Жер салығының базалық ставкалары туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 18 ақпандағы N 15/10 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 26 наурызда N 14-8-66 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 387 бабының 1-тармағына және жерлерді өңірлерге бөлу жобалары (схемалары) негізінде Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ордабасы ауданы бойынша жер салығының ставкаларын Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 378, 379, 381, және 383 баптарында белгіленген жер салығының базалық ставкалары автотұраққа, автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда 50 процентке жоғарылатылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
      тыс ХV сессиясының төрағасы                Н.Е.Раманқұл   

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Ғ.О. Аташов