«Сауда-өнеркәсіп палаталары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар бланкілерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 мамырдағы № 83 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6310 болып енгізілді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықтың 3-қосымшадағы «жасыл түспен басылған гильотировка» деген сөздер «қызғылт түспен басылған гильотировка» деген сөздермен ауыстырылсын;
аталған бұйрықтың 4-қосымшадағы «жасыл түспен басылған гильотировка» деген сөздер «қызғылт түспен басылған гильотировка» деген сөздермен ауыстырылсын;
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік тіркеуден кейін бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.К. Әбдібековке
жүктелсін.
4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы Д. Тұрғанов