«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Әуежай пайдаланушысының бірінші басқарушысы лауазымына кандидаттар үшін біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ә.Құсайынов
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2010 жылғы 6 қыркүйекте
N 396 бұйрығымен
бекітілген
Әуежай пайдаланушысының бірінші басшысы лауазымына кандидаттар үшін біліктілік талаптары
1. Осы біліктілік талаптары әуежай пайдаланушысының бірінші басқарушысы лауазымына кандидаттарға қойылады.
2. Әуежай пайдаланушысының бірінші басшы лауазымына кандидат Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес құжаттық түрде расталған жоғары білімі бар және азаматтық авиация саласындағы басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес Қазақстан Республикасының азаматы бола алады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 28.02.2013 № 142 бұйрығымен (алғаш рет ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Әуежай пайдаланушысының бірінші басшысы лауазымына кандидаттар өздерінің біліктілігін мынадай нормативтік құқықтық актілермен растайды:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;
2) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
3) «Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі қаулысы (Чикаго, 1944 жыл 7 желтоқсан) (Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 1-13 және 15-18 қосымшаларды қоспағанда);
4) азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілер.