Семей қаласындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 13 мамырдағы N 68 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 1 маусымда N 2498 тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39116-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына, «Семей қаласындағы Холодный Ключ кентінен бастап, «Бобровка» бау-бақша кооперативі ауданындағы қаланың шекарасына дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің сол жағалауындағы су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекараларын белгілеу» жобасына сәйкес және жер үсті суларының ластануын, қоқысталуын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтау үшін су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 14.04.2014 № 105 қаулысымен.
      1. Белгіленсін:
      1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Семей қаласындағы Холодный Ключ кентінен бастап, "Бобровка" бау-бақша кооперативі ауданындағы қаланың шекарасына дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің сол жағалауындағы су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес  Семей қаласындағы Холодный Ключ кентінен бастап, "Бобровка" бау-бақша кооперативі ауданындағы қаланың шекарасына дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің сол жағалауындағы су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі.
      2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (В.Е.Чернецкий) «Семей қаласындағы Холодный Ключ кентінен бастап, "Бобровка" бау-бақша кооперативі ауданындағы қаланың шекарасына дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің   сол жағалауындағы су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекараларын белгілеу» жобасын заңнамамен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Семей қаласының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу үшін және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін, арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Г.В. Пинчукке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Облыс әкімі                   Б. САПАРБАЕВ

Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2009 жылғы
13 мамырдағы
№ 68 қаулысына қосымша

Семей қаласындағы Холодный Ключ кентінен бастап,
"Бобровка" бау-бақша кооперативі ауданындағы қаланың
шекарасына дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің сол
жағалауындағы су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі

№  р/с

Су объектісі, оның учаскесі

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

Шекарасының ұзындығы, (шақырым)

Алаңы, (га)

Орташа ені (метр)

Шекара-ының ұзындығы, (шақырым)

Алаңы, (га)

Орташаені (метр)

1.

Семей қаласындағы Холодный Ключ кентінен бастап, "Бобровка" бау-бақша кооперативі ауданындағы қаланың шекарасына дейінгі учаскедегі Ертіс өзені

18,10

1056,32

100-1040

21,70

181,12

35-135

2.

Семей қаласындағы Ертіс өзені, Полковничий аралы

-

817,51

-

20,00

293,01

20-50

3.

Семей қаласындағы Ертіс өзені, Большой аралы

-

253,59

-

11,60

141,77

20-130

4.

Семей қаласындағы Ертіс өзені, шағын аралдар

-

292,51

-

-

292,51

-

      Ескертпе:
      1) өзен аралдарының аумақтары толығымен су қорғау белдеуіне енгізіледі;
      2) су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені «Семей қаласындағы Холодный Ключ кентінен бастап, "Бобровка" бау-бақша кооперативі ауданындағы қаланың шекарасына дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің сол жағалауындағы су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекараларын белгілеу» бекітілген жобасының картографиялық материалдарында көрсетілген.

      Шығыс Қазақстан облысы табиғи
      ресурстар және табиғат пайдалануды
      реттеу басқармасының бастығы             В. Чернецкий