Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 5 наурыздағы N 4-5 "Ақжайық ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегін беру Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 қазандағы N 16-9 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 27 қазанда N 7-2-79 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 29 маусымдағы N 23-4 шешімімен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихаттың 2010.06.29 N 23-4 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына, Батыс Қазақстан облысы Әділет Департаментінің 2009 жылғы 9 қазандағы N 4-9656 тапсырмасы негізінде аудандық мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 5 наурыздағы N 4-5 "Ақжайық ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегін беру Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-2-54, 2008 жылы 26 сәуірінде "Жайық таңы" газетінде жарияланған) өзгерістер енгізілсін:

      1) 15-баптың "хабарлауға міндетті" деген сөздер "хабарлайды" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 19-баптың "беруге міндетті" деген сөздер "береді" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Сағаденов
      Мәслихат хатшысы Д. Жақсыбаев