Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/225-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 22 қаңтарда № 2523 болып тіркелді

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 11.10.2023 № 7/56-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінің 569-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына, "Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5675) сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 12.04.2018 № 19/216-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 05.10.2016 № 6/58-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының "Шығыс Қазақстан облысының жер бетi су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлем ставкалары туралы" 2005 жылғы 31 мамырдағы № 11/158-III (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде тіркелген № 2378, "Дидар" газетінің 2005 жылғы 21 маусымдағы № 61, "Рудный Алтай" газетінің 2005 жылғы 23 маусымдағы № 94 сандарында жарияланған) шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б. Адианов
      Шығыс Қазақстан облысы
мәслихатының хатшысы
В. Ахаев

  Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихатының
2009 жылғы "21" желтоқсандағы
№ 17/225-IV шешіміне қосымша

Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 11.10.2023 № 7/56-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

    №

Арнаулы су пайдаланудың түрі

Өлшем бірлігі

Төлемақы мөлшерлемелері, теңге

1

2

3

4

Ертіс өзені бассейні

1

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

теңге/1000 текше метр

169,4

2

Өнеркәсіп жылу энергетикасын қоса есептегенде

теңге /1000 текше метр

486,8

3

Ауыл шаруашылығы

теңге /1000 текше метр

137,1

4

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

теңге /1000 текше метр

137,1

5

Су энергетика

теңге /1000 киловатт-сағат

51,1

6

Су көлігі

теңге /1000 тонна- километр

18,9