Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Заң департаменті (Н.В. Сәрсенова):
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» және «Атамекен» Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестіктеріне мәлімет үшін жіберсін.
4. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2010 жылғы
27 желтоқсан № 184 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық
актілеріне енгізетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесі
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi түрде қайта құру ережесiн бекiту туралы» 2001 жылғы 3 наурыздағы № 54 қаулысында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1475 тіркелген, 2001 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, № 23, 412-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi түрде қайта құру ережесiнде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Сақтандыру ұйымы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ерікті қайта құруды жүргізуге берген рұқсатын алғаннан кейін, он төрт күнтізбелік күн ішінде өзінің барлық сақтанушыларына және өзге де кредиторларына алдағы болатын қайта құру туралы жазбаша хабарлайды және тиісті хабарландыруды республикалық екі газетке жариялайды.»;
11-тармақта:
бірінші абзацта «күннiң» деген сөз «күнтізбелік күн» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшаның екінші абзацында «бөлу балансы бекiтiлген күннен бастап бiр апталық мерзiмде» деген сөздер «бөлу балансы бекiтiлген күннен бастап жеті күнтізбелік күн ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«хабарлауға мiндеттi» деген сөздер «хабарлайды» деген сөзбен ауыстырылсын;
11-2-тармақтың екінші бөлігі алынып тасталсын;
12-тармақ «жеті» деген сөзден кейін «күнтізбелік» деген сөзбен толықтырылсын;
13-тармақта «өтiнiш беруге мiндеттi» деген сөздер «өтініш береді» деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақта:
«жеті» деген сөзден кейін «күнтізбелік» деген сөзбен толықтырылсын;
«хабарлауға мiндеттi» деген сөздер «хабарлайды» деген сөзбен ауыстырылсын;
16-тармақта:
«он төрт» деген сөздерден кейін «күнтізбелік» деген сөзбен толықтырылсын;
«өтiнiш беруге мiндеттi» деген сөздер «өтініш береді» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі туралы» 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 120 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1532 тіркелген):
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі туралы ережесінде:
19-1-тармақта «күндік мерзімде» деген сөздер «күнтізбелік күн ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
25-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Лицензия беруден мынадай негіздемелер бойынша бас тартылады:»;
39-тармақ «он» деген сөзден кейін «күнтізбелік» деген сөзбен толықтырылсын;
46-тармақта «он күндік мерзім ішінде» деген сөздер «он күнтізбелік күн ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Агенттік Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ, еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу ережесiн бекiту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 50 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4171 тіркелген):
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ, еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу ережесінде:
10-4-тармақта «күндік мерзімде» деген сөздер «жұмыс күн ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақта «қолдана алады» деген сөздер «қолданады» деген сөзбен ауыстырылсын.
4. Агенттік Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 122 қаулысында(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4731 тіркелген):
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру ережесінде:
13-тармақтың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.
5. Агенттік Басқармасының «Банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларының есеп беру ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 275 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5114 тіркелген):
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктердің ірі қатысушыларының және банк холдингтерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларының есеп беру ережесінде:
5-тармақта «жүз жиырма» деген сөздерден кейін «күнтізбелік» деген сөзбен толықтырылсын;
6-тармақта:
бірінші бөлікте «қырық бес», «жүз жиырма» деген сөздерден кейін «күнтізбелік» деген сөзбен толықтырылсын;
екінші бөлікте «жүз жиырма» деген сөздерден кейін «күнтізбелік» деген сөзбен толықтырылсын;
төртінші бөлікте «қырық бес» деген сөздерден кейін «күнтізбелік» деген сөзбен толықтырылсын;
9-тармақтың бірінші бөлігінде «отыз» деген сөзден кейін «күнтізбелік» деген сөзбен толықтырылсын;
10-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацында «отыз» деген сөзден кейін «күнтізбелік» деген сөзбен толықтырылсын;
11-тармақтың бірінші бөлігінде «жүз жиырма» деген сөздерден кейін «күнтізбелік» деген сөзбен толықтырылсын;
12-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацында «күндік мерзімде» деген сөздер «күнтізбелік күн ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі туралы» 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 120 қаулысына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 132 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6550 тіркелген):
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұсынылып отырған Сақтандыру нарығында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және одан айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру, тәуелсіз актуарийдi тарту, тәуелсіз актуарийдiң актуарлық есептердің шынайылығын тексеру нәтижесін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға беру тәртібі туралы ереже бекітілсін және Ереже мен осы қаулы 2001 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілсін.»;
жиырма тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру рыногында актуарийлiк
қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік
қызметті жүзеге асыруға лицензия
беру, қолданылуын тоқтату және
айыру, актуарийлердің біліктілік
емтиханын тапсыру тәртібі туралы,
тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз
актуарийдің қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі уәкілетті мемлекеттік
органға актуарлық есеп айырысулардың
дұрыстығын тексеру нәтижелерін беру
ережесіне 1-қосымша»;
1-1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру рыногында актуарийлiк
қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік
қызметті жүзеге асыруға лицензия
беру, қолданылуын тоқтату және
айыру, актуарийлердің біліктілік
емтиханын тапсыру тәртібі туралы,
тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз
актуарийдің қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі уәкілетті мемлекеттік
органға актуарлық есеп айырысулардың
дұрыстығын тексеру нәтижелерін беру
ережесіне 1-1-қосымша»;
осы қаулының қосымшасына сәйкес 1-2-қосымшамен толықтырылсын;
4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру рыногында актуарийлiк
қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік
қызметті жүзеге асыруға лицензия
беру, қолданылуын тоқтату және
айыру, актуарийлердің біліктілік
емтиханын тапсыру тәртібі туралы,
тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз
актуарийдің қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі уәкілетті мемлекеттік
органға актуарлық есеп айырысулардың
дұрыстығын тексеру нәтижелерін беру
ережесіне 4-қосымша»;
5-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру рыногында актуарийлiк
қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік
қызметті жүзеге асыруға лицензия
беру, қолданылуын тоқтату және
айыру, актуарийлердің біліктілік
емтиханын тапсыру тәртібі туралы,
тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз
актуарийдің қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі уәкілетті мемлекеттік
органға актуарлық есеп айырысулардың
дұрыстығын тексеру нәтижелерін беру
ережесіне 5-қосымша»;
6-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру рыногында актуарийлiк
қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік
қызметті жүзеге асыруға лицензия
беру, қолданылуын тоқтату және
айыру, актуарийлердің біліктілік
емтиханын тапсыру тәртібі туралы,
тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз
актуарийдің қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі уәкілетті мемлекеттік
органға актуарлық есеп айырысулардың
дұрыстығын тексеру нәтижелерін беру
ережесіне 6-қосымша»;
7-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру рыногында актуарийлiк
қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік
қызметті жүзеге асыруға лицензия
беру, қолданылуын тоқтату және
айыру, актуарийлердің біліктілік
емтиханын тапсыру тәртібі туралы,
тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз
актуарийдің қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі уәкілетті мемлекеттік
органға актуарлық есеп айырысулардың
дұрыстығын тексеру нәтижелерін беру
ережесіне 7-қосымша»;
қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру рыногында актуарийлiк
қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік
қызметті жүзеге асыруға лицензия
беру, қолданылуын тоқтату және
айыру, актуарийлердің біліктілік
емтиханын тапсыру тәртібі туралы,
тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз
актуарийдің қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі уәкілетті мемлекеттік
органға актуарлық есеп айырысулардың
дұрыстығын тексеру нәтижелерін беру
ережесіне 1-2-қосымша».