«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерi бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті (Ғ.М. Мұхамбетов):
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның ресми жариялануын;
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықтың орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі Е.С. Есқалиевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
5. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда Экономика және бюджеттік министрі жоспарлау министрінің міндетін
_____________ Ә. Исекешев атқарушы
____________ Л. Кармазина
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрінің
2010 жылғы 1 ақпандағы № 26
және Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
міндетін атқарушысының
2010 жылғы 4 наурыздағы № 118
бірлескен бұйрығымен бекітілген
Техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерi
1. Жалпы ережелер
1. Техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерi (бұдан әрі - критерийлер) «Техникалық реттеу туралы», «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» және «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес мемлекеттiк метрологиялық бақылау аясында қызметті жүзеге асыру және өнімді іске асыру саласында тәуекел дәрежесіне техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы тексеру субъектілеріне қатысты әзірленген.
2. Осы критерийлерде мынадай негізгі түсініктер пайдаланылады:
1) iшкi сауда (iшкi сауда қызметi) - Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сауда қызметi;
2) көтерме сауда - жеке, отбасылық, үйішiлiк және осыған ұқсас өзге де пайдаланумен байланысты емес, кейiннен сатуға немесе өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
3) техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету саласындағы тәуекел – зардаптарының ауырлық деңгейi ескерiле отырып, мемлекеттiк метрологиялық бақылау аясында қызмет ету және өнімді іске асыру саласында процесінде адамның өмiрiне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, оның iшiнде жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiне зиян келтiру ықтималдығы;
4) бөлшек сауда - тауарларды тұтынушыларға олардың жеке пайдалануы үшiн сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
5) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы тексеру субъектісі – мемлекеттiк метрологиялық бақылау аясында қызмет ететін жеке және заңды тұлғалар;
6) техникалық реттеу саласындағы тексеру субъектісі – оларға техникалық регламенттің талаптары таралатын және/немесе міндетті сертификаттауға жататын өнімді іске асыратын жеке және заңды тұлғалар;
7) сауда залы – техникалық реттеу саласындағы тексеру субъектісімен меншік құқығы немесе басқа заттық құқығы негізінде пайдаланатын және техникалық реттеу саласындағы тексеру субъектісі өткізетін өнімді сатып алушыларға қызмет көрсетуге арналған, әкiмшiлiк-тұрмыстық, қойма үй-жайлары және автокөлiктерге арналған алаңды қоспағанда, сауда үй-жайының арнайы жабдықталған негiзгi бөлiгi;
3. Техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы тәуекел критерийлері мыналарға бөлінеді:
1) объективті: өнімді өткізу саласында:
өткізілетін өнімнің түрі;
iшкi сауданың түрі (көтерме, бөлшек сауда);
меншік құқығында немесе жалдау шарты негізінде техникалық реттеу саласындағы тексеру субъектісімен пайдаланатын сауда залының алаңы;
мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында - қызмет ету түрі;
2) субъективті – жүргізілген тексерістер нәтижесінде анықталған техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңдары және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулылары талаптарының бұзылуы.
4. Техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы тексеру субъектілерін тәуекелдердің әртүрлі дәрежелеріне бастапқы жатқызуы объективті критерийлер бойынша қарастырылады.
5. Техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы тексеру субъектілерін тәуекелдердің әртүрлі дәрежелеріне кейінгі жатқызуы субъективті критерийлер бойынша қарастырылады.
2. Тәуекел дәрежесiн бағалау объективті критерийлерi
6. Өнімді іске асыру сатысында қауіп-қатер дәрежесі Қазақстан Республикасының аумағында өнімді іске асыру процесінде олардың бір түрімен адамның өміріне және денсаулығына, қоршаған ортаға, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне зиян келтіру дәрежесіне қарай анықталады.
7. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне бөлшек саудамен айналысатын және меншік құқығында немесе жалдау шарты негізінде пайдаланатын сауда залының алаңы 800 м.кв. артық (мұнай өнімдерін сатуды жүзеге асыратын субъектілерінен басқа) және/немесе көтерме саудамен айналысатын және мынадай өнім түрлерін сатуды жүзеге асыратын техникалық реттеу саласындағы тексеру субъектілері жатады:
1) ойыншықтар;
2) дәрі-дәрмек құралдары және медициналық бұйымдар;
3) жеңіл өнеркәсіп өнімі;
4) ауыл шаруашылығы өндірісінің және тамақ өнеркәсібінің өнімдері;
5) парфюмерлік-косметикалық өнім;
6) құрылыс материалдары мен бұйымдары;
7) адамның терiсiмен, тамақпен және сумен жанасатын халық тұтынатын тауарлар;
8) тұрмыстық химия тауарлары;
9) электротехникалық, радиотехникалық және электрондық тауарлар;
10) мұнай өнімдері.
8. Тәуекелдің орташа дәрежесіне бөлшек саудамен айналысатын және меншік құқығында немесе жалдау шарты негізінде пайдаланатын сауда залының алаңы 800 м.кв. артық және/немесе көтерме саудамен айналысатын және мынадай өнім түрлерін сатуды жүзеге асыратын техникалық реттеу саласындағы тексеру субъектілері жатады:
1) автокөлік құралдары және олардың бөліктері және бөлшектері;
2) ауылшаруашылығы техникасы;
3) ықтимал қауіпті өндірістерге арналған жабдық;
4) өңделген ағаш тауарлары;
5) қызметтік және азаматтық қару және олардың патрондары;
6) жылытқыш аппаратура.
9. Тәуекелдің төмен дәрежесіне бөлшек саудамен айналысатын және меншік құқығында немесе жалдау шарты негізінде пайдаланатын сауда залының алаңы 800 м.кв. артық және/немесе көтерме саудамен айналысатын және мынадай өнім түрлерін сатуды жүзеге асыратын техникалық реттеу саласындағы тексеру субъектілері жатады:
1) темір жол саласының өнімдері;
2) байланыс құралдары;
3) күзеттің арнайы техникалық құралдары;
4) буып-түю ыдыстары;
5) Мемлекеттiк құпияларды және қызметтiк ақпаратты қамтитын мәлiметтердi қорғаудың, өңдеудiң, сақтаудың және берудiң техникалық құралдары, сондай-ақ арнайы жедел-iздестiру iс-шараларының жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге арналған аппараттық және/немесе бағдарламалық құралдарды қамтитын телекоммуникация желiлерiнiң жабдығы.
10. Мемлекеттiк метрологиялық бақылау аясында қызмет ету кезінде тәуекел дәрежесі өлшемдер нәтижелерінің сенімсіз салдарынан Қазақстан Республикасының азаматтарына және экономикасына зиян келтіру дәрежесіне қарай анықталады.
11. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне өлшемдермен байланысты қызметтер жатады, олардың нәтижелері:
1) азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстары;
2) еңбек және көлік қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстары;
3) қоршаған ортаның жай-күйiн бақылау;
4) өлшем құралдарын сынау, метрологиялық аттестаттау, салыстырып тексеру, калибрлеу, лицензияланатын қызмет кезінде пайдаланылады.
12. Тәуекелдің орташа дәрежесіне өлшемдермен байланысты қызметтер жатады, олардың нәтижелері:
1) геодезиялық, геологиялық және гидрометеорологиялық қызметті жүзеге асыру;
2) қару-жарақ, әскери және арнайы техника, арнайы өнiмнiң басқа да түрлерiн өндiру;
3) энергетикалық ресурстардың барлық түрлерiн шығару, өндiру, ұқсату, тасымалдау, сақтау және тұтыну;
4) сатып алушы (тұтынушы) және сатушы (өнiм берушi, өндiрушi, орындаушы) арасындағы, соның iшiнде тұрмыстық және коммуналдық қызметтер көрсету мен байланыс қызметтерiн көрсету салаларындағы сауда-коммерциялық операциялар мен есеп айырысулар кезінде пайдаланылады;
5) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес сәйкестiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру;
6) мемлекеттiк органдардың, соттың және құқық қорғау органдарының тапсырмасы бойынша орындалатын жұмыстар кезiнде пайдаланылатын өлшемдерге қолданылады.
13. Тәуекелдің төмен дәрежесіне өлшемдермен байланысты қызметтер жатады, олардың нәтижелері:
1) ғылыми зерттеулер жүргiзу;
2) ұлттық және халықаралық спорт рекордтарын тiркеу кезінде пайдаланылады.
14. Тәуекелдің жоғары (жоспарланған тексерістің жалпы санының (80%), орташа (15%) және төмен (5%) дәрежесіне жатқызылған техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы тексеру субъектілері тексеру жоспарына енгізіледі.
3. Тәуекел дәрежесiн бағалау субъективті критерийлерi
15. Техникалық реттеу саласында анықталған бұзушылықтардың ауырлығына қарай техникалық реттеу саласындағы тексеру субъектілеріне мынадай баллдар беріледі:
1) өнімнің қауіпсіздігі жөніндегі техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімді іске асыру – 20 балл;
2) сәйкестік сертификатынсыз (декларациясыз) немесе сәйкестік сертификатының (декларациясының) қолданыс мерзімі өткен, (қолдан жасалған, қолданыс мерзімі өткен немесе тоқтата тұрған) өнімді іске асыру – 20 балл;
3) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттың талаптарына сәйкес келмейтін өнімді іске асыру – 10 балл;
4) буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптарына сәйкес келмейтін өнімді іске асыру – 10 балл;
5) өнімді шығару (оның ішінде жөндеуден), жеткізу (іске асыру) немесе қолдану (пайдалану), тиісті нормативтік құжаттарсыз жұмыстарды және қызметтерді орындау – 10 балл.
16. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында анықталған бұзушылықтардың ауырлығына қарай өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы тексеру субъектілеріне мынадай баллдар беріледі:
1) мемлекеттік сынаудан немесе стандарттық үлгіден өтпеген, сондай-ақ салыстырып тексерілмеген немесе жөнделмеген өлшем құралдарды және стандарттық үлгілерді айналымға шығару – 20 балл;
2) мемлекеттік метрологиялық бақылауға жататын және метрологиялық аттестаттаудан өтпеген өлшемдерді орындау тәсілін қолдану – 20 балл;
3) Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тізіліміне енгізілмеген және (немесе) өлшем құралдарын салыстырып тексеруден және (немесе) калибрлеуден өтпеген өлшем құралдарын қолдану - 20 балл;
4) өлшем құралдарын дайындау, салыстырып тексеру және жөндеу, сондай-ақ стандарттық үлгілерді тиісті рұқсатсыз өндіру және метрологиялық аттестаттау – 10 балл;;
5) тауардың мөлшері тауардың орамында көрсетілген тауардың мөлшеріне сәйкес келмейтін өнімді іске асыру – 5 балл.
6) сауда операциялары кезінде бөлінетін тауарлардың санына сәйкес келмейтін өнімді іске асыру – 5 балл.
17. Мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды болғызбау кезінде тексерілген субъект мемлекеттiк метрологиялық бақылау аясындағы қызметтің түріне және іске асырылатын өнімнің түріне қарамастан тәуекелдің төменгі дәрежесіне ауыстырылады.
18. Баллдар қосылады және техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету саласындағы тексеру субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу үшін пайдаланылады.
19. Техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету саласындағы тексеру субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу мынадай үлгіде жүзеге асырылады:
тәуекелдің жоғары дәрежесі – 20 және одан жоғары;
тәуекелдің орташа дәрежесі – 10-нан 15 баллға дейін;
тәуекелдің төмен дәрежесі – 5 балл.
20. Техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету саласындағы тексеру субъектілерін тексеруді жоспарлау тәуекелдің бір дәрежесінің ішінде мына үлгіде жүзеге асырылады:
1) өнімді іске асыру саласында:
өндірілетін өнімнің ең көп көлемі;
тұтынушылар тарапынан шағымдар бойынша бұзушылықтардың расталған фактілерінің, соның ішінде Call-Орталыққа түскен хабарлар, техникалық реттеу саласында анықталған бұзушылықтар туралы бақылаушы мемлекеттік органдардың өтініштерінің болуы;
тексерілмеген ең көп мерзім.
2) метрологиялық бақылау саласында:
қолданылатын өлшем құралдарының ең көп саны;
тұтынушылар тарапынан шағымдар бойынша бұзушылықтардың расталған фактілерінің, соның ішінде Call-Орталыққа түскен хабарлар, техникалық реттеу саласында анықталған бұзушылықтар туралы бақылаушы мемлекеттік органдардың өтініштерінің болуы;
тексерілмеген ең көп мерзім.
21. Техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету субъектісі өлшемдерді бағалау нәтижелері бойынша тексеріс еселігімен тәуекел дәрежесіне жатқызылады:
Жоғары кезінде жылына бір рет;
Орташа кезінде үш жылда бір рет;
Төмен кезінде бес жылда бір рет.
4. Қорытынды ереже
22. Мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар жоспарлы тексерістерді жүзеге асыру үшін техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету субъектілерінің қауіп-қатер дәрежесі бойынша бөлу және қауіп-қатер дәрежесін бағалау өлшемдерін анықтауды жыл сайын жүзеге асырады.