Салық салу мақсаттары үшін жерлерді зоналау негізінде жер салығының базалық ставкасын түзету туралы

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының XIV сессиясының 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 14/6-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 6 ақпанда N 5-4-106 тіркелді

Жаңартылған
      Ескерту. Шешімнің қолданысы тоқтатылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 01.04.2015 № 32/25-V шешімімен.
      Шешімнің күші қайта қалпына келтірілді - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 22.12.2015 № 40/14-V шешімімен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді).
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі), Кодексінің 387 - бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 14.07.2015 № 36/9-V шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      1. Риддер қаласының жерлеріне базалық салық ставкаларын түзету бекітілсін.
      Жер төлімдері үшін жер салығының базалық салық ставкасы:
      І зонаны – 50%-ға көтеру;
      ІІ зонаны – 40%-ға көтеру;
      ІІІ зонаны – 45%-ға көтеру;
      ІV зонаны – 35%-ға көтеру;
      V зонаны – 15%-ға көтеру;
      VІ зонаны – 30%-ға көтеру;
      VІІ зонаны – 10%-ға көтеру;
      VІІІ зонаны – 20%-ға көтеру;
      ІХ, Х, ХІ, ХІІ зонаны – 0%.
      2. Алып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 14.07.2015 № 36/9-V шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      3. Алып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 14.07.2015 № 36/9-V шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      4. Риддер қаласы елді мекендердің жерлеріне базалық салық ставкаларын түзету бекітілсін (үй маңындағы учаскелерді алмағанда).
      Жер төлімдері үшін жер салығының базалық салық ставкасы:
      І зонаны – 50%-ға көтеру;
      ІІ зонаны – 40%-ға көтеру;
      ІІІ зонаны – 30%-ға көтеру;
      ІV зонаны – 20%-ға көтеру;
      V зонаны – 10%-ға көтеру;
      VІ зонаны – 0%;
      VІІ зонаны – 10%-ға төмендету;
      VІІІ зонаны – 20%-ға төмендету;
      ІХ зонаны – 30%-ға төмендету;
      Х зонаны – 40%-ға төмендету.
      5. Риддер қаласы елді мекендерінен сыртта жатқан өнеркәсіп жерлеріне базалық салық ставкаларын түзету бекітілсін.
      Жер төлімдері үшін жер салығының базалық салық ставкасы:
      І зонаны – 20%-ға көтеру;
      ІІ зонаны – 20%-ға төмендету.
      6. Осы шешімге сәйкес Риддер қаласы бойынша Салық басқармасы, Риддер қаласы жер қатынастары бөлімінің келісімі бойынша салық салу кезінде заңды және жеке тұлғаларға базалық салық ставкаларын түзетуді қолдансын.
      7. Мәслихаттың 08.12.2004 жылғы № 12/10-ІІІ "Салық салу мақсаттары үшін жерлерді зоналаудың негізінде жер салығының базалық ставкасын түзету туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 22.12.2004 ж. № 2086 тіркелген) күшін жойды деп саналсын.
      8. Шешім оның бірінші ресми түрде жарияланған күннен соң он күнтізбелік күннің аяқталуы бойынша қызметіне енеді.
      Кезекті сессияның төрағасы Ж.ДЮСУПОВ
      Қалалық мәслихат хатшысы А.ЕРМАКОВ