"Әуежай пайдаланушысының бірінші басшысы лауазымына кандидаттар үшін біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 6 қыркүйектегі № 396 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 142 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 28 ақпанда № 8347 тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 05.05.2015 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 5-тармағына және «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 3 қарашадағы № 308 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6630 тіркелген және 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 144-146 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген, Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесінде:
      16-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) заңды тұлғалар заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы анықтаманы ұсынады.».
      2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                           Б. Имашев