Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар реттеу агенттігі төрағасының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі N 279-нқ Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 15 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6567 болып енгізілді

Қолданыстағы

      «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі, азаматтық авиация және порттар саласындағы реттеу департаменті (Г.Қ. Ыбыраева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін:
      1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, «Көліктік сервис орталығы», «Казвторчермет», «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы», «Астана халықаралық әуежайы», «Алматы халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамдарының, «Батыс транзит XXI ғасыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, «Резерв» және «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұловқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                 Н. Алдабергенов

      КЕЛІСІЛГЕН:
      Қазақстан Республикасы
      Көлік және коммуникация
      министрінің міндетін
      атқарушы
      ________Д.Көтербеков
      2010 жылғы 24 қыркүйек

Қазақстан Республикасы 
Табиғи монополияларды  
реттеу агенттігі төрағасының
2010 жылғы 24 қыркүйек 
N 279-НҚ бұйрығына   
қосымша          

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесі

      Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Аэронавигация қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2004 жылғы 15 қарашадағы № 448-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3277 тіркелген):
      2-тармақтың 2) тармақшасындағы «15 сәуірге» деген сөз және сан «1 мамырдан кешіктірмей» деген сөздермен және санмен ауыстырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аэронавигация қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесінде:
      3-тармақ «бекітетін табиғи монополиялар» деген сөздерден кейін «және реттелетін нарықтар» деген сөздермен толықтырылсын;
      24-тармақтағы «жарты жылдық» деген сөздер «жылдық» деген сөзбен ауыстырылсын;
      8-18-қосымшалардағы «жылдың жарты жылдығы» деген сөздер «жыл» деген сөзбен ауыстырылсын;
      28-тармақ алып тасталсын;
      2) «Әуежайлар саласында қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерінің табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2004 жылғы 24 қарашадағы № 459-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3302 тіркелген):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуежайлар саласында қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерінің табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесінде:
      25-тармақтағы «жарты жылдың» деген сөздер «жылдық» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 28-тармақпен толықтырылсын:
      «28. Әуежайлар саласында қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілері Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша және тұтастай реттеліп көрсетілмейтін қызметтер бойынша есептілікті жыл сайын 1 мамырдан кешіктірмей ұсынсын.»;
      9-18-қосымшалардағы «жылғы жарты» деген сөздер алып тасталсын;
      3) «Теңіз порттарының қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 26 қыркүйектегі № 280-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3866 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің Бюллетенінде 2006 жылғы сәуірдегі № 5-6 (214) жарияланған):
      кіріспеде:
      «монополиялар» деген сөзден кейін «және реттелетін нарықтар» деген сөздермен толықтырылсын;
      «18-тармақтың 1) тармақшасындағы», «2004 жылғы 28 қазандағы № 1109» деген сөздер және сандар тиісінше «21-тармақтың 6) тармақшасындағы», «2007 жылғы 12 қазандағы № 943» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңіз порттарының қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесінде:
      1-тармақ «монополиялар» деген сөзден кейін «және реттелетін нарықтар» деген сөздермен толықтырылсын;
      15-қосымшадағы «01 қаңтардағы» деген сөз және сан «31 желтоқсандағы» деген сөзбен және санмен ауыстырылсын.
      4) «Магистральдық темір жол желісінің қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 384-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4060 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 170 (976) жарияланған):
      2-тармақтың 2) тармақшасындағы «маусымға» деген сөз «мамырға» деген сөзбен ауыстырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңіз порттарының қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесінде:
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Субъект уәкілетті органға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген мерзімде ХҚЕС-қа сәйкес жасалған аудиттелген қаржылық есептілікті ұсынады.».
      5) «Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 398-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6003 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 57 (1679) жарияланған):
      2-тармақта:
      1) тармақшадағы «2010 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде» деген сөздер және сандар «екі ай ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшадағы «2010 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімде» деген сөздер және сандар «екі ай ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы «25 наурызға» деген сөздер және сандар «1 мамырдан кешіктірмей» деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізу ережесінде:
      36-тармақтағы «25 наурызға дейін» деген сөздер «1 мамырдан кешіктірмей» деген сөздермен ауыстырылсын.