Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 5 наурыздағы N 4-5 "Ақжайық ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегін беру Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 қазандағы N 16-9 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 27 қазанда N 7-2-79 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына, Батыс Қазақстан облысы Әділет Департаментінің 2009 жылғы 9 қазандағы N 4-9656 тапсырмасы негізінде аудандық мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 5 наурыздағы N 4-5 "Ақжайық ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегін беру Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-2-54, 2008 жылы 26 сәуірінде "Жайық таңы" газетінде жарияланған) өзгерістер енгізілсін:
      1) 15-баптың "хабарлауға міндетті" деген сөздер "хабарлайды" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) 19-баптың "беруге міндетті" деген сөздер "береді" деген  сөзбен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы
      Мәслихат хатшысы