Мемлекеттік астық ресурстарына агент пен отандық астық өндіруші, агент пен астық экспорттаушы арасындағы астықты жеткізу шартының үлгі нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 10 наурыздағы N 152 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 15 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6128 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 4-6/1112 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.12.2020 № 4-6/1112 (Осы бұйрық 2016 жылғы 2 қаңтардан бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік астық ресурстарына агент пен отандық астық өндіруші, агент пен астық экспорттаушы арасындағы астықты жеткізу шартының үлгі нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Күрішбаев


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 10 наурыздағы № 152
бұйрығымен бекітілген

      Yлгi нысаны

Мемлекеттік астық ресурстарына агент пен отандық астық өндіруші, агент пен астық экспорттаушы арасындағы астықты жеткізу шарты

      ___________ қ. ____ жыл "___" _________

      _________ бұдан әрі "Сатып алушы" деп аталатын ______________

      негізінде іс-әрекет ететін, __________________________ тұлғасында,

      бір жағынан, және _____________________ бұдан әрі "Жеткізуші" деп

      аталатын _______________ негізінде іс-әрекет ететін, ______________ тұлғасында, екінші жағынан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатын мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізуге осы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:

1. Шарттың мәні

      1.1. Жеткізуші Тапсырыс берушіге _____________________ жылғы өнімнен _______________ (дақыл атауы, сыныбы) келесі сапалық көрсеткіштермен жеткізуге міндеттенеді:

      _________________________________

      _________________________________

      табиғи салмағы ___ г/л кем емес;

      ылғалдылығы ___ % артық емес;

      дән маңызының салмақтық үлесі ____ % кем емес;

      арам шөп қоспасы ___ % артық емес;

      дән қоспасы ___% артық емес;

      белоктың салмақтық үлесі ___ артық емес;

      түсу саны ___ сек. кем емес;

      басқа сапалық көрсеткіштер – ____________________________

      ________________________________________________ (стандарт) (бұдан әрі – Тауар) бекітілген нормалар шегінде, ал Сатып алушы осы Шартпен белгіленген жағдайда Тауарды төлеу міндеттемелерін өз мойнына алады.

      Осы тармақта көрсетілген сапа көрсеткіштерінен төмен сапамен Тауар жеткізуге рұқсат етілмейді. Осы тармақта көрсетілген сапа көрсеткіштерінен жоғары сапамен тапсыралған Тауар қосымша төлеуге жатпайды және осы Шарттың 1.6 тармағында көрсетілген баға бойынша төленеді.

      1.2. Тауарды жеткізу көлемі _________ тонна.

      1.3. Тауарды жеткізу мерзімі 200__ "____"________ қоса алғанда.

      1.4. Тауарды жеткізу шарты - "франко-элеватор" EXW (Инкотермс-2000), Жеткізуші Сатып алушы таңдап алған астық қабылдау кәсіпорындарына Тауарды жеткізеді (бұдан әрі – АҚК).

      1.5. Шарттың 1.1. тармағында көрсетілген сапа көрсеткіштеріне жеткізуге дейін Тауарды өңдеу, қабылдау және Сатып алушыға астық қолхаты бойынша құқықты беру сәтіне дейін АҚК Тауарды сақтауға байланысты барлық шығындарды Жеткізуші көтереді.

      1.6. Тауардың бір тоннаға есептелген физикалық салмағының бағасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес анықталады.

2. Тауарға төлем төлеу тәртібі

      2.1. Сатып алушы жеткізілген Тауарға төлем төлеуді Жеткізуші Тауарды жеткізу бойынша міндеттемелерін орындағаннан кейін 5 (бес) банктік күні ішінде және Шарттың 1.6. тармағына сәйкес бағамен қабылдау-тапсыру актісіне Тараптар қол қойған күннен кейін жүзеге асырады.

      Бұл ретте Тауарды көктемгі жазғы қаржыландыру кезінде төлеу көктемгі-жазғы қаржыландыру сомасын және Тауардың құнынан ________ мөлшеріндегі дисконтты шегере отырып жүзеге асырылады.

      Сатып алушы Шарттың 2.2. тармағымен көзделген міндеттемелерді толық орындағаннан кейін ___ (______) банктік күн ішінде Жеткізушіге физикалық салмағы есептелген Тауардың 1 тоннасы үшін _______ (___________) теңге есебімен ____________________________ теңге мөлшерінде көктемгі-жазғы қаржыландыру сомасын төлейді.

      2.2. Жеткізуші 20___ жылғы "____"__________ дейінгі мерзімде Сатып алушыға __________________ енгізілген ___________________ теңге сомасына 20___ жылғы "____" ___________ қоса алғандағы мерзімге жарамды Сатып алушы белгілеген нысан бойынша ___________ (қамтамасыз ету түрі) (бұдан әрі – Қамтамасыз ету) ұсынады.

      2.3. Егер көктемгі-жазғы қаржыландыру сомасы жеткізілген Тауардың құнынан асып кетсе, онда Жеткізуші Сатып алушыға Шарттың 1.3. тармағында көрсетілген Тауарды жеткізу мерзімінен кейін _____ (____) банктік күн ішінде артық төленген ақша қаражатын қайтарып беруге міндеттенеді.

      2.4. Жеткізушінің көктемгі-жазғы қаржыландыру сомасын, Шарттың 2.3. тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қайтарып беруіне жол берілмейді.

3. Тауарды жеткізу тәртібі

      3.1. Астық мемлекеттік астық ресурстарына астық қолхаттарына индоссамент жасау арқылы жеткізіледі.

      Көктемгі-жазғы қаржыландыру кезінде: Тауарды жартылай жеткізген жағдайда кейіннен Қамтамасыз ету сомасын Шарт бойынша орындалған міндеттемелердің іс жүзіндегі сомасына азайту үшін қабылдау-тапсыру актісіне қол қояды.

      3.2. Жеткізуші Тауарды жеткізу кезінде Сатып алушыға құжаттардың толық топтамасын тапсырады:

      астық қолхаты және оның куәліктері бойынша құқықтың Сатып алушыға өтетінін куәландыратын беру жазбасы жазылған, жеткізілген Тауарға берілген астық қолхатының түпнұсқасы;

      АҚК-ның мөрімен расталған және астық қолхатын берген күні жазылған астықтың талдау карточкасы;

      Салық заңнамасының талаптарына сәйкес рәсімделген шот-фактураның түпнұсқасы.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      4.1. Тараптар осы шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе дұрыс орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілік жүктейді.

      Көктемгі-жазғы қаржыландыру кезінде: Жеткізуші Шарттың 2.3 – 2.4 тармақтарымен, 1 бөлімімен көзделген міндеттемелерді орындамаған/тиісті орындамаған жағдайда, Жеткізуші Қаржыландыру сомасынан ________________ мөлшерде айыппұл төлейді.

      4.2. Жеткізуші Қамтамасыз етуді бермеген не болмаса Қамтамасыз етуді осы Шарттың 2.2. тармағын бұзып берген жағдайда Сатып алушы бір тарапты соттан тыс тәртіппен Жеткізіп берушіге, Жеткізіп берушіге жазбаша хабарлама жіберу жолымен осы Шартты бұзуға құқықты. Бұл ретте осы Шарт бұзу туралы хабарлама жіберілген күннен бастап бұзылған болып есептеледі.

5. Дауларды қарастыру

      5.1. Осы Шарттан туындауы мүмкін барлық даулар мен келіспеушіліктер мүмкіндігінше Тараптар арасында келіссөздер жүргізу жолымен шешілетін болады.

      5.2. Егер Тараптар туындаған келіспеушіліктерді ерікті түрде реттей алмаған жағдайда олар Қазақстан Республикасының сот органдарында шешілетін болады.

6. Басқа шарттар

      6.1. Осы Шарт екі жақпен қол қойылған кезден бастап күшіне енеді және осы Шарт бойынша Тараптар өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін әрекет етеді.

      Көктемгі-жазғы қаржыландыру кезінде: Шарттың 4.2. тармағымен көзделген міндеттемелерді қоспағанда.

      6.2. Осы Шарттың барлық өзгерістері мен толықтырулары дұрыс, егер олар жазбаша түрде рәсімделген және екі Тараптың уәкілетті органдарымен қол қойылған және Тараптар мөрімен бекітілген болса.

      6.3. Осы Шарт мемлекеттік және орыс тілінде бірдей заң күші бар екі данада, әр Тарап үшін бір данадан құрылған және Тараптармен қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

7. Тараптардың қолдары мен деректемелері:

      САТЫП АЛУШЫ ЖЕТКІЗУШІ