Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы N 17/225-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 22 қаңтарда N 2523 тіркелді

Қолданыстағы
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 487-бабына, Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 38-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары бекітілсін.
      2. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының "Шығыс Қазақстан облысының жер бетi су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлем ставкалары туралы" 2005 жылғы 31 мамырдағы № 11/158-III (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде тіркелген № 2378, "Дидар" газетінің 2005 жылғы 21 маусымдағы № 61, "Рудный Алтай" газетінің 2005 жылғы 23 маусымдағы № 94 сандарында жарияланған) шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Б. Адианов
      Шығыс Қазақстан облысы
      мәслихатының хатшысы В. Ахаев

  Шығыс Қазақстан
облыстық
мәслихатының
2009 жылғы
21 желтоқсандағы
№ 17/225-IV шешіміне
қосымша

      Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздерінің су
ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары


Өзендер,

көлдер,

теңіздер

бассейні

Арнаулы су

пайдаланудың түрі

Өлшем

бірлігі

Базалық

ставкалар,

теңге

Төлемақы

ставкалары

*, теңге

1

Ертіс өзені
бассейні
---------
Балқаш және
Алакөл өзен
мен көлдері
бассейні
Тұрғын-үй
пайдалану және
коммуналдық
қызметтер

теңге/1000

м3

63

-----

58

63

-----

58

2

Өнеркәсіп, жылу
энергетикасын
қоса

теңге/1000

м3

181

-----

160

181

-----

160

3

Ауыл шаруашылығы

теңге/1000

м3

51

-----

46

51

-----

46

4

Су көздерінен су
алуды жүзеге
асыратын тоған
шаруашылықтары

теңге/1000

м3

51

-----

44

51

-----

44

5

Су көздерінен
балық аулайтын
балық
шаруашылығы,
тұтынушылар

теңге/тон

на

128

-----

114

128

-----

114

6

Су энергетикасы

теңге/1000

кВт.сағ

19

-----

17

19

-----

17

7

Су көлігі

теңге/1000

т. км

7

----

5

7

----

5

      *Ескерту: төлемақы ставкалары Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің жыл сайын жариялайтын, сәйкес жылдық инфляцияның ресми деңгейіндегі индексін ескере отырып есептеледі.