Салық салу мақсаттары үшін жерлерді зоналау негізінде жер салығының базалық ставкасын түзету туралы

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының XIV сессиясының 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 14/6-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының әділет басқармасында 2009 жылғы 6 ақпанда N 5-4-106 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 387-бабының 1-тармағына және 378, 379, 381, 383-баптарына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымындағы № 442 Жер Кодексінің 8-бабының 2-тармағына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. Риддер қаласының жерлеріне базалық салық ставкаларын түзету бекітілсін.
      Жер төлімдері үшін жер салығының базалық салық ставкасы:
      І зонаны – 50%-ға көтеру;
      ІІ зонаны – 40%-ға көтеру;
      ІІІ зонаны – 45%-ға көтеру;
      ІV зонаны – 35%-ға көтеру;
      V зонаны – 15%-ға көтеру;
      VІ зонаны – 30%-ға көтеру;
      VІІ зонаны – 10%-ға көтеру;
      VІІІ зонаны – 20%-ға көтеру;
      ІХ, Х, ХІ, ХІІ зонаны – 0%.
      2. Риддер қаласының ауыл шаруашылық жерлеріне базалық салық ставкаларына түзету бекітілсін.
      Жер төлімдері үшін жер салығының базалық салық ставкасы:
      І зонаны – 20%-ға көтеру;
      ІІ зонаны – 20%-ға көтеру.
      3. Жеке тұлғаларға берілген, Риддер қаласының ауыл шаруашылық жерлеріне базалық салық ставкаларына түзету бекітілсін.
      Жер төлімдері үшін жер салығының базалық салық ставкасы:
      І зонаны – 50%-ға көтеру;
      ІІ зонаны – 40%-ға көтеру;
      ІІІ зонаны – 30%-ға көтеру;
      ІV зонаны – 20%-ға көтеру;
      V зонаны – 10%-ға көтеру;
      VІ зонаны – 0%;
      VІІ зонаны – 10%-ға төмендету;
      VІІІ зонаны – 20%-ға төмендету;
      ІХ зонаны – 30%-ға төмендету;
      Х зонаны – 40%-ға төмендету.
      4. Риддер қаласы елді мекендердің жерлеріне базалық салық ставкаларын түзету бекітілсін (үй маңындағы учаскелерді алмағанда).
      Жер төлімдері үшін жер салығының базалық салық ставкасы:
      І зонаны – 50%-ға көтеру;
      ІІ зонаны – 40%-ға көтеру;
      ІІІ зонаны – 30%-ға көтеру;
      ІV зонаны – 20%-ға көтеру;
      V зонаны – 10%-ға көтеру;
      VІ зонаны – 0%;
      VІІ зонаны – 10%-ға төмендету;
      VІІІ зонаны – 20%-ға төмендету;
      ІХ зонаны – 30%-ға төмендету;
      Х зонаны – 40%-ға төмендету.
      5. Риддер қаласы елді мекендерінен сыртта жатқан өнеркәсіп жерлеріне базалық салық ставкаларын түзету бекітілсін.
      Жер төлімдері үшін жер салығының базалық салық ставкасы:
      І зонаны – 20%-ға көтеру;
      ІІ зонаны – 20%-ға төмендету.
      6. Осы шешімге сәйкес Риддер қаласы бойынша Салық басқармасы, Риддер қаласы жер қатынастары бөлімінің келісімі бойынша салық салу кезінде заңды және жеке тұлғаларға базалық салық ставкаларын түзетуді қолдансын.
      7. Мәслихаттың 08.12.2004 жылғы № 12/10-ІІІ «Салық салу мақсаттары үшін жерлерді зоналаудың негізінде жер салығының базалық ставкасын түзету туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 22.12.2004 ж. № 2086 тіркелген) күшін жойды деп саналсын.
      8. Шешім оның бірінші ресми түрде жарияланған күннен соң он күнтізбелік күннің аяқталуы бойынша қызметіне енеді.

      

Кезекті сессияның төрағасы


Ж.ДЮСУПОВ




Қалалық мәслихат хатшысы


А.ЕРМАКОВ