"Электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарын, сондай-ақ тұтынушылардың электр және жылу пайдаланатын қондырғыларын пайдалануды жүзеге асыратын объектілерге арналған электр энергетикасы саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 816 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 716 бірлескен бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. «Электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарын, сондай-ақ тұтынушылардың электр және жылу пайдаланатын қондырғыларын пайдалануды жүзеге асыратын объектілерге арналған электр энергетикасы саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 18 ақпандағы № 75 және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің м.а. 2010 жылғы 15 ақпандағы № 36 бірлескен бұйрығының (ҚР нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6066 болып тіркелген, 2010 жылғы 17 наурыздағы № 39 (1661) «Заң газеті» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті:
      1) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін қол қойылған күнінен бастап бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бірлескен бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының       Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі       Энергетика министрі
      ___________ Е. Досаев           ___________ В. Школьник