Оралман мәртебесін беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер мнистрінің 2010 жылғы 15 қарашадағы № 476 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6698 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-ө-м бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.07.2013 № 329-ө-м бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 34-бабы 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Оралман мәртебесін беру ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрдің міндетін атқарушының № 224-ө «Оралман мәртебесін беру ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 27 қыркүйектегі бұйрығының күші жойылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4964 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2007 жылы 8 қарашада № 171 (1200) жарияланған).
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары А.В. Кулиничке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы комитетіне жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    С. Баймағанбетов

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2010 жылғы 15 қарашадағы
№ 476 бұйрығымен  
бекітілген    

Оралман мәртебесін беру ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Оралман мәртебесін беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Халықтың көші-қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 6-тармағына сәйкес әзірленді және оралман мәртебесін беру тәртібін көздейді.
      2. Осы Ереженің әрекеті Қазақстан Республикасы егемендік алған сәтте одан тыс жерлерде тұрақты тұрған және тұрақты тұру мақсатымен Қазақстанға келген ұлты қазақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға таратылады.

2. Оралман мәртебесін беру туралы өтініш беру және оны тіркеу тәртібі

      3. Оралман мәртебесін беру туралы өтінішті отбасының кәмелетке толған мүшелерінің бірі Ішкі істер департаментінің Көші-қон полициясы басқармасына (бұдан әрі - ІІД КҚПБ) жеке тапсырады. Жеке өтініш жасау мүмкін болмаған жағдайда, өтініш беруші уәкілетті өкілге оралман мәртебесін беру туралы өтініш білдіруге нотариалды куәландырылған сенімхат береді.
      4. Өтініш беруші мынадай құжаттар:
      1) оралман мәртебесін беру туралы өтініш (1-қосымша);
      2) өмірбаян (ерікті түрде);
      3) өтініш беруші мен онымен бірге қоныс аударған отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін (паспорттар, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәліктері), сондай-ақ өтініш берушінің осы Ереженің 2-тармағының талаптарына сәйкес келетіндігін анықтайтын құжаттарды ұсынады.
      5. Оралман мәртебесін беру туралы өтінішті тіркеу өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің деректері «Оралман» электрондық деректер базасына енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.
      Өтінішті тіркеу ресімделгенге дейін ІІД КҚПБ «Оралман» электрондық деректер базасы арқылы өтініш берушінің деректерін оның басқа ІІД КҚПБ-да тіркелу мәніне тексереді. Өтініш иесінің басқа ІІД ККДБ-да тіркелгені анықталған жағдайда, өтініш білдірушінің арызы жаңа орны бойынша тіркелмейді. Мұндай жағдайда өтініш беруші адам бұрын құжаттарын өткізген ІІД КҚПБ-ға оларды ауыстыру туралы өтініш береді.
      6. Өтініштерді тіркеу оралман мәртебесін беру туралы өтініш білдіруші адамдарды тіркеу журналында (2-қосымша) өтініш берілген күні жүзеге асырылады және өтініш берушіге оның тіркелгені туралы жазбаша хабарлама беріледі.
      7. Өтініш беруші осы Ереженің 4-тармағында көзделген құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда өтініш қабылданбайды.

3. Оралман мәртебесін беру тәртібі

      8. IIД КҚПБ-да тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, ІІД КҚПБ оралман мәртебесін беру не болмаса одан бас тарту туралы шешім (3-қосымша) қабылдайды.
      9. Оралман деп танылған адамдарға белгіленген үлгідегі оралман куәлігі (4-қосымша) беріледі, ол оралман куәлігін беруді есепке алу журналында (5-қосымша) тіркеледі.
      10. Оралман куәлігі оралман отбасының кәмелетке толған әрбір мүшесіне беріледі. Оралман отбасының кәмелетке толмаған мүшелері өтініш берушінің оралман куәлігіне жазылады.
      11. Оралман куәлігі қатаң есептегі құжат болып табылады және оның мәртебесін растау үшін негіз болады.
      12. Оралман мәртебесін беру туралы өтініш білдіруші адам осы Ереженің 2-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда ғана оған оралман мәртебесін беруден бас тартылуы мүмкін. Бас тартылған жағдайда өтініш білдіруші адамға жазбаша түрде тиісті шешім жолданады.
      13. ІІД КҚПБ-ның шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған уәкілетті органға немесе сотқа шағымдануға болады.
      14. Оралман куәлігі жоғалған жағдайда оның иесі ІІД КҚПБ-ға куәліктің жоғалғаны және құжаттың телнұсқасын беру туралы қарапайым нұсқада өтініш береді. IIД КҚПБ өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, оралман куәлігінің телнұсқасын береді, оған «телнұсқа» деген мөртаңба қойылады.

Оралман мәртебесін
беру ережесіне
1-қосымша  

Нысан

Кімге_________________________________________
/ІІД КҚПБ басшысының лауазымы, тегі, аты жөні/
кімнен________________________________________
              (мекен-жайында тұратын)       
______________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты) 

Оралман мәртебесін беру туралы өтініш

__________________________ облысына (республикалық маңызы бар қалаға, елордаға) тұрақты тұруға келуіме байланысты маған оралман мәртебесін беруіңізді сұраймын.
      Отбасымның құрамында:
_____________________________________________________________________
_________________________________________________________________бар.
      Өтінішке мынадай құжаттарды:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
қоса беремін.

20___ жылғы «___»______________             ________________________
                                            (өтініш берушінің қолы)

      Құжаттарды қабылдаған:
_____________________________________________________________________
   (құжаттарды қабылдаған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты,
                              лауазымы)

20___ жылғы «___»_________     ______________________________________
                                (құжаттарды қабылдаған адамның қолы)

Оралман мәртебесін
беру ережесіне 
2-қосымша    

Нысан

Оралман мәртебесін беру туралы өтініш білдіруші адамдарды тіркеу журналы
_____________________________________________________
      (аумақтық уәкілетті органның атауы)

Өтінішті тіркеу күні

Өтініш білдірушінің Т.А.Ә.

Өтініш білдірушінің отбасы мүшелері

Туған күні

Өтініш білдірушінің мекен-жайы

Тіркеу туралы хабарлама берілген күн















Оралман мәртебесін
беру ережесіне 
3-қосымша   

Нысан

ІIД КҚПБ-ның шешімі
________________________________

________________қаласы        №______     200__ жылғы «___»__________

_________________________________ІІД КҚПБ «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оралман деп тану туралы
_____________________________________________________________________
                         (өтініш берушінің Т.А.Ә.)
_____________________________________________________ өтінішін қарап,
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________ туралы шешім қабылдады.

      ІІД КҚПБ-ның бастығы
      (міндетін атқарушы адам)________________

Оралман мәртебесін
беру ережесіне 
4-қосымша   

Нысан

1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полиция комитеті 2. ОРАЛМАН КУӘЛІГІ КУӘЛІК № _______
УДОСТОВЕРЕНИЕ

Аты-жөні ____________________________________________________________
Фамилия, имя, отчество
Туған күні айы жылы _________________________________________________
Дата рождения месяц год
Туған жері (елі)_____________________________________________________
Место рождения
Азаматтығы __________________________________________________________
Гражданство
Жынысы ______________________________________________________________
Пол

3. Кәмелеттік жасқа толмаған отбасы мүшелері
Несовершеннолетние члены семьи

      Аты-жөні       Туған жылы, айы, күні        Туыстық қатынасы
        Ф.И.О.            Дата рождения         Родственное отношение
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

ІІД КҚПБ бастығының қолы
(міндетін атқарушы адам)
_____________________

Уәкілетті органның аумақтық
органы бастығының қолы

Оралман мәртебесі берілген күн ________ айы ________ жылы ___________
Дата присвоения статуса оралмана месяц год

      Куәлік Қазақстан Республикасының азаматтығын алған күнге дейін жарамды.
      Удостоверение действительно до приобретения гражданства Республики Казахстан.

Жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде күші бар.
Действительно при предъявлении документа удостоверяющего личность.
________________________облысы (қаласы)
бойынша уәкілетті орган аумақтық органының
бастығы (міндетін атқарушы адам)_________________________________М.О.
Начальник территориального органа
уполномоченного органа по (лицо исполняющий обязанность)
________________________области (городу)

      бланк нөмірі ________________
      бланка номер

Оралман мәртебесін
беру ережесіне 
5-қосымша   

Нысан

Оралман куәлігінің берілуін есепке алу журналы
_______________________________________________
   (аумақтық уәкілетті органның атауы)

Реттік №

Куәліктің нөмірі

Берген күні

Беру негізі

Куәлік иесінің аты-жөні

Куәлікте жазылған отбасы мүшелері

Туған күні

Өтініш берушінің мекен жайы

Телнұсқаның берілген күні