"Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар бланкілерінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы, Индустрия және жаңа технологиялар министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 мамырдағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2010 жылғы 10 қарашадағы № 373 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 24 қарашада № 6654 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 6 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 09.01.2015 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Сауда-өнеркәсіп палаталары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар бланкілерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 мамырдағы № 83 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6310 болып енгізілді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған бұйрықтың 3-қосымшадағы «жасыл түспен басылған гильотировка» деген сөздер «қызғылт түспен басылған гильотировка» деген сөздермен ауыстырылсын;
      аталған бұйрықтың 4-қосымшадағы «жасыл түспен басылған гильотировка» деген сөздер «қызғылт түспен басылған гильотировка» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) мемлекеттік тіркеуден кейін бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.К. Әбдібековке
жүктелсін.
      4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                              Д. Тұрғанов