Бағдарламаны әзірлеу, біліктілік емтихандарын өткізу тәртібін, біліктілік емтиханы үшін сұрақтар әзірлеуді және оны бекітуді, аттестат алуға үміткердің білімін бағалаудың критерийлерін белгілеудің Ережесін, сондай-ақ, біліктілік аттестатының, бейджінің, кедендік декларациялау жөніндегі маманның жеке нөмірлік мөрінің нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2010 жылғы 15 қарашадағы N 569 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 3 желтоқсанда N 6660 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 238 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 31.03.2015 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кеден Кодексінің 32-бабының 7-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Бағдарламаны әзірлеу, біліктілік емтихандарын өткізу тәртібін, біліктілік емтиханы үшін сұрақтар әзірлеуді және оны бекітуді, аттестат алуға үміткердің білімін бағалаудың критерийлерін белгілеудің Ережесі, осы бұйрыққа қосымша беріліп отырған 1-қосымшаға сәйкес;
      2) біліктілік аттестатының, бейджінің, кедендік декларациялау жөніндегі маманның жеке нөмірлік мөрінің нысандары, осы бұйрыққа қосымша беріліп отырған 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетіне (Қ-К.Ж. Кәрбозов) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.                            А. Шоқпытов

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің м.а.  
2010 жылғы 15 қарашадағы
      № 569 бұйрығына 1-қосымша

Бағдарламаны әзірлеу, біліктілік емтихандарын өткізу тәртібін, біліктілік емтиханы үшін сұрақтар әзірлеуді және оны бекітуді, аттестат алуға үміткердің білімін бағалаудың критерийлерін белгілеудің Ережесі

1. Жалпы ереже

      1. Осы Ереже (бұдан әрі-Ереже) бағдарламаны әзірлеудің, біліктілік емтихандарын өткізудің тәртібін, біліктілік емтиханы үшін сұрақтар әзірлеуді және оны бекітуді, аттестат алуға үміткердің білімін бағалаудың критерийлерін белгілеудің тәртібін айқындайды.

2. Біліктілік емтихандарын өткізу бойынша бағдарламаны әзірлеу

      2. Біліктілік емтихандарын (бұдан әрі - емтихан) өткізу бойынша бағдарламаны әзірлеу жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Заңнамасына және Кеден одағының кедендік Заңнамасына сәйкес кедендік ресімдеу маманының біліктілік аттестатын алуға үміткерлердің (бұдан әрі - үміткер) білімін тексеруді автоматтандыруды қамтамасыз етеді.
      3. Емтихан өткізу бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету мыналарды қамтиды:
      1) өтініш берушілерді жүйеде тіркеу;
      2) тестілеу;
      3) тестілеу нәтижелерін өңдеу.
      4) тестілеудің нәтижесін шығару.
      4. Тестілеу компьютерлік және бейнежазу қондырғыларын қолдана отырып жүргізіледі.
      5. Аумақтық кеден бөлімшелерінің жауапты лауазымды тұлғалары үміткердің есепке алу жазбаларын қосады, үміткер туралы мәліметтерді өзгертеді және аталған үміткердің мәліметтері бойынша, енгізілген мәліметтерге сәйкесінше енгізілген ұқсас атымен пайдаланушыны іздеу жұмыстарын жүргізеді.

3. Құжаттарды қабылдау, біліктілік емтихандарын өткізуге арналған әзірлеуді ұйымдастыру.

      6. Үміткер, кеден органдарына емтиханды өткізгенге дейін 3 жұмыс күні бұрын еркін нысан бойынша өтініш ұсынады. Өтінішке:
      1) жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
      2) жоғары немесе техникалық және кәсіби білімін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін;
      3) көлемі 3,5 х 4,5 сантиметр екі түсті суретін қоса береді.
      7. Емтихан тапсыруға келген кезде үміткер өзімен бірге жеке басын растайтын құжатты (жеке куәлік немесе паспорт) әкелуі қажет.
      8. Егерде осы ереженің 6-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған жағдайда, үміткердің өтініші қараусыз қалдырылады және өтініш келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге қайтарып беріледі.
      9. Емтихандарды өткізу уақыты мен орыны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) интернет ресурстарында жарияланады.
      10. Тестілеуді кеден органдарының кедендік бақылауды ұйымдастыру бөлімінің мамандары тестілеу процессін техникалық қамтамасыз ету үшін ақпараттық технологиялар бөлімінің мамандарын тарта отырып жүргізеді.
      11. Емтихандарды өткізу үшін дайындықты, кеден органдарының жауапты тұлғасы ұйымдастырады.
      Дайындық жүргізу мынадай іс-шаралардан тұрады:
      1) үміткерлерден қажетті құжаттарды жинау;
      2) үміткерлер тізімін жасау;
      3) комитетке өтініш білдірген тұлғалардың тізімдерін жіберу;
      4) біліктілік емтихандарын өткізуге арналған кестесін (лерін) жасау;
      12. Аумақтық кеден бөлімшелерінің жауапты лауазымды тұлғасы емтихан басталғанға дейін оның өткізілу мерзімі туралы, оның ішінде аумақтық кеден бөлімшелерінің Интернет-ресурстарында орналастыру арқылы хабардар етеді.
      13. Аумақтық кеден бөлімшелерінің жауапты лауазымды тұлғасы жиналған материалдарды Комитетке жолдайды.
      14. Комитеттің өкілдері емтихан өткізуге қатыса алады.
      15. Кеден ісін жетілдіру мәселелері жөніндегі консультативтік кеңестің мүшелері аумақтық кеден бөлімшелері біліктілік емтихандарын өткізген кезде қатыса алады.

4. Біліктілік емтиханын өткізу тәртібі мен талаптары

      16. Емтиханға осы ереженің 6-тармағына сәйкес құжаттар ұсынған тұлғалар жіберіледі.
      17. Емтиханға жіберілген үміткер, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және кеден одағының заңнамасын білуге тестілеуден өтеді.
      18. Тестілеуден өтпеген жағдайда, тұлға, алғашқы тестілеу өткен сәттен бастап кемінде бір ай мерзім өткеннен кейін ғана қайтадан аттестациялауға рұқсат алу туралы өтініш береді.

5. Біліктілік емтиханы үшін сұрақтар әзірлеу ережелері, біліктілік емтихандары үшін сұрақтарды әзірлеу және бекіту, біліктілік аттестатын алушы үміткердің білімін бағалау критерийлері

      19. Комитет біліктілік емтихандарды өткізу үшін қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамаларынан және кеден одағының кедендік заңнамаларынан сұрақтарды әзірлейді.
      20. Осы сұрақтардың жиынтығы 10 адамдық топ үшін дайындалған сұрақтардың санынан 30 пайыз көп болу керек.
      21. Бағдарламалық қамтамасыз етудің техникалық талаптарына емтихандарды өткізудің мынадай кезеңдері қамтылады:
      1) үміткер біліктілігін және білімінің деңгейін анықтау мақсатында сұрақтарды іріктеу бойынша тестілеуден өтеді;
      2) үміткер тест үшін белгіленген бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы таңдалатын, кездейсоқ санды іріктеу әдісімен анықталатын 60 сұрақтан тұратын тестілеуден өтеді. Әрбір дұрыс жауапқа бір балл есептелінеді. Тестілеуді өткізудің уақыты 45 минутты құрайды;
      3) сұрақ бір ғана дұрыс жауабы бар үш нұсқадан тұрады;
      4) тестілеудің дұрыс жауаптарының нәтижесі пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен автоматты түрде жүргізіледі.
      22. Егер дұрыс жауаптар ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 60 және одан жоғары пайызын құраса, үміткер тестілеуден өткен болып саналады.
      Тестілеудің нәтижелері принтерде екі данада шығарылады және қол қою жолымен үміткерге таныстыру үшін ұсынылады.
      Тестілеудің нәтижесі бар парақтың бір данасы үміткерге беріледі, екінші данасы біліктілік емтиханын өткізген кеден органында қалады.
      Тестілеу жүргізу базасындағы сервер Комитетпен басқарылады.
      23. Тестілеу кезінде үміткерге, анықтамалық құралдарды, арнайы және өзге әдебиеттерді, басқа да жазбалар немесе техникалық құралдарды қолдануға жол берілмейді.
      Үміткер көрсетілген талаптарды бұзған жағдайда, ол тестілеуден босатылады.

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің м.а.  
2010 жылғы 15 қарашадағы
№ 569 бұйрығына 2-қосымша

Нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ КЕДЕНДІК
БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ

КЕДЕНДІК ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ ЖӨНІНДЕГІ МАМАННЫҢ
БІЛІКТІЛІК АТТЕСТАТЫ

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті
___________________________________________________________ Шешімімен
                      (кеден органы)
19 жылы туған, жеке куәлігінің нөмірі (немесе төлқұжат) №___________,
_______________________________________________________ берілген
                  (кіммен, қашан)
кедендік декларациялау жөніндегі маманның аттестациясы бойынша
_____________________________________________________________________
                    (Тегі, Аты, Әкесінің аты)
кеден өкілі атынан кедендік декларациялау бойынша әрекет жасау құқығы ұсынылады және КЕДЕНДІК ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ ЖӨНІНДЕГІ МАМАН мамандығы беріледі.

      Хаттама №_____ 201___ жылғы______________

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі
      Кедендік бақылау комитеті
      төрағасының орынбасары                     _____________
                                                     (қолы)

      Тіркеу № _________

      М.П.

Нысан

Бейдж

Кедендік декларациялау жөніндегі МАМАННЫҢ
№ 000000

Тегі____________________________________
Аты_____________________________________
Әкесінің аты____________________________

_________________
|                 |
|                 | 201____ жылғы «____»____________
|                 | дейін жарамды
|                 | Қолы______________
|                 |
|                 |
|     ФОТО        |         М.О.
|                 | 
|                 |
|_________________|

      * Ескерту
      Атаулы бейдж мынадай талаптарға жауап беру керек:
      физикалық параметрі: жалпы көлемі-100x70 миллиметр;
      жоғары жағының ортасыңда «кедендік декларациялау жөніндегі МАМАН» сөзі көрсетіледі;
      бейджінің нөмірі жоғары жағының ортасында «кедендік декларациялау жөніндегі МАМАН» сөзінің астына көрсетіледі;
      бейджінің ішінің ортасына Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы кеден оргаңдарының таным белгілері (эмблемасы) көрсетіледі;
      бейджінің ішінің сол жағының ортасына Қазақстан Республикасы кеден органдарының таным белгісінен сәл жоғары тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі;
      төменгі сол жақ бұрышына 3,5x4,5 фотаны кілейлеу үшін орын көрсетіледі;
      оң жақ төменгі бұрышқа «(күні, айы, жылы)дейін жарамды» бұдан әрі қол қою және мер үшін орын.

Нысан

Жеке нөмірлік мөрдің

      * Ескерту
      Мөр мынадай талаптарға жауап беру керек:
      физикалық параметрі: жалпы көлемі - 38x14 миллиметр, сыртқы рамкасы - 36x12 миллиметр, ішкі рамкасы - 35x11 миллиметр;
      аттестаттың нөмірі солдан жоғары және оңнан төмен рамканың шегінде, сонымен қатар рамканың ішінде мөрдің ортасында төменгі шетіне қарай;
      рамканың ішінде оң жақ тарапында Қазақстан Республикасы кеден органдарының таным белгісі (эмблема) көрсетіледі.