"Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 587 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі N 466 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 28 қазандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6585 болып енгізілді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 587 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5030 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағының 2008 жылғы 27 наурыздағы № 1), мынадай толықтырулар енгізілсін.
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесінде:
      11-тармақтағы:
      екінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
      «Оқуға түсушінің тұлғасын куәландыратын құжаттар жеке, ата-аналарымен немесе заңды тұлғалармен ұсынылады.
      Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар тұратын жерінде тіркелгені туралы белгісі бар Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға құқық берілген құжатты ұсынады:
      шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
      азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
      босқын - босқынның куәлігі;
      паналатуды іздеуші тұлға - паналатуды іздеуші тұлғаңың куәлігі;
      оралман - оралман куәлігі немесе көші-қон карточкасы.
      Аталған талаптар Консулдық қатынастар туралы және Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына сәйкес елшіліктер мен консулдықтардың қызметкерлеріне таратылмайды.
      Қазақстан Республикасында уақытша тұратын тұлғалар төлқұжат көшірмесін және көші-қон карточканың көшірмесін көрсетеді.».
      2. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуі;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Б. Қасымбековке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                      Б. Жұмағұлов