«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық Кодексі) 653-бабы 6-тармағының 4) тармақшасына, «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 4-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес этил спиртімен алкоголь өнімінің айналымына бақылауды күшейту мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Этил спирті мен алкоголь өнімін өткізу және тасымалдау кезінде оларға ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу, тапсырыс беру, алу, беру, есепке алу, сақтау және табыс ету тәртібін бекіту туралы Ережелер бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйырықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 29 желтоқсан
№ 670 бұйрығымен бекітілген
Этил спирті мен алкоголь өнімін өткізу және тасымалдау кезінде
оларға іліспе жүкқұжаттарын ресімдеу, тапсырыс беру, алу,
беру, есепке алу, сақтау және табыс ету Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Этил спирті мен алкоголь өнімін өткізу және тасымалдау кезінде оларға іліспе жүкқұжаттарын ресімдеу, тапсырыс беру, алу, беру, есепке алу, сақтау және табыс етудің Ережесі (бұдан әрі - Ережесі) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық Кодексі) 653-бабы 6-тармағының 4) тармақшасына, «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 4-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Осы Ереже заңды және жеке тұлғалармен (бұдан әрі - жеткізуші) этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін өткізу (жіберу), қайтару, тасымалдау бойынша операцияларын жүргізу кезінде іліспе жүк құжаттарын (бұдан әрі - ІЖҚ) ресімдеу, тапсырыс беру, алу, беру, есепке алу, сақтау және табыс ету тәртібін белгілейді.
3. Этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін өткізу (жіберу), қайтару, тасымалдау бойынша операцияларын жүргізу кезінде (Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өту орнынан жеткізу орнына дейін импортталатын алкоголь өнімін тасымалдаудан басқа), жеткізуші мiндеттi тәртiппен осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысанда ІЖҚ ресiмдейдi.
4. Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналым саласында жүзеге асыру және бақылау функцияларды орындайтын мемлекеттік орган уәкілетті орган болып табылады.
2. Іліспе жүк құжаттарын ресімдеу, тапсырыс беру, алу,
беру және табыс етуді ресімдеу
5. ІЖҚ этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін жеткізушімен мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде «Салық төлеушінің кабинеті» Интернет-ресурсы (web-қосымшасы) арқылы (бұдан әрі - Бағдарлама) электрондық түрде ресімделеді.
Бағдарлама уәкілетті органының Интернет-ресурсында (web-порталында) орналасады және салық төлеушілермен пайдалану үшін қол жетімді болып табылады.
6. Алушымен жеткізушіге ІЖҚ тапсырыс беру этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін өткізуге (жіберу) көлемдеріне тапсырыс беру жолымен жүзеге асырылады.
7. ІЖҚ келесі мыналар көрсетіледі:
1) нөмір (Бағдарламамен автоматты түрде беріледі);
2) ресімдеу мерзімі (Бағдарламамен автоматты түрде беріледі);
3) операция коды (Бағдарламаның анықтамасынан таңдалынады);
4) жеткізушінің салық төлеуші тіркеу нөмірі (бұдан әрі - СТН);
5) жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН), бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН);
6) жеткізушінің атауы (осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді енгізу кезінде Бағдарламамен автоматты түрде беріледі);
7) лицензия нөмірі және жеткізушінің лицензияда көрсетілген мекен-жайы (осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді енгізу кезінде қалыптасқан тізімнен таңдап алынады);
8) жеткізушінің түрі (Бағдарламаның бейнеленген тізімінен таңдап алынады);
9) алушының СТН жеткізушімен енгізіледі;
10) алушының ЖСН/БСН жеткізушімен енгізіледі;
11) алушының атауы (осы тармақтың 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді енгізу кезінде Бағдарламамен автоматты түрде беріледі);
12) лицензия нөмірі және алушының лицензияда көрсетілген мекен-жайы (осы тармақтың 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді енгізу кезінде Бағдарламамен автоматты түрде беріледі, этил спиртін медициналық мақсаттарға және техникалық мұқтаждықтарға алмағанда);
13) алкоголь өнімін алуға алушы сенімхатының (болған кезінде) мерзімі және нөмірі жеткізушімен енгізіледі;
14) келісімнің (болған кезінде) нөмірі және мерзімі жеткізушімен енгізіледі;
15) көлік құралының түрі (Бағдарламаның бейнеленген тізімінен таңдап алынады);
16) алкоголь өнімін тасымалдауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға (болған кезінде) туралы мәліметтер жеткізушімен енгізіледі;
17) көлік құралы туралы ақпарат (автомобиль көлігімен тасымалдағанда көлік құралының маркасы, мемлекеттік нөмірі) жеткізушімен енгізіледі;
18) жабдықтаушы туралы ақпарат (жабдықтаушының, жүргізушінің аты-жөні) (болған кезінде) жеткізушімен енгізіледі;
19) сатылатын (тиеп - жөнелтілетін) этил спиртінің саны (литрде көрсетіледі). Осы тармақшада және осы тармақтың 36) тармақшасында аталған ақпараттар этил спиртін сату (тиеп-жөнелту) кезінде толтыру үшін міндетті, осымен бірге тиісті ұяшығында тиеп жөнелтілетін спиртінің саны көрсетіледі:
алкоголь өнімінің өндірісі үшін;
медициналық мақсатта;
техникалық мақсатта;
20) сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) шарап материалының саны (литрде көрсетіледі). Осы тармақшада және осы тармақтың 36) тармақшасында көрсетілген ақпараттар шарап материалын сату (тиеп-жөнелту) кезінде толтыру үшін міндетті, осымен бірге тиісті ұяшықта тиеп-жөнелтілетін шарап материалының саны көрсетіледі:
алкоголь өнімінің өндірісіне;
коньяк спиртінің өндірісіне (тікелей немесе боза айыру жолымен шарап материалынан алынатын этил спирті);
21) сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) алкоголь өнімінің жалпы саны (осы тармақтың 28) тармақшасында көрсетілген алкоголь өнім санын қосу жолымен Бағдарламамен автоматты түрде көрсетіледі).
Осы тармақшада және осы тармақтың 22)-28) және 36) тармақшаларында көрсетілген ақпараттар алкоголь өнімін сату (тиеп-жөнелту) кезінде толтыру үшін міндетті;
22) жолдың реттік нөмірі;
23) алкоголь өнімінің жеке сәйкестендіру коды (бұдан әрі – ЖСК) (Бағдарламаның ЖСК анықтамалығынан таңдап алынады);
24) өнім түрі (ЖСК енгізу кезінде Бағдарламамен автоматты түрде беріледі);
25) өнім атау (ЖСК енгізу кезінде Бағдарламамен автоматты түрде енгізіледі);
26) ыдыстың сыйымдылығы (ЖСК енгізу кезінде Бағдарламамен автоматты түрде беріледі);
27) шөлмектің саны жеткізушімен енгізіледі;
28) сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) алкоголь өнімінің саны (осы тармақтың 26) және 27) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерін көбейту жолымен Бағдарламамен автоматты түрде литрде беріледі;
29) жеткізушімен берілетін ІЖҚ нөмірі (алкоголь өнімді қайтару жағдайында ғана толтырылады);
30) сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) сыраның жалпы саны осы тармақтың 34) тармақшасында көрсетілген сыра санын қосу жолымен (Бағдарламамен автоматты түрде көрсетіледі).
Осы тармақшада және осы тармақтың 31)-34) және 36) тармақшаларында көрсетілген ақпараттар алкоголь өнімін сату (тиеп-жөнелту) кезінде толтыру үшін міндетті;
31) сыраның атауы жеткізушімен енгізіледі;
32) сыраға арналған ыдыстың сыйымдылығы жеткізушімен енгізіледі;
33) ыдыстың, шөлмектің, кег-бөшкенің саны жеткізушімен енгізіледі;
34) сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) сыраның саны (осы тармақтың 32) және 33) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерін көбейту жолымен Бағдарламамен автоматты түрде литрде беріледі);
35) жеткізушімен берілетін ІЖҚ нөмірі (сыраны қайтару жағдайында ғана толтырылады);
36) басшысының тегі, аты, әкесінің аты жеткізушімен толтырылады;
37) бухгалтердің болған кезінде тегі, аты, әкесінің аты жеткізушімен толтырылады.
8. Уәкілетті органның серверіне ІЖҚ жөнелтуден кейін қағаз жүзінде екі данада басып шығарылады, басшысының, бухгалтердің болған кезінде қолдары қойылады, сондай ақ жеткізушінің мөрімен расталады (жеке кәсіпкерлер үшін бар болған жағдайында).
9. Жеткізу орнына дейін тасымалдау кезінде этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін алып жүру үшін ІЖҚ қағаз жүзіндегі бір данасы тасымалдаушыға беріледі (алушының өкілдігі), ол кейінен аталған тауарды алушыға тапсырылады.
10. ІЖҚ екінші данасы этил спирті және алкоголь өнімін жеткізушіде сақталады.
11. ІЖҚ Бағдарламада ІЖҚ алуды дәлелдеу жолымен электрондық түрде алушылармен тапсырылады.
Этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін жеткізушілер (медициналық және техникалық мақсаттарға этил спиртін алушылардан басқа) тауарды алғаннан кейін жеткізушімен ІЖҚ ресімдеу мерзімінен он бес күнтізбелік күн ішінде ІЖҚ алуды электрондық түрде дәлелдейді.
12. Осы Ереженің 7-тармағымен белгіленген толық емес (және) дәйексіз мәліметтермен ІЖҚ ресімдеу, осындай ІЖҚ ресімдеу күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде жойылуға жатқызылады.
13. ІЖҚ жою жағдайында жаңадан ІЖҚ шығарылады.
3. Iлеспе жүкқұжаттарының есепке алу және сақтау
14. ІЖҚ есебі осы Ережеге 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ІЖҚ Бағдарламасының тізілімінде жүргізіледі.
15. Қағаз жүзіндегі ІЖҚ жеткізушіде және алушыда бес жыл ішінде сақталынады.
16. Жеткізушіні (алушыны) қайта ұйымдастыру кезінде - заңды тұлғаны, қайта ұйымдастырылған тұлғасы бойынша ІЖҚ сақтау міндеттемесі оның құқық мұрагеріне жүктеледі.
Этил спирті мен алкоголь өнімін
өткізу және тасымалдау кезінде
оларға ілеспе жүкқұжаттарын
ресімдеу, тапсырыс беру, алу,
беру, есепке алу, сақтау және
табыс ету тәртібін бекіту туралы
Ережесіне 1-қосымша
нысан
Ілеспе жүкқұжаты № Ресімделген күні: ____ __ ____ Операцияның коды _________ |
|||||||
Жеткізушінің СТН-і _____________________ |
Алушының СТН-і _________________________ |
||||||
Келісім-шарттың нөмірі ___________ Келісім-шарттың жасалған күні _____________ |
|||||||
Көліктің түрі: |_| Авто |_| ТЖ |_| Әуе |_| Теңіздік немесе ішкі су Тасушының атауы _________________________________________________________________ |
|||||||
Сатылатын (тиеліп жөнелтілетін) этил спиртінің саны: _____ (литр) Алкоголь өнімін |
|||||||
Сатылатын (тиеліп жөнелтілетін) шарап материалының саны: ___ (литр) |
|||||||
Сатылатын (тиеліп жөнелтілетін) алкоголь өнімінің (арақ, коньяк, бренди, шарап, ЛАБ) барлық саны: ______ (литр) |
|||||||
№ |
Пин-код |
Өнімнің түрі |
Өнімнің атауы |
Ыдыстың сыйымдылығы (литр) |
Шөлмектердің саны |
Литр |
Жеткізушімен толтырылған ІЖҚ-ң нөмірі (алкоголь өнімі қайта берілгенде) |
Жолдардың барлық саны: _______ |
|||||||
№ |
Сыраның атауы |
Ыдыстың сыйымдылығы (литр) |
Ыдыстардың, кег-бөшкелердің,шөлмектердің саны |
Литр |
Жеткізушімен толтырылған ІЖҚ-ң нөмірі (сыра қайта берілгенде) |
||
Жолдардың барлық саны: _______ |
|||||||
Басшының Т. А. Ә.: _______________________ __________________ МО: Бухгалтердің Т. А. Ә.: ______________________ __________________ |
* - 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап толтырылады
Этил спирті мен алкоголь өнімін
өткізу және тасымалдау кезінде
оларға ілеспе жүкқұжаттарын
ресімдеу, тапсырыс беру, алу,
беру, есепке алу, сақтау және
табыс ету тәртібін бекіту туралы
Ережесіне 2-қосымша
ІЖҚ-і тіркеу журналы |
||||||||||
ІЖҚ-ың күні ІЖҚ-ы растау / __ ж. __ ___ бастап __ж. __ ___ дейін ауытқыту күні __ ж. __ __ Жеткізушінің СТН-і ____________________ Алушының СТН-і __________________ ІЖҚ-ың нөмірі:_________________ ІЖҚ-ың статусы:|_| алғашқы түрі |_| жойылған |
||||||||||
№ |
ІЖҚ-ың күні |
ІЖҚ-ың нөмірі |
Жеткізушінің СТН-і |
Жеткізушінің ЖСН/БСН-і* |
Алушының СТН-і |
Алушының ЖСН/БСН-і* |
ІЖҚ-ы растау/ауытқыту күні |
Өткен күндердің саны |
Статусы |
Әрекеттер |
Көрсетілетін жолдардың барлық саны: _______ |
* - 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап толтырылады