Табиғат пайдаланушылардың тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2010 жылғы 23 ақпандағы N 45-ө және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 25 ақпандағы N 103 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 15 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6126 болып енгізілді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабы 38) тармақшасына және «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Табиғат пайдаланушылардың тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) (С.Х. Мұташев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен соң оны ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      4) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің инспекциялық тексеру жоспарын әзірлеу кезінде оны біркелкі пайдалану үшін белгіленген тәртіпте тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін қолдану рәсімін қамтамасыз етсін.
      3. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары осы бұйрық талаптарын зерделеуді және орындауды ұйымдастырсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі М.А. Тұрмағамбетовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми түрде жарияланғаннан кейiн он күнтізбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы            Қазақстан Республикасы
      Қоршаған ортаны                   Экономика және бюджеттік
      қорғау министрі                   жоспарлау министрі
      _____________ Н. Әшімов           ____________ Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы   
Қоршаған ортаны қорғау   
министрінің 2010 жылғы   
23 ақпандағы № 45-ө және 
Қазақстан Республикасы   
Экономика және бюджетті  
жоспарлау министрінің    
2010 жылғы 25 ақпандағы  
№ 103 бірлескен бұйрығымен
бекітілді         

Табиғат пайдаланушылардың тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

      1. Табиғат пайдаланушылардың тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен табиғат пайдаланушыларды тексеруді жоспарлау үшін әзірленді және табиғат пайдаланушының тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, табиғат пайдаланушыларды әртүрлі тәуекел дәрежесіне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы.
      2. Осы Критерийлерде мынадай ұғым қолданылады, экологиялық тәуекел – қоршаған ортаға зардаптың ауыртпалығы есебінен шаруашылық және өзге де қызмет нәтижесінде қоршаған орта және (немесе) табиғи объектілер жай-күйінің қолайсыз өзгерістерге ұшырау ықтималдығы.
      3. Табиғат пайдаланушының тәуекел дәрежесі объективті және субъективті факторлар бойынша анықталады.
      4. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес белгіленген табиғат пайдаланушының санаты объективті фактор табылады:
      I-II санаттар – тәуекел дәрежесі жоғары объектілер;
      III санат – тәуекел дәрежесі орташа объектілер;
      IV санат – тәуекел дәрежесі төмен объектілер.
      Ең алдымен объективті факторлар негізінде табиғат пайдаланушыларды тәуекел топтарына жатқызу бірінші рет жүзеге асырылуда.
      Алғаш рет пайда болған табиғат пайдаланушылар объективті факторлардан туындайтын тәуекел топтарына жатқызылады.
      Тексеру жоспарына енгізу өндірістік циклдің мынадай ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады:
      1) жыл бойы өндірістік қызметті жүзеге асыратын, бірақ жыл мезгіліне байланысты қоршаған ортаға барынша әсер ететін табиғат пайдаланушылар олардың барынша әсер ету кездерінде ғана тексеру жоспарына енгізіледі.
      2) өндірістік қызметті белгіленген жыл маусымдарында жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар олардың өндірістік қызметі кездерінде ғана тексеру жоспарына енгізіледі.
      5. Бір топ ішіндегі табиғат пайдаланушыларды тексеруді жоспарлау ең көп рұқсат етілген эмиссия көлеміне сүйене отырып жүзеге асырылады. Рұқсат етілген эмиссия көлемі ретінде экологиялық рұқсаттармен белгіленген жылына/тонна өлшем бірлігіндегі шығарындының, төгіндінің, қалдықтың рұқсат етілген мөлшерлерінің сомасы қабылданады.
      6. Объективті факторлар негізінде жүргізілген табиғат пайдаланушыны тексеру қорытындылары бойынша Критерийлерге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес субъективті факторлар бойынша бағалау жүзеге асырылады.
      7. Жүргізілген тексерулер нәтижелері бойынша, жиналған баллды ескере отырып, табиғат пайдаланушылар тиісті тәуекел тобына жатқызылады.
      8. Тәуекел дәрежесін бағалау жалпы балы бойынша I–III санаттардағы табиғат пайдаланушылар 11 баллға дейін – тәуекел дәрежесі төмен топқа, 11-ден 40 баллға дейін – тәуекел дәрежесі орташа топқа, 40 және одан да көп балл – тәуекел дәрежесі жоғары топқа жатқызылады.
      9. IV санаттағы табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға 300 айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) жоғары залал келтірілсе не (немесе) табиғат қорғау заңнамасының 5 және одан да көп бұзушылықтарына жол берсе, тәуекел дәрежесі орташа топқа енгізіледі.
      10. IV санаттағы табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға 300 АЕК кем залал келтірілсе не (немесе) табиғат қорғау заңнамасының 5 және одан аз бұзушылықтарына жол берсе, тәуекел дәрежесі төмен топқа енгізіледі.

Табиғат пайдаланушылардың
тәуекел дәрежесін бағалау
критерийлеріне 1-қосымша

I-III санаттағы табиғат пайдаланушылардың тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті факторлары

Критерийлер

балл

1

Қаражатты игеру жөніндегі табиғат қорғау іс-шараларының жоспарларын орындау

50% дейін

20

50-75%

15

75-99%

5

2

Зиянды заттардың шығарындылары мен төгінділерінің өндірістік экологиялық бақылауын жүргізу

жыл сайын

20

тоқсан сайын

15

ай сайын

10

апта сайын

5

күн сайын

0

3

Инспекциямен негізсіз деп танылған өтініштерді қоспағанда өтініш беруге себеп болған оқиға

1 оқиға үшін 10 балл

4

Табиғат қорғау заңнамасының бұзушылықтарына жол беру

1 бұзушылық үшін 5 балл

5

Қоршаған ортаға залал келтіру

залал құны 300 АЕК* жоғары

30

залал құны 300 АЕК* төмен

15

6

Қоршаған ортаға ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділерінің және өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру көлемдерін асыру

3 % жоғары

30

3 % дейін

15

7

Табиғат қорғау заңнамасының қайталанған бұзушылықтарына жол беру

соңғы 3 жылда 3 рет қайталанған заңнама нормаларының бұзушылықтары

30

соңғы 3 жылда 2 рет қайталанған заңнама нормаларының бұзушылықтары

15

8

Экологиялық рұқсаттың жоқ болуы немесе оның күшін жою


 

30

* АЕК – айлық есептік көрсеткіш.

Табиғат пайдаланушылардың
тәуекел дәрежесін бағалау
критерийлеріне 2-қосымша

IV санаттағы табиғат пайдаланушылардың тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті факторы

Критерийлер

Табиғат қорғау заңнамасының қайталанған бұзушылықтарына жол беру

Қоршаған ортаға залал келтіру 300 АЕК* жоғары және (немесе) 5-тен көп бұзушылық жасаса

5 және одан аз бұзушылық жасаса және (немесе) қоршаған ортаға залал келтіру 300 АЕК* төмен

* АЕК – айлық есептік көрсеткіш.