Кадрлардағы жергілікті қамтудың ең аз санын есептеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 319-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 12 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6553 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 193 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 18.05.2018 № 193 (29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 31.03.2016 № 249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 26-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Кадрлардағы жергілікті қамтудың ең аз санын есептеу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 31.03.2016 № 249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Жұмыспен қамту және көші-қон департаменті (Д.Р. Арғындықов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республиканың Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Г. Әбдіқалықова


  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2010 жылғы 27 қыркүйек
№ 319-ө бұйрығымен бекітілген

Кадрлардағы жергілікті қамтудың ең аз санын есептеу қағидаларын бекіту қағидаларын бекіту туралы

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 31.03.2016 № 249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012.03.07 № 77-ө-м (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      1. Кадрлардағы жергілікті қамтудың ең аз санын есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жер қойнауларын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу кезінде кадрлардағы жергілікті қамтудың ең аз санын есептеуге арналған.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 31.03.2016 № 249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1-1. Осы Қағидалар корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасы аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.

      Ескерту. Қағида 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 31.03.2016 № 249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Кадрлардағы жергілікті қамту санаттар бойынша келісім шартты орындауға жұмылдырылған персоналдың жалпы санына кадрлардағы жергілікті қамтудың пайыздық мәнін айқындау негізінде белгіленеді.

      3. Қазақстандық кадрлардың пайыздық құрамы мына санаттар бойынша айқындалады:

      1) бірінші санат - басқарушы құрам;

      2) екінші санат - жоғары және орта кәсіптік білімі бар мамандар;

      3) үшінші санат - білікті жұмысшылар.

      Бірінші санатқа жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оператордың (директор, басқарма және төраға мүшелері) ағымдағы қызметін басқаруды жүзеге асыратын атқарушы органның құрамына кіретін адамдар, олардың орынбасарлары, филиалдардың басшылары, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оператордың жекелеген бағыттағы қызметін басқаруды, құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіру мен бақылауды қоса жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы және (немесе) оператор лауазымындағы адамдар (басқарушы, орындаушы, қаржы және коммерциялық директорлары) жатады.

      Екінші санатқа жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оператордың құрылымдық бөлімшелерін басқаратын және жер қойнауын пайдаланушының қызмет процесіне тікелей басшылықты жүзеге асыратын қызметкерлер, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оператордың штатында тұратын арнайы білімі және жұмыс дағдысы, тәжірибесі бар қызметкерлер жатады.

      Үшінші санатқа 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 101-бабының 8-тармағы бойынша бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келетін білікті жұмысшылар жатады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 31.03.2016 № 249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Тиісті санаттар бойынша қазақстандық кадрлардағы пайыздық қамту мына формула бойынша айқындалады:

      h = VKC х 100%

      Vo

      мұндағы

      - VKC - тиісті санаттағы қазақстандық кадрлардың саны;

      - Vo - келісімшартты орындауға жұмылдырылған тиісті санаттағы персоналдың жалпы саны.