Ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету қызметкерлері лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 27 қазандағы № 680 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 15 желтоқсанда № 6685 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 120 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.03.2017 № 120 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету қызметкерлері лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (Е.Н. Нысанбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Министрдің м. а.

Е. Аман

"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасы


Еңбек және халықты әлеуметтік


қорғау министрі


_____________ Г. Әбдіқалықова


2010 жылғы 19 қараша



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің м. а.
2010 жылғы 27 қазандағы
№ 680 бұйрығымен
бекітілген

Ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету қызметкерлері лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамалары
1. Ұйым басшысы

      Лауазымдық міндеттері. Ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын шешімдер, мүліктің сақталуы және тиімді пайдаланылуы, сондай-ақ оның қызметінің қаржы-шаруашылық нәтижелері үшін толық жауаптылықта болады. Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Ормандарды қорғаудың және орман шаруашылығына қызмет көрсетудің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға бағытталған қызметшілер жұмысының жаңа ұйымдық нысандары мен әдістерін енгізуді және қазіргі нысандары мен әдістерін жетілдіруді қамтамасыз етеді. Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда жайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қолданады. Ұйым қызметіне талдау жасау және оның жұмысының көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту жөнінде қажетті шаралар қолданады. Әлеуметтік әріптестік қағидаттарының негізінде ұжымдық шарт әзірлеуді, жасауды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбекке құлшынысын, бастамашылығы мен белсенділігін дамытуға жәрдемдеседі. Ұйым қызметінде, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және босатуды жүзеге асырады. Шарттар жасасады, жеке және заңды тұлғалармен мәмілелер жасайды. Өзінің құзыреті мәселелері бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады. Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымның өкілі болады. Ішкі еңбек тәртібінің, техника мен жабдықтарды техникалық пайдалану талаптарының орындалуын, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі нормалар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның дер кезінде есеп беріп отыруын қамтамасыз етеді. Орман қорының мемлекеттік есебін, ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізуге, мемлекеттік орман қорының бекітілген аумағында орман өрттерінің алдын алу және олармен күресу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және олардың орындалуын іске асыруға ұйымның қатысуын қамтамасыз етеді. Ормандарды күзету және қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының орман заңдары саласында құқық бұзушылықтың алдын алу және тыю жөнінде шаралар қолданады. Барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және олардың өзара тиімді жұмыс істеуін ұйымдастырады, олардың жұмысын ормандарды күзету және қорғау жөніндегі қызметті дамытуға және жетілдіруге бағыттайды. Ұйымның мемлекеттік органдардың, жинақтаушы зейнетақы және сақтандыру қорларының, банктер алдындағы міндеттемелерінің орындалуын, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарының, бизнес-жоспар көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді.

      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасы Орман кодексі, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы", "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары, "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" және "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары, азаматтық авиация саласында қызмет көрсетілетін ормандарды күзету және қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері; ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін реттейтін техникалық құжаттар; ұйым құрылымының бағыты, мамандануы және ерекшеліктері; өндірістік қуаттар мен кадр ресурстары; шаруашылық жүргізудің және ұйымды басқарудың осы заманғы әдістері; стратегиялық жоспарлау; орман шаруашылығы саласындағы ғылым мен техника жетістіктері; мемлекеттік орман қорының қызмет көрсетілетін аумағының ерекшеліктері; экономика негіздері; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормалары.

      Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (орман шаруашылық саласындағы инженерлік) білім, ұшқыш - байқаушы куәлігінің болуы, ұйымның бағытына сәйкес келетін басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауға тиіс.

2. Ұйым басшысының орынбасары

      Лауазымдық міндеттері. Өзіне бағынысты құрылымдық бөлімшелердің қызметіне басшылық жасауды қамтамасыз етеді, олардың жұмысы мен тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады. Орман қорының бекітілген аумағында ормандарды өрттерден авиациямен қорғау және орман шаруашылығы ұйымдарына қызмет көрсету жөніндегі жоспарлы тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді. Ұйымның барлық бөлімшелерін дер кезінде және сапалы дайындауды және белгіленген жұмыс технологияларының сақталуын жүзеге асырады. Ормандарды қорғау мен орман шаруашылығына қызмет көрсету тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға бағытталған қызметшілер жұмысының жаңа ұйымдық нысандары мен әдістерін енгізуді және қазіргі нысандары мен әдістерін жетілдіруді қамтамасыз етеді. Өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасайды, ұжымда жайлы психологиялық ахуалды қалыптастырады. Өзінің құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымның өкілі болады. Еңбек тәртібінің сақталуын, қызметкерлердің еңбекке құштарлығын, бастамашылығы мен белсенділігін дамытуға, ішкі еңбек тәртібінің, техника мен жабдықтарды техникалық пайдалану талаптарының орындалуына, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі нормалар мен ережелердің сақталуына жәрдемдеседі. Статистикалық есептің жүргізілуін және ұйым қызметі туралы есептілік берілуін ұйымдастырады. Ұшқыштар құрамының және авиациямен өрт сөндіру командасы қызметкерлерінің медициналық айғақталуын және ұшу алдында тексеруден өтуін, біліктілігін арттыруын, картографиялық материалмен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады. Дайындық және авиациямен орман қорғау жұмыстарын жоспарлауды ұйымдастырады. Авиациямен қарауылдау кезінде диспетчерлік қызметтің, ұшқыш-бақылаушылардың жұмысына, белгіленген жұмыс технологияларының сақталуына, өндірістік, шаруашылық және қаржылық қызметке бақылау жасайды. Мүдделі ұйымдармен келісім бойынша қажет болған жағдайларда өрт сөндіру күштері мен құралдарын тиімді пайдаланады, қосымша әуе кемелерін, өрт сөндіруші-десантшылар командаларын тартады. Республикалық диспетчерлік қызметтердің жұмыстарын, ұйымның авиациялық бөлімшелерінің ұшу және өндірістік құжаттаманы жүргізуіне бақылау жасалуын ұйымдастырады. Жеке ұшу сағаттарын есепке алуды, ұшу кітапшаларын жүргізуді ұйымдастырады. Өндірісті, басқаруды ұйымдастыруды және жалақы төлеуді жетілдіру жөнінде шаралар қолданады. Рационализаторлық пен өнертабыс жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қатысады, озық жұмыс тәжірибесін енгізуді қамтамасыз етеді.

      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Орман кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы", "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары, "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" және "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары, ормандарды күзету және қорғау мәселелері бойынша, азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері; ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін реттейтін техникалық құжаттар; ұйым құрылымының бағыты, мамандануы және ерекшеліктері; өндірістік қуаттар мен кадр ресурстары; шаруашылық жүргізудің және ұйымды басқарудың осы заманғы әдістері; стратегиялық жоспарлау, орман шаруашылығы саласындағы ғылым мен техника жетістіктері; мемлекеттік орман қорының қызмет көрсетілетін аумағының ерекшеліктері; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормалары.

      Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (орман шаруашылық саласындағы инженерлік) білім, ұшқыш-байқаушы куәлігінің болуы, ұйымның бағытына сәйкес келетін басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауға тиіс.

3. Авиациялық звеноның командирі

      Лауазымдық қызметтері. Мемлекеттік орман қорының бекітіп берілген аумағында ормандарды өрттерден авиациямен қорғау жөніндегі тапсырмалардың орындалуын және орман шаруашылығы кәсіпорындарына қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Орман өрттерін байқау және сөндіру бойынша тікұшақтар мен ұшақтардың ұшу сапарларының орындалуын бақылайды. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмысты жоспарлайды және ұйымдастырады. Авиациялық техника бойынша орындалған жұмыстарды бақылайды. Өрттің алдын алу іс-шараларын жүргізуді, авиациямен қарауылдауды және орман өрттерін сөндіруді ұйымдастырады. Жалпы орман патологиялық қадағалауды жүзеге асырады. Авиациялық техниканың: әуе кемелерінің, өрт сөндіретін техникалық құралдардың, көліктің, байланыс құралдарының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Өндірістік қызметке байланысты төтенше оқиғалар жайында ұйым басшылығына дер кезінде баяндайды. Ұйым бөлімшелерінің материалдық құндылықтарының бар-жоғын тексереді. Бөлінген қаражат пен материалдық құндылықтардың ұтымды және мақсатты пайдаланылуы, ұйымның авиациялық звеносы ақша қаражатының жұмсалуы үшін жауаптылықта болады. Авиациялық техникада жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етеді.

      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Орман кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы", "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары, "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" және "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары, ормандарды күзету және қорғау мәселелері бойынша, азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері; авиациялық техниканы пайдалану ережесі, оның құрылысының конструкциялық ерекшеліктері, мақсаты; ұшақ басқару, метеорология, аэродинамика негіздері; ұйымда пайдаланылатын ұшақтар мен тікұшақтардың ұшу-техникалық және пайдалану деректері; мемлекеттік орман қорының аумағына қызмет көрсету ерекшеліктері; ұйымның өндірістік және қаржылық құжаттарын ресімдеу жөніндегі талаптар; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормалары.

      Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (орман шаруашылық саласындағы инженерлік) білім, ұшқыш-байқаушы куәлігінің болуы, ұйымның бағытына сәйкес келетін жұмыс істеу өтілі 5 жылдан кем болмауға тиіс.

4. Өндірістік-ұшу қызметінің бастығы

      Лауазымдық міндеттері. Өндірістік ұшу қызметіне басшылық жасайды. Орман қорының бекітіп берілген аумағында ормандарды рттерден авиациямен қорғау және орман шаруашылығы ұйымдарына қызмет көрсету жөніндегі жоспарлы тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді. Орман өрттерін байқау және сөндіру жөнінде тікұшақтармен және ұшақтармен ұшу сапарларының орындалуына бақылау жасайды. Өртке қарсы алдын алу іс-шараларын жүргізуді, авиациямен қарауылдауды және орман өрттерін сөндіруді, жалпы орман патологиялық қадағалауды жүзеге асыруды ұйымдастырады. Әуе кемелерінің, өрт сөндіретін техникалық құралдардың, көліктің, байланыс құралдарының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Авиациямен қарауылдау кезінде ұшқыш-байқаушылардың жұмысын тексереді. Ұйымның авиациялық бөлімшелерінің ұшу және өндірістік құжаттаманы жүргізуіне бақылау жасайды. Кадрлар іріктеуді жүзеге асырады, оларды жұмысқа қабылдау және босату жөнінде басшылыққа ұсыныстар енгізеді. Ұйым қызметкерлерімен оқу сабақтарын және түсіндірме жұмысын ұйымдастырады және тікелей өткізеді.

      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Орман кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы", "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары, "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" және "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары, ормандарды күзету және қорғау мәселелері бойынша, азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері; авиациялық техниканы пайдалану ережесі, оның құрылысының конструкциялық ерекшеліктері, мақсаты: ұшақ басқару, метеорология, аэродинамика негіздері; ұйымда пайдаланылатын ұшақтар мен тікұшақтардың ұшу-техникалық және пайдалану деректері; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормалары.

      Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (орман шаруашылық саласындағы инженерлік) білім, ұшқыш-байқаушы куәлігінің болуы, ұйымның бағытына сәйкес келетін жұмыс істеу өтілі 5 жылдан кем болмауға тиіс.

5. Ұйымның авиациялық бөлімшесінің бастығы

      Лауазымдық міндеттері. Ұйымның авиациялық бөлімшесіне басшылық жасайды. Қабылданатын шешімдер, мүліктің сақталуы және тиімді пайдаланылуы үшін жауаптылықта болады. Орман қорының бекітіп берілген аумағында ормандарды өрттерден авиациямен қорғауды және орман шаруашылығы ұйымдарына қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Ормандарды авиациямен қорғау жөніндегі өндірістік жоспарларға, тапсырмаларға және нұсқаулыққа сәйкес орман өрттерін байқау және сөндіру бойынша тікұшақтар мен ұшақтарда ұшу сапарларының орындалуын қамтамасыз етеді. Қолда бар күшпен өрттің алдын алу іс-шараларының жүргізілуін, авиациямен қарауылдауды және орман өрттерін сөндіруді, жалпы орман патологиялық қадағалауды жүзеге асыруды, ормандарда өрт қауіпсіздігі ережелерінің орындалуын ұйымдастырады. Әуе кемелерінің, өрт сөндіретін техникалық құралдардың, көліктің, байланыс құралдарының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Ұшқыш-байқаушылардың және авиациямен өрт сөндіру командасы нұсқаушыларының жұмысын басқарады және үйлестіреді. Мемлекеттік орман иеленушілермен бірлесіп жұмыс істейді. Авиациялық бөлімшенің өндірістік қызметі туралы есептілік жасайды.

      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Орман кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы", "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары, "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" және "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары, ормандарды күзету және қорғау мәселелері бойынша, азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері; авиациялық техниканы пайдалану ережесі, оның құрылысының конструкциялық ерекшеліктері, оның мақсаты; ұшақ басқару, метеорология, аэродинамика негіздері; ұйымда пайдаланылатын ұшақтар мен тікұшақтардың ұшу-техникалық және пайдалану деректері; мемлекеттік орман қорының аумағына қызмет көрсету ерекшеліктері; ұйымның өндірістік және қаржылық құжаттарын ресімдеу жөніндегі талаптар; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормалары.

      Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (орман шаруашылық саласындағы инженерлік) білім, ұшқыш-байқаушы куәлігінің болуы, ұйымның бағытына сәйкес келетін жұмыс істеу өтілі 3 жылдан кем болмауға тиіс.

6. Ұйымның өндірістік-ұшу қызметінің инспекторы

      Лауазымдық міндеттері. Ормандарды өрттерден авиациямен қорғау және орман шаруашылығы ұйымдарына қызмет көрсету жөніндегі тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді. Орман өрттерін байқау және сөндіру жөнінде тікұшақтармен және ұшақтармен ұшу сапарларын орындау жұмысын ұйымдастырады. Ұшқыш-байқаушылармен бақылау-тексеру ұшу сапарларын жүргізеді. Сабақтар, оқу-жаттығу ұшу сапарларын өткізуді және емтихан қабылдауды жүзеге асырады. Ұшқыш-бақылаушылар курстарының курсанттарымен, тыңдаушыларымен жұмыс жүргізеді. Инспекторлық тексерулер өткізеді және ұйым бөлімшелерінің ұшу құжаттарын тексереді. Ұйымның ұшу-өндірістік қызметімен байланысты ағымдағы өндірістік мәселелерді шешеді. Өндірістік жоспарларға, тапсырмаларға және нормативтік құжаттарға сәйкес өртке қарсы алдын алу іс-шараларының жүргізілуін, авиациямен қарауылдауды және орман өрттерін сөндіруді ұйымдастырады. Әуе кемелерінің, байланыс пен өрт сөндіретін техникалық құралдардың, көліктің ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Өндірістік қызметпен байланысты төтенше оқиғалар жайында ұйым басшылығына дер кезінде баяндайды. Ұйым бөлімшелерінің материалдық құндылықтары болуын тексереді.

      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Орман кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы", "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары, "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" және "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары, ормандарды күзету және қорғау мәселелері бойынша, азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері; авиациялық техниканы пайдалану ережесі, оның құрылысының конструкциялық ерекшеліктері, оның мақсаты; ұшақ басқару, метеорология, аэродинамика негіздері; ұйымда пайдаланылатын ұшақтар мен тікұшақтардың ұшу-техникалық және пайдалану деректері; мемлекеттік орман қорының аумағына қызмет көрсету ерекшеліктері; ұйымның өндірістік және қаржылық құжаттарын ресімдеу жөніндегі талаптар; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормалары.

      Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (орман шаруашылық саласындағы инженерлік) білім, ұшқыш-байқаушы куәлігінің болуы, ұйымның бағытына сәйкес келетін жұмыс істеу өтілі 3 жылдан кем болмауға тиіс.

7. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және оның диагностикасы жөніндегі инженер

      Лауазымдық міндеттері. Авиациялық техниканы: конструкция элементтерін, агрегаттар мен жүйелерді жөндеуді орындауды ұйымдастырады. Техникалық қызмет көрсету: авиациялық техниканың ақауларын іздеу және жою жөніндегі жұмыстарды орындайды. Қосалқы бөлшектерге, жерде қызмет көрсететін материалдық құралдарға аспаптық бақылау жасайды. Техникалық-пайдалану және жөндеу құжаттамасын жүргізуді жүзеге асырады. Еңбек және қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормаларының орындалуын қамтамасыз етеді. Әуе кемелерінің тораптары мен агрегаттарын пайдалану жөніндегі жұмыстардың есебін жүргізеді. Әуе кемесінің техникалық әзірлігінің кемшіліктерін жою жөнінде жедел шаралар қолданады. Авиатехникаға техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындайды. Әуе кемелерінің инспекторлық байқауларына қатысады.

      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" және "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары, ормандарды күзету және қорғау мәселелері бойынша, азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері; авиациялық техниканы пайдалану ережесі, оның құрылысының конструкциялық ерекшеліктері, мақсаты; ұшақ басқару, метеорология, аэродинамика негіздері; ұйымда пайдаланылатын ұшақтар мен тікұшақтардың ұшу-техникалық және пайдалану деректері; әуе кемелерін пайдалану мен оларға техникалық қызмет көрсетуді регламенттейтін құжаттар; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормалары.

      Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (ұшу-техникалық) білім, әуе кемелерін пайдалану саласындағы жұмыс істеу өтілі 3 жылдан кем болмауға тиіс.

8. Ұшқыш-бақылаушы

      Лауазымдық міндеттері. Ормандарды авиациямен қорғауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі жұмыстарды орындайды. Әуе кемесі экипажының құрамында ормандарды авиациямен қарауылдау, өрт сөндіруші десантшылар мен өрт сөндіру құралдарын орман өрттері болып жатқан жерлерге жеткізу жөнінде ұшу сапарларын орындайды. Орман өрттерін әуеден және жерде сөндіруді ұйымдастырады, жалпы және егжей-тегжейлі орман патологиялық қадағалауды жүзеге асырады. Орманда өрт қаупі бар маусымға жоспарлы әзірлік жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік орман иеленушілермен бірлесіп жұмыс істейді.

      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Орман кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы", "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары, "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" және "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары, ормандарды күзету және қорғау мәселелері бойынша, азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері; авиациялық техниканы пайдалану ережесі, оның құрылысының конструкциялық ерекшеліктері, оның мақсаты; ұшақ басқару, метеорология, аэродинамика негіздері; ұйымда пайдаланылатын ұшақтар мен тікұшақтардың ұшу-техникалық және пайдалану деректері; мемлекеттік орман қорының аумағына қызмет көрсету ерекшеліктері; авиациялық техникамен өрт сөндіру ережесі мен ерекшеліктері; авиациялық техникамен өрт сөндірудің әдістері мен тәсілдері, ерекшелімі; ұйымның өндірістік және қаржылық құжаттарын ресімдеу жөніндегі талаптар; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормалары.

      Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (орман шаруашылық саласындағы инженерлік) білім, ұшқыш-байқаушы куәлігінің болуы, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

9. Ұйымның парашюттік және өрт сөндіру-десанттық қызметінің нұсқаушысы

      Лауазымдық міндеттері. Ұйымның парашюттік және өрт сөндіру-десанттық қызметінің жұмысын ұйымдастырады. Өрт сөндіруші-десантшылар мен нұсқаушылар құрамының бастапқы оқуы мен дайындығын өткізеді. Өндірістік жоспарға сәйкес парашюттік және өрт сөндіру десанттық қызметтің дайындығы үшін жауап береді. Авиациялық бөлімшелердің өртке қарсы мүлікпен, десанттық жабдықпен, арнайы киіммен және жеке қорғану құралдарымен жарақтандырылуын қамтамасыз етеді және бақылайды. Тікұшақтан түсіру құрылғыларымен жерге түсу жөнінде жерде және әуеде жаттығулар, авиациялық бөлімшелердің жеке құрамы мен орман өрттерін сөндіру бойынша жаттығулар ұйымдастырады және өткізеді. Орман өртін сөндіруде парашюттік және өрт сөндіру-десанттық қызметтің жұмысын ұйымдастыруға қатысады. Қызметтік жолаушы ретінде тікұшақтарда орманды қадағалап ұшу сапарларын және ұшақтардың көліктік ұшу сапарларын орындайды. Тікұшақтан жерге түсу кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуына бақылау жасалуын қамтамасыз етеді. Авиациямен өрт сөндіру командасының орман өртін сөндіруге ұшу және бару кезінде жедел дайын болуын қамтамасыз етеді. Ормандарды авиациямен қорғауда парашюттік-десанттық жұмыстары бойынша нұсқаулықтар талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді. Өрт сөндірудің озық технологиялары мен құралдарының практикаға енгізілуін қамтамасыз етеді. Ұйымның парашюттік және өрт сөндіру-десанттық қызметі жұмысының өндірістік және статистикалық есептілігін жүргізеді.

      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Орман кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы", "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары, "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" және "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары, ормандарды күзету және қорғау мәселелері бойынша, азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері; авиациялық техниканы пайдалану ережесі, оның құрылысының конструкциялық ерекшеліктері, мақсаты; ұшақ басқару, метеорология, аэродинамика негіздері; ұйымда пайдаланылатын ұшақтар мен тікұшақтардың ұшу-техникалық және пайдалану деректері; орман өрттерімен күресудің әдістері мен тәсілдері; мемлекеттік орман қорының қызмет көрсетілетін аумағының ерекшеліктері және қорғалатын алқапта орман өрттерін сөндіру ерекшелігі; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормалары.

      Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (орман шаруашылық саласындағы инженерлік) білім, ұшқыш-байқаушы куәлігінің болуы, авиациямен өрт сөндіру командасының нұсқаушысы болып жұмыс істеу өтілі 3 жылдан кем болмауға тиіс.

10. Авиациямен өрт сөндіру командасының нұсқаушысы

      Лауазымдық міндеттері. 12 және одан да көп адамнан тұратын өрт сөндіруші десантшылардың авиациямен өрт сөндіру командасының жұмысын ұйымдастырады. Орман өртін сөндіру жөніндегі өндірістік тапсырманың орындалуы үшін жауаптылықта болады. Орман өртін сөндіру, сондай-ақ авиациялық бөлімшеде шаруашылық жұмыстарын орындау кезінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді. Өрт сөндірудің техникалық құралдары бойынша оқу шараларын жүзеге асырады, өзінің біліктілігін арттырады. Тікұшақтан және жаттығу мұнарасынан түсу құрылғысымен жерге түсу жаттығуларын орындайды. Қызметтік жолаушы ретінде тікұшақтарда орман қарауылдау жөніндегі ұшу сапарларын және ұшақтарда көліктік ұшу сапарларын орындайды. Авиациялық бөлімшеде профилактикалық жұмыстар, өртке қарсы іс-шаралар, шаруашылық-құрылыс жұмыстары мен өндірістік тапсырмалардың орындалуын ұйымдастырады. Өрт сөндіруші-десантшылардың ұшу алдында дем алу және тәртіп сақтау шараларының орындалуына бақылау жасайды. Тікұшақтан жерге түсу кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуына бақылау жасалуын қамтамасыз етеді, жерге түсу құрылғысын, өрт сөндіру құралдарын және далалық жабдықтарды жұмысқа дайындайды, олардың сақталуы мен ақаусыз болуын қадағалайды. Орман өртін сөндіруге ұшу және шығу кезінде авиациямен өрт сөндіру командасының жедел дайындығын қамтамасыз етеді.

      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Орман кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы", "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары, "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" және "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары, ормандарды күзету және қорғау мәселелері бойынша, азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері; авиациялық техниканы пайдалану ережесі, оның құрылысының конструкциялық ерекшеліктері, мақсаты; ұшақ басқару, метеорология, аэродинамика негіздері; ұйымда пайдаланылатын ұшақтар мен тікұшақтардың ұшу-техникалық және пайдалану деректері; орман өрттерімен күресудің әдістері мен тәсілдері; мемлекеттік орман қорының қызмет көрсетілетін аумағының ерекшеліктері және қорғалатын алқапта орман өрттерін сөндіру ерекшелігі; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормалары.

      Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (орман шаруашылық саласындағы инженерлік) білім, ұшқыш-байқаушы куәлігінің болуы, өрт сөндіруші-десантшы болып жұмыс істеу өтілі 3 жылдан кем болмауға тиіс.

11. Парашюттік және өрт сөндіру-десанттық топтың нұсқаушысы

      Лауазымдық міндеттері. Өрт сөндіруші-десантшылардың авиациялық бөлімшесінің 3-6 адамнан тұратын парашюттік және өрт сөндіруші-десантшылар тобының жұмысын ұйымдастырады. Орман өртін сөндіру жөніндегі өндірістік тапсырманың орындалуы үшін жауаптылықта болады. Профилактикалық жұмыстар, өртке қарсы іс-шаралар, шаруашылық-құрылыс жұмыстарын және басқа да өндірістік тапсырмалар орындауға қатысады. Тікұшақтан және жаттығу мұнарасынан су құрылғысымен жерге түсу жаттығуларын орындайды. Қызметтік жолаушы ретінде тікұшақтарда орман қарауылдау жөніндегі ұшу сапарларын және ұшақтарда көліктік ұшу сапарларын орындайды. Өрт сөндіруші-десантшылардың ұшу алдында демалу және тәртіп сақтау шараларының орындалуына бақылау жасайды. Тікұшақтан жерге түсу кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуына бақылау жасалуын қамтамасыз етеді, жерге түсу құрылғысын, өрт сөндіру құралдарын және далалық жабдықтарды жұмысқа дайындайды, олардың сақталуы мен ақаусыз болуын қадағалайды. Орман өртін сөндіруге ұшу және шығу кезінде авиациямен өрт сөндіру командасының жедел дайындығын қамтамасыз етеді. Ормандарды авиациямен қорғауда парашюттік-десанттық жұмыстар бойынша нұсқаулықтар талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.

      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Орман кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы", "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары, "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" және "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары, ормандарды күзету және қорғау мәселелері бойынша, азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері; авиациялық техниканы пайдалану ережесі, оның құрылысының конструкциялық ерекшеліктері, мақсаты; ұшақ басқару, метеорология, аэродинамика негіздері; ұйымда пайдаланылатын ұшақтар мен тікұшақтардың ұшу-техникалық және пайдалану деректері; орман өрттерімен күресудің әдістері мен тәсілдері; мемлекеттік орман қорының қызмет көрсетілетін аумағының ерекшеліктері және қорғалатын алқапта орман өрттерін сөндіру ерекшелігі; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормалары.

      Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (орман шаруашылық саласындағы инженерлік) білім, ұшқыш-байқаушы куәлігінің болуы, өрт сөндіруші-десантшы болып жұмыс істеу өтілі 2 жылдан кем болмауға тиіс.