Қолданушылардың назарына!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы» 2005 жылғы 30 шілдедегі № 269 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3822 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары туралы есепті қарау ережесі:
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
«13-1. Келесі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін банктің барынша төмен кредиттік рейтингі алдыңғы шығарылымдардың облигациялары айналыста бар болғанда «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В-»-тен немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасынан төмен емес болуы тиіс.»;
14-тармақтың екінші бөлігінде:
2) тармақшада:
«эмитенттің» деген сөз «банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның» деген сөздермен ауыстырылсын;
«.» деген тыныс білгісі «;» деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) келесі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды уәкілетті органға беру күнінде банктің осы Ереженің 13-1-тармағында белгіленген барынша төмен кредиттік рейтингі бар.».
2. Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға немесе орналастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 30 шілдедегі № 270 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3827 тіркелген, 2005 жылғы 2 желтоқсанда «Заң газеті» газетінде № 160-161 (785) санында жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттiң аумағында шығаруға немесе орналастыруға рұқсат беру ережесiнде:
1-1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңында көзделген жағдайларда банк қайта құрылымдауды өткізгенде, банк акцияларын шетел мемлекетінің аумағында орналастыру сонымен қатар Қазақстан Республикасының аумағында қызметті жүзеге асыратын қор биржасы тізімінің «Листингтік емес бағалы қағаздар» секторына осы бағалы қағаздарды енгізгенде де мүмкін болады.».
3. Агенттік Басқармасының «Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару жөнінде хабардар ету, туынды бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті беру, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес туынды бағалы қағаздарды шығаруға немесе шет мемлекет аумағында туынды бағалы қағаздарды орналастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 наурыздағы № 75 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4659 тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару жөнінде хабардар ету, туынды бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті беру, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес туынды бағалы қағаздарды шығаруға немесе шет мемлекет аумағында туынды бағалы қағаздарды орналастыруға рұқсат беру ережесінде:
мынадай мазмұндағы 5-2-тармақпен толықтырылсын:
«5-2. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңында көзделген жағдайларда банк қайта құрылымдауды өткізгенде, осы банктің бастамасы немесе қатысуымен шығарылатын және базалық активтері болып осы банктің акциялары табылатын туынды бағалы қағаздарды орналастыру сонымен қатар Қазақстан Республикасының аумағында қызметті жүзеге асыратын қор биржасы тізімінің «Листингтік емес бағалы қағаздар» секторына осы акцияларды енгізгенде де мүмкін болады.».
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Осы қаулының 2 және 3-тармақтарының қолданысы 2010 жылғы 01 ақпаннан бастап туындайтын қатынастарға таралады.
5. Лицензиялау департаменті (Н.Қ. Қасқаманова):
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
6. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова