"Амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халыққа тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 446 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 28 қазандағы № 853 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 19 қарашада № 6641 тіркелді

Қолданыстағы

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 88-бабына сәйкес, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халыққа тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 446 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 21 қыркүйекте № 5799 тіркелген, 2009 жылы 16 қазанда "Заң газетінде" № 158 (1581) жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
      1,0 өтеу коэффициентімен, белгілі бір аурулары (жай-күйлері) және мамандандырылған емдік өнімдерімен амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халыққа тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбесінде:
      «2. Нысаналы ағымдағы трансферттер (субвенция) түрінде республикалық бюджет қаражаты есебінен» деген бөлімде:
      «азаматтардың санаттары» бағанындағы:
      «18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер» деген сөздерден кейін «қызметтік міндеттерін орындау аурудың басқа адамдарға берілу қаупімен байланысты медицина қызметкерлері, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында білім алушылар» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Н.Е. Бейсен) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        С. Қайырбекова