Оралман мәртебесін беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі N 224-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылы 10 қазанда N 4964 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер мнистрінің 2010 жылғы 15 қарашадағы № 476 Бұйрығымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 шілдедегі N 610 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларында:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 92, 93-жолдармен толықтырылсын:
"92     Астықты қабылдау, өлшеу, кептіру,             10
        тазалау, сақтау және тиеп жөнелту

93      Астықты экспортқа өткізу жөніндегі
        қызмет                                        10       ".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі