Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 770 "Халықтың декреттелген топтарына аттестаттау жүргізу ережесін бекіту туралы" бұйрығына толықтырулар және өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 6 қазандағы № 793 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 9 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6620 болып енгізілді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 770 "Халықтың декреттелген топтарына аттестаттау жүргізу ережесін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 26 қарашада № 5886 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2010 жылғы № 1 жарияланған) бұйрығына келесі толықтырулар және өзгерістер енгізілсін:
      Осы бұйрықпен бекітілген халықтың декреттелген топтарына аттестаттау жүргізу ережесіне:
      3-тармақта "бойынша" деген сөзден кейін "осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақта "тұлғалар" деген сөзден кейін "осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
      11-тармақтың екінші абзацында "Ережеге" деген сөзден кейін "3-" санымен толықтырылсын;
      осы бұйрықтың 12-қосымшаларына сәйкес 12-қосымшалармен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің әкімшілік-құқықтық жұмысы департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) мемлекеттік тіркеуінен кейін осы бұйрықтың ресми түрде жариялануын белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері - К.С. Оспановқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан күнтізбелік 10 күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                          Б. Садықов

Қазақстан Республикасы     
Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылғы 6 қазандағы     
№ 793 бұйрығына 1-қосымша  

"Халықтың декреттелген     
топтарына аттестаттау      
жүргізу ережесіне 1-қосымша

Гигиеналық оқыту бағдарламалары

р/с №

Тақырып атаулары

сағат саны

1. Қоғамдық тамақтану объектілері, оның ішінде медициналық ұйымдардың, білім беру ұйымдарының және өнеркәсіптік объектілердің тамақ блоктары, кондитерлік өндірістер, балалардың сүт тағамдары, азық-түлік саудасы объектілері халқының декреттелген топтарын, қызметі азық-түлік шикізатын, тамақ өнімдері мен жолаушыларды тасымалдаумен байланысты адамдарды гигиеналық оқыту бағдарламасы

1

Қоғамдық тамақтану объектілеріне, кондитерлік өндірістерге, балалардың сүт тағамдары, азық-түлік саудасы объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

2

2

Тамақты дайындаудың технологиялық процесіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тамақ өнімдерінің сақталуына және тез бұзылатын өнімдерді өткізу мерзімдеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тамақ өнімдерін тасымалдау
Сапасыз, сондай-ақ жарамдылық мерзімі өткен өнімді бракқа шығару және жою тәртібі

2

3

Микроорганизмдер, инфекциялық аурулар, тамақтан уланулар туралы түсініктер және олардың алдын алу шаралары
Жіті ішек инфекциялары және алдын алу шаралары

1

4

Жеке және қоғамдық гигиена

1

5

Санитариялық-эпидемиологиялық режимді ұйымдастыру
Ас үй және асхана ыдыстарын жуу тәртібі Үй-жайларды жинау

2

6

Дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық іс-шаралар

1

7

Қорытынды сабақ


2. Тамақ өнеркәсібі объектілерінде жұмыс істейтін халықтың декреттелген топтарын гигиеналық оқыту бағдарламасы

1

Тамақ өнеркәсібі объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


2

Микроорганизмдер, инфекциялық және паразиттік аурулар, тамақтан уланулар туралы түсініктер және олардың алдын алу шаралары
Жіті ішек инфекциялары және алдын алу шаралары


3

Жеке және қоғамдық гигиена


4

Тамақ өнеркәсібі объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


5

Дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық іс-шаралар


6

Қорытынды сабақ


3. Азық-түлік базарлары, азық-түлік тауарларын сақтауға және өткізуге арналған базалар мен қоймалар халқының декреттелген топтарын гигиеналық оқыту бағдарламасы

1

Азық-түлік саудасы объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тамақ өнімдеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Сапасыз және жарамдылық мерзімі өткен өнімді бракқа шығару және жою тәртібі


2

Микроорганизмдер, инфекциялық аурулар, гельминтоздар мен тамақтан уланулар туралы түсініктер, алдын алу шаралары Жіті ішек инфекциялары және олардың алдын алу


3

Тамақ өнімдерін сақтау, тасымалдау және өткізу тәртібі


4

Дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық іс-шаралар

2

5

Жеке және қоғамдық гигиена

1

6

Қорытынды сабақ

1

4. Мектепке дейінгі ұйымдар, балалардың сауықтыру ұйымдары, балалар үйлері халқының декреттелген топтарын гигиеналық оқыту бағдарламасы

1

Мектепке дейінгі ұйымдар, балалардың сауықтыру ұйымдары, балалар үйлерінің құрылымы және күтіп ұстау бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Мектепке дейінгі ұйымдар, балалардың сауықтыру ұйымдары, балалар үйлері үй-жайларының ауа-жылу режимі

2

2

Микроорганизмдер туралы түсінік
Ауа-тамшы, жіті ішек инфекциялық ауруларының, А вирустық гепатитінің және тамақтан уланулардың алдын алу Гельминтоздың алдын алу

2

3

Балалардың күн режимін ұйымдастыруға, дене шынықтыру және гигиеналық тәрбиелеуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Балалардың тамақтануын ұйымдастыру
Дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық іс-шаралар

2

4

Жеке және қоғамдық гигиена

1

5

Қорытынды сабақ

1

5. Коммуналдық, тұрмыстық қызмет көрсету объектілері халқының декреттелген топтарын, моншалар, хауыздар, бассейндер қызметкерлерін, сондай-ақ су құбыры желісіне қызмет көрсететін тұлғаларды, оның ішінде су дайындауға және тасымалдауға тікелей байланысы бар адамдарды гигиеналық оқыту бағдарламасы

1

Микроорганизмдер туралы түсінік және олардың инфекциялық аурулардың пайда болуындағы рөлі, берілу жолдары мен тәсілдері
Ауа-тамшы, жіті ішек инфекциялық аурулардың, А вирустық гепатитінің, ЖИТС және тамақтан уланудың алдын алу шаралары
Инфекциялық аурулардың алдын алу
Инфекциялық аурулардың берілуіндегі су факторының рөлі

2

2

Коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету объектілерін, моншаларды, хауыздарды, бассейндерді күтіп ұстауға және құрылымына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Ыдысқа өлшеп құйылған ауыз суды шығару жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


3

Жарықтандыру, жылыту және желдету
Шаруашылық ауыз суымен жабдықтау көздері
Су қауіпсіздігінің микробиологиялық көрсеткіштері Шуылдан қорғау шаралары
Ішкі су құбыры және кәріз


4

Жеке және қоғамдық гигиена
Тері және венерологиялық аурулар, ЖИТС, олардың алдын алу
Терінің жұқпалы аурулары мен гельминтоздың алдын алу Дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық іс-шаралар


5

Қорытынды сабақ


6. Шаштараз, косметологиялық және косметикалық салондар халқының декреттелген топтарын гигиеналық оқыту бағдарламасы

1

Тері, шаш, тырнақтың анатомиясы мен физиологиясының негіздері
Жеке және қоғамдық гигиена


2

ЖИТС, тері, венерологиялық және тері-грибокты аурулары, В және С вирусты гепатиттері туралы түсінік, олардың алдын алу
Бақытсыз жағдайлардағы алғашқы көмек (күюлер, электрмен зақымдану, жарақаттар)

2

3

Шаштараздар, косметологиялық және косметикалық салондардың құрылымына, жабдықтауға, күтіп ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Дезинфекциялау және стерильдеу режимі


4

Қорытынды сабақ


7. Медициналық ұйымдардың мейірбикелерінің көмекшілері үшін гигиеналық оқыту бағдарламасы

1

Микробтар туралы түсінік, ЖИТС, тері, венерологиялық және тері-грибокты ауруларының, вирусты гепатиттердің алдын алу
Ауа-тамшы, жіті ішек инфекцияларының алдын алу
Гельминтоздардың алдын алу

1

2

Медициналық ұйымдардың құрылымы және жабдығы
Ауа-жылу режимі

2

3

Үй-жайларды, жабдықты, мүкәммалды күтіп ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


4

Медициналық ұйымдардағы санитариялық-эпидемиологиялық режим


5

Медициналық ұйымдар қызметкерлерінің және пациенттердің жеке гигиенасы
Дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық іс-шаралар


6

Қорытынды сабақ


8. Жолаушылар поездарының, өзен, теңіз, әуе көлігінің жолсеріктерін және жабдықтау бригадалары жұмыскерлерін гигиеналық оқыту бағдарламасы

1

Жолаушылар поездарына, өзен, теңіз және әуе көлігін жабдықтауға және күтіп ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Ауа-жылу режимі


2

Жіті ішек инфекциялары, аса қауіпті және карантиндік инфекциялар, тамақтан улану инфекциялары туралы түсінік, клиникасы және алдын алу Микроорганизмдер туралы түсінік және инфекциялық аурулар туындау кезіндегі олардың рөлі
Ішек инфекциялары, гельминтоздар, ауа-тамшы инфекциялары, венерологиялық аурулар, ЖИТС, гемоконтакталы инфекциялар, карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың алдын алу
Инфекциялық ауруы, аса қауіпті инфекциясы және тамақтан улану инфекциясы бар науқас анықталған жағдайдағы індетке қарсы іс-шаралар


3

Тамақ өнімдерін сақтауға және тез бұзылатын өнімдерді өткізу мерзіміне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық іс-шаралар


4

Жеке және қоғамдық гигиена


5

Бақытсыз жағдайларда зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету түрлері


6

Қорытынды сабақ


9. Кір жуу және химиялық тазалау орындарының қызметкерлерін гигиеналық оқыту бағдарламасы

1

Микробтар туралы түсінік, ЖИТС, тері, венерологиялық және тері-грибокты ауруларының, вирусты гепатиттердің алдын алу


2

Кір жуу және химиялық тазалау орындарын күтіп ұстауға және құрылымына қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар
Ауа-жылу режимі


3

Монша процесінің гигиеналық сипаттамасы
Инфекциялық аурулардың іш киімдерін жууға қойылатын індетке қарсы талаптар


4

Жеке және қоғамдық гигиена


5

Дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық іс-шаралар


6

Қорытынды сабақ


10. Үй-жайларды жинауды жүзеге асыратын жалпы білім беретін объектілер, жоғары және орта оқу орындары қызметкерлерін гигиеналық оқыту бағдарламасы

1

Жалпы білім беретін объектілерді, жоғары және орта оқу орындарын күтіп ұстау және құрылымы жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Жалпы білім беретін объектілері, жоғары және орта оқу орындарындағы ауа-жылу режимі


2

Микроорганизмдер туралы түсінік
Ауа-тамшы, жіті ішек инфекциялық ауруларының, А вирусты гепатитінің және тамақтан уланудың алдын алу
Гельминтоздардың алдын алу


3

Оқушылардың, студенттердің жеке бас гигиенасы Дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық іс-шаралар


4

Қызметкерлердің жеке бас гигиенасы


5

Қорытынды сабақ


Қазақстан Республикасы     
Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылғы 6 қазандағы     
№ 793 бұйрығына 2-қосымша  

"Халықтың декреттелген     
топтарына аттестаттау      
жүргізу ережесіне 2-қосымша

Гигиеналық оқытуды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

      1. Халықтың декреттелген топтарының өкілін гигиеналық оқыту және аттестаттау осы Ережелердің 2-қосымшасына сәйкес жүргізіледі.
      Сабақтардың бағдарламасы оқушылардың мамандығына сәйкес болуы
тиіс.
      Халықтың декреттелген топтарының өкілдерін әр түрлі бағдарламалары болуына қатысты бірге оқытуға болмайды.
      2. Гигиеналық оқытуды жүргізетін адамдарда арнайы санитарлық-эпидемиологиялық профльді медициналық білім болу қажет.
      3. Гигиеналық оқыту аяқталғаннан кейін ұйым бастығы 3 күннің ішінде халықтың декреттелген топтары өкілдерінің тізімін тиісті аймақтық, көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық органға аттестаттау үшін ұсыну керек."

Қазақстан Республикасы     
Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылғы 6 қазандағы     
№ 793 бұйрығына 3-қосымша  

"Халықтың декреттелген     
топтарына аттестаттау      
жүргізу ережесіне 3-қосымша

Халықтың декреттелген топтарына аттестаттау нәтижелерін тіркеу журналы

р/с№

Аттестатталатын адамның А.Т.Ә.

Жұмыс орны, лауазымы

Гигиеналық оқытуды өткізген ұйымның атауы

Жеке медициналық кітапшаның нөмірі (ЖМК)

Аттестаттаудан өткені туралы белгі

1

2

3

4

5

6







                                                                  "