Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Үржар ауылының шегіндегі су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 09 маусымдағы N 93 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 09 шілдеде N 2505 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39 , 116 -баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына , «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына , «Шаруашылық-ауыз суымен жабдықтауға және мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындары жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 28 маусымдағы № 506, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2999 бұйрығына , «Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Үржар ауылының шегіндегі су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекараларын анықтау (қолданыстағы және болашақтағы шекараларда)» жобасына сәйкес және су объектілерін ластанудан және сарқылудан қорғау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Белгіленсін:
      1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Үржар ауылының шегіндегі су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Үржар ауылының шегіндегі су объектілерінің су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдалану арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі.
      2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (В.Е. Чернецкий) «Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Үржар ауылының шегіндегі су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекараларын анықтау (қолданыстағы және болашақтағы шекараларда)» жобасын заңнамамен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Үржар ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу үшін және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Г.В. Пинчукке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                               Б. Сапарбаев

Келісілді:

Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі
Балқаш-Алакөл бассейндік
инспекциясының бастығы                       А. Тілеулесова

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі Мемлекеттік санитарлық -
эпидемиологиялық қадағалау комитетінің
Шығыс Қазақстан облысы бойынша
департаментінің директоры                     Т. Ерубаев

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2009 жылғы 9 маусымдағы № 93  
қаулысына қосымша      

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Үржар ауылының
шегіндегі су объектілерінің су қорғау аймағы


р/ с

Су объектісі, оның учаскесі

Су қорғау аймағы

Шекарасының
ұзындығы,
(шақырым)

Алаңы,
(гектар)

Орташа
ені,
(метр)

1

Ақтас өзені мен Үржар
ауылының шекарасынан бастап, Шошқалы өзеніне құятын жерге дейінгі аты жоқ бұлақ;

Үржар ауылының шекарасындағы
Шошқалы өзені;

Үржар ауылының шекарасынан
бастап, Шошқалы өзеніне
құятын жерге дейінгі Құлықсай өзені;

Үржар ауылының шекарасынан
бастап, Шошқалы өзеніне
құятын жерге дейінгі
Құлмантұма өзені;

Үржар ауылының шекарасынан
бастап, Құлмантұма өзеніне
құятын жерге дейінгі
Кішкенетау өзені

31

1 826

300-700

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Үржар ауылының
шегіндегі су объектілерінің су қорғау белдеуі

№ р/с

Су объектісі, оның учаскесі

Су қорғау белдеуі

Шекарасының
ұзындығы,
(шақырым)

Алаңы,
(гектар)

Орташа
ені,
(метр)

1

Ақтас өзені мен Үржар ауылының шекарасынан бастап, Шошқалы өзеніне құятын жерге дейінгі аты жоқ бұлақ

14

71,8

20-80

2

Үржар ауылының шекарасындағы
Шошқалы өзені

14,6

90,8

20-120

3

Үржар ауылының шекарасынан
бастап, Шошқалы өзеніне құятын жерге дейінгі Құлықсай өзені

2

11,5

20-70

4

Үржар ауылының шекарасынан
бастап, Шошқалы өзеніне құятын жерге дейінгі Құлмантұма өзені

9,95

34,1

20-160

5

Үржар ауылының шекарасынан
бастап, Құлмантұма өзеніне
құятын жерге дейінгі
Кішкенетау өзені

10,4

28,8

20-120

      Ескертпе: су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені «Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Үржар ауылының шегіндегі су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекараларын анықтау (қолданыстағы және болашақтағы шекараларда)» жобасының картографиялық материалдарында көрсетілген.

       Шығыс Қазақстан облысы табиғи
      ресурстар және табиғат пайдалануды
      реттеу басқармасының бастығы                В. Чернецкий