландырылған көшірмесін, сондай-ақ" деген сөздер алынып тасталсын;

      11-1–тармақта "және 8-1-бабының 1-тармағының" деген сөздер алынып тасталсын;

      11-4–тармақта "Жұмыс берушiнiң АҚЖ туралы Заңның" деген сөздер "Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы Заңның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17–тармақта "ағымдағы банктік шоттан үзінді-көшірмесі," деген сөздер алынып тасталсын.

      3. Агенттік Басқармасының "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы № 177 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4860 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      Көрсетілген қаулымен бекітілген Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықта:

      4-тармақтың бірінші абзацында "1, 5-тармақтарында" деген сөз бен цифрлар "5-тармағында" деген сөз бен цифрға ауыстырылсын;

      7-тармақта "5)" цифрдан кейін ", 6), 7)" деген цифрлармен толықтырылсын;

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Заңның 8-1-бабының 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпаратты жеткізуші Заңның 8-2-бабының 2-тармағында көзделген, Заңның 5-бабының 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген көлік құралдары иелері туралы мәліметтерді Ұйымға нақты уақыт режимінде береді, оларға мыналар жатады:

      1) Заңның 10-бабының 4-тармағына сәйкес сақтандыру шартының түрі;

      2) сақтандыру полисінің нөмірі мен берілген күні;

      3) өтініш беруші туралы мәліметтер:

      тегі, аты, бар болса – әкесінің аты, тұрғылықты жері, туған күні, жүргізуші куәлігінің сериясы, нөмірі, берілген күні, жүргізуші стажы (жеке тұлға үшін);

      атауы, орналасқан жері (заңды тұлға үшін);

      телефон нөмірі;

      салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін) не бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін);

      экономика секторының коды;

      резиденттіктің белгісі (Қазақстан Республикасының резиденті/резидент емесі);

      4) автокөлік құралы туралы мәліметтер (кешенді сақтандыру шартын жасасқан жағдайда әрбір көлік құралының бірлігі туралы мәліметтер көрсетіледі):

      тіркеу орны;

      көлік құралын тіркеу туралы куәлігінің немесе көлік құралының тіркелуін растайтын өзге құжаттың (Қазақстан Республикасының резиденті емесі үшін) нөмірі мен берілген күні;

      көлік құралын пайдалану мақсаты;

      Заңға сәйкес көлік құралының типі;

      маркасы;

      моделі;

      шығарылған жылы;

      қозғалтқыштың көлемі;

      қозғалтқыштың қуаты;

      руль басқаруының орналасуы;

      қозғалтқыштың нөмірі;

      кузовтың нөмірі (бірегейлендіру нөмірі (VIN));

      кузовтың (кабинаның) түсі;

      5) сақтандыру мерзімі туралы мәліметтер;

      6) сақтанушыға (жеке тұлғаға) берілетін жеңілдіктер туралы мәліметтер:

      Ұлы Отан соғысының ардагері немесе Ұлы Отан соғысының ардагеріне теңестірілген тұлға куәлігінің нөмірі мен берілген күні;

      I, II топтағы мүгедек куәлігінің нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі;

      зейнеткер куәлігінің нөмірі мен берілген күні;

      7) сақтанушының отбасылық жағдайы туралы мәліметтер;

      8) сақтандырылушы (сақтандырылушылар) туралы мәліметтер:

      тегі, аты, бар болса - әкесінің аты;

      туған күні;

      салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі;

      тұрғылықты жері;

      отбасылық жағдайы;

      жүргізуші стажы;

      жүргізуші куәлігінің нөмірі, берілген күні;

      9) қосарлы сақтандыру, көлік құралын маусымды пайдалану, Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кіру туралы мәліметтер;

      10) өтінішке қол қойылған күні;

      11) сақтандыру жағдайлары бойынша мәліметтер (бар болған жағдайда):

      Сақтанушыдан (сақтандырылушыдан) Заңның 16-бабының 2-тармағының 3) тармақшасының талаптарына сәйкес ұсынылған сақтандыру жағдайының басталуы туралы өтінішті қабылдаған күні;

      әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істі қараған судьяның (соттың) қаулысының қабылдау және күшіне ену күні, не сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінің болуын растайтын және (немесе) зардап шегушінің (зардап шегушілердің) өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірілгендігін куәландыратын сот актісі;

      зардап шегушінің (зардап шегушілердің) мүлкіне келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандыру төлемінің сомасы;

      зардап шегушінің (зардап шегушілердің) өміріне және (немесе) денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандыру төлемінің сомасы;

      бағалауды жүргізумен байланысты шығыстар;

      сақтандырушының іс жүргізу бойынша шығыстары;

      сақтанушының (сақтандырылушының) сақтандыру жағдайында шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатында жасалған шығыстары;

      өзге шығыстар.";

      12, 13–тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Ақпаратты жеткізуші Ұйымға ұсынатын сақтанушы (сақтандырылушы), көлік құралы туралы мәліметтер Заңның 10-бабының 5-тармағында көзделген сақтанушының өтінішінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі тиіс.

      13. Ұйым деректер базасының құрылымын ақпаратты жеткізушінің келісуі бойынша, Заңда белгіленген талаптарды ескере отырып, анықтайды, ол деректер базасының мынадай негізгі функцияларының орындалуын қамтамасыз етеді:

      1) Заңның 8-2-бабының 2-тармағында көзделген ақпаратты жинақтау;

      2) мазмұнына қойылатын талаптары Заңда және осы Нұсқаулықта белгіленген сақтандыру есептерді қалыптастыру және беру;

      3) сақтандыру полисіне бірегей нөмірін тағайындау.

      Бірегей нөмірді тағайындау мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) сақтандырушы сақтанушы (сақтандырылушы), көлік құралы (көлік құралдары) туралы мәліметтерді деректер базасына, мазмұнына қойылатын талаптары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген сақтанушының өтініші негізінде енгізеді;

      2) деректер базасында міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисіне енгізілуі тиіс мәліметтерді қамтыған сақтандыру есепті қалыптастыру;

      3) сақтандыру полисіне сақтандыру полисінің нөмірі болып табылатын бірегей нөмірін тағайындау;

      4) деректер базасында қалыптастырылған ақпарат, оны сақтандыру полисінің бланкіне басу арқылы шығарылады.";

      18-тармақта "9" деген цифр "10" деген цифрмен ауыстырылсын.

      4. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Заңы бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін осы қаулының 2-тармағының үшінші, жетінші абзацтарынан басқа, осы қаулы, ол бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      5. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):

      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкке, "Қазақстан актуарийлерінің қоғамы" қоғамдық бірлестігіне және "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне және сақтандыру ұйымдарына жіберсін.

      6. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.

      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

Төрайым

Е. Бахмутова