Электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарын, сондай-ақ тұтынушылардың электр және жылу пайдаланатын қондырғыларын пайдалануды жүзеге асыратын объектілерге арналған электр энергетикасы саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің м.а. 2010 жылғы 15 ақпандағы № 36 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 18 ақпандағы № 75 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 19 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6066 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 816 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 716 бірлескен бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.12.2015 № 816 және ҚР Энергетика министрінің 14.12.2015 № 716 бірлескен бұйрығымен.

      «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарын, сондай-ақ тұтынушылардың электр және жылу пайдаланатын қондырғыларын пайдалануды жүзеге асыратын объектілерге арналған электр энергетикасы саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті (В.Н. Чирков):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі Д.Н. Тұрғановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
      5. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланғаннан күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау министрі                                Б. Сұлтанов

      Қазақстан Республикасы
      Энергетика және минералдық
      ресурстар министрінің
      міндетін атқарушы                                 Д. Тұрғанов

Қазақстан Республикасы Энергетика
және минералдық ресурстар       
министрінің міндетін атқарушы   
2010 жылғы 15 ақпандағы № 36    
Қазақстан Республикасы Экономика
және бюджеттік жоспарлау министрінің
2010 жылғы 18 ақпандағы № 75    
бірлескен бұйрығымен бекітілген 

Электр станцияларының, электр және жылу желілерінің
энергетикалық жабдықтарын, сондай-ақ тұтынушылардың электр
және жылу пайдаланатын қондырғыларын пайдалануды жүзеге
асыратын объектілерге арналған электр энергетикасы саласындағы
тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері

      1. Электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарын, сондай-ақ тұтынушылардың электр және жылу пайдаланатын қондырғыларын пайдалануды жүзеге асыратын объектілерге арналған электр энергетикасы саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» және 2004 жылғы 9 шілдедегі «Электр энергетикасы туралы» заңдарына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) тәуекел – электр энергетикасы кәсіпорындарында және тұтынушылардың электр және жылу пайдаланатын қондырғыларында электр және жылу энергияларын толық жібермеуге және олардың ысырабына, сондай-ақ олардың зардаптарының қоғам үшін ауырлық дәрежесін ескере отырып, электр энергетикасы объектілерінің жұмыс істеуін бұзушылыққа соқтыратын авариялар мен істен шығулардың туындау ықтималдығы.
      2) тәуекелдерді бағалау жүйесі – электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік органның бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті орган тексерулерді жоспарлау мақсатында жүргізетін іс-шаралар кешені;
      3) тексеру объектісі – электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарын, сондай-ақ тұтынушылардың электр және жылу пайдаланатын қондырғыларын пайдалануды жүзеге асыратын нарық субъектісі.
      4) тәуекелдер картасы – тәуекелдердің олардың қайталану жиілігін және белгіленген бастапқы мәндерін көрсететін сандық сипаттамаларының графикалық баяндалуы.
      3. Электр энергетикасы саласындағы тәуекелдерді бағалау жүйесімен жұмыс істеудің бастапқы сатысында тексеру объектілері мәнділік деңгейіне қарай былайша бөлінген:
      1) энергетика саласының жоғары мәнді объектілеріне мыналар жатады:
      электр энергиясын өндіру – тұтыну деңгейі 300 МВт және одан да жоғарыны құрайтын объектілер;
      жүйелік оператордың энергетика объектілері;
      2) энергетика саласының орташа мәнді объектілеріне мыналар жатады:
      электр энергиясын өндіру – тұтыну деңгейі 100 МВт-тан 300 МВт-қа дейін құрайтын объектілер;
      өңірлік энергетикалық компаниялардың электр және жылу желілері;
      3) энергетика саласының төмен мәнді объектілерге мыналар жатады:
      электр энергиясын өндіру – тұтыну деңгейі 1 МВт-тан 100 МВт-қа дейін құрайтын объектілер;
      аудандық электр және жылу желілері;
      электр энергиясын тұтыну деңгейі 1 МВт-тан 100 МВт-қа дейін құрайтын электр және жылу пайдалану қондырғылары.
      4. Одан әрі жоғары, орташа және төмен мәнді объектілердің әрбір тобы үшін қайталанатын бұзушылықтардың жиілігін айқындайтын және олардың саны бойынша баллдар сомасын көрсететін жеке тәуекелдер картасы жасалады.
      Бұл ретте карталарда объектілерді тәуекелдер дәрежесі бойынша бөлу жүргізіледі. Әрбір тәуекел дәрежесіне бастапқы мән сәйкес келеді, оның деңгейі тексеру объектісінің мәнділік деңгейіне қарай өзгереді:
      1) жоғары мәнді тексеру объектілеріне арналған жеке тәуекелдер картасында мынадай тәуекел дәрежесі және тиісті бастапқы мәндер белгіленеді:
      жоғары тәуекел дәрежесі – бастапқы мәні 40 балл;
      орташа тәуекел дәрежесі – бастапқы мәні 30 балл;
      болмашы тәуекел дәрежесі – бастапқы мәні 20 балл.
      2) орташа мәнді тексеру объектілеріне арналған жеке тәуекелдер картасында мынадай тәуекел дәрежесі және тиісті бастапқы мәндер белгіленеді:
      жоғары тәуекел дәрежесі – бастапқы мәні 50 балл;
      орташа тәуекел дәрежесі – бастапқы мәні 40 балл;
      болмашы тәуекел дәрежесі – бастапқы мәні 30 балл.
      3) төмен мәнді тексеру объектілеріне арналған жеке тәуекелдер картасында мынадай тәуекел дәрежесі және тиісті бастапқы мәндер белгіленеді:
      жоғары тәуекел дәрежесі – бастапқы мәні 60 балл;
      орташа тәуекел дәрежесі – бастапқы мәні 50 балл;
      болмашы тәуекел дәрежесі – бастапқы мәні 40 балл.
      5. Тексеру объектілерін тәуекелдер дәрежесіне жатқызу бұзушылықтар бойынша балдардың жиынтығымен айқындалады.
      Бұзушылықтар бойынша балдардың жиынтығының өзгеруі тексеру объектісіне келесі жоспарлы тексеру өткізу мерзімін айқындайтын тәуекел дәрежесін беруге мүмкіндік туғызады.
      6. Тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлеріне, көрсетілген балдарымен бірге электр және жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және тұтыну кезіндегі бұзушылықтардың мынадай түрлері жатады:
      авариялар – 20 балл (бұл ретте, егер авария жарылысқа, жануға, өртке немесе электр желісінің тұрақтылығын бұзуға соқтырса; егер аварияға оперативтік/оперативтік емес персоналдың қате әрекеттері немесе кәсіпорынның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшелерінің басқарушы персоналының кемшіліктері себеп болса, 5 балл қосылады);
      1 дәрежелі істен шығулар – 10 балл (бұл ретте, егер 1 дәрежелі істен шығу жарылысқа, жануға, өртке немесе электр желісінің тұрақтылығын бұзуға соқтырса; егер аварияға оперативтік/оперативтік емес персоналдың қате әрекеттері немесе кәсіпорынның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшелерінің басқарушы персоналының кемшіліктері себеп болса, 5 балл қосылады);
      2 дәрежелі істен шығулар – 0,2 балл (бұл ретте, егер 2 дәрежелі істен шығу жарылысқа, жануға, өртке немесе электр желісінің тұрақтылығын бұзуға соқтырса; егер аварияға оперативтік/оперативтік емес персоналдың қате әрекеттері немесе кәсіпорынның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшелерінің басқарушы персоналының кемшіліктері себеп болса, 5 балл қосылады);
      негізгі энергетикалық жабдықтың 2/3 бөлігінен астам ресурсының таусылуы – 20 балл (нормативтік ресурстың 90 %-дан астамы);
      негізгі энергетикалық жабдықтың 2/3 бөлігінен астам ресурсының таусылуы – 10 балл (нормативтік ресурстың 75 %-дан 90 %-ға дейінгісі);
      тексеру нәтижесінде айқындалған техникалық қызмет көрсету мен жабдықты жөндеуді ұйымдастырудың қанағаттанғысыздығы 20 балл;
      электр энергиясының нормативтен тыс ысырабының болуы – 20 балл;
      жылу желілеріндегі нормативтен тыс ысыраптың болуы – 20 балл;
      энергия көздері үшін электр және жылу энергиясының орташа жылдық толық босатылмауының болуы – 20 балл;
      энергетикалық жабдықты пайдалану кезінде персоналдың қате әрекеттерінің салдарынан және энергетикалық жабдықтың қанағаттанғысыз техникалық жағдайынан болған жазатайым жағдайлар – 20 балл (өлім болғанда);
      1 және одан да көп күнге авария салдарынан еңбек қабілетін жоғалту – 10 балл;
      1 және одан да көп күнге негізгі жұмыстан басқа жұмысқа ауыстыру – 5 балл.
      Бірнеше бұзушылық болған жағдайда балдар қосылады.
      7. Тексерулер жүргізу жоспарына бірінші кезекте енгізуге бұзушылықтар бойынша жиналған балдары белгіленген бастапқы мәннен асатын және ең көп объектілер жатады.
      8. Бұзушылықтар санын айқындауға арналған мәліметтер ретінде тексеру объектілері белгіленген статистикалық нысандар бойынша ұсынатын деректері пайдаланылады.