Жер салығының базалық ставкалары туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 18 ақпандағы N 15/10 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 26 наурызда N 14-8-66 тіркелді

Жаңартылған

      Қолданушылар назарына!
      (Ордабасы аудандық мәслихатының 2011 жылғы 9 ақпандағы N 39/1 "Ордабасы аудандық мәслихатының 18 ақпан 2009 жылғы "Жер салығының базалық ставкалары туралы" № 15/10 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімінің күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2011.07.08 N 46/1 Шешімімен.)

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 387 бабының 1-тармағына және жерлерді өңірлерге бөлу жобалары (схемалары) негізінде Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына және казиноға бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 378379381383–бабтарында белгіленген жер салығының ставкалары 50 пайызға жоғарылатылсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2011.02.09 N 39/1 Шешімімен.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
      тыс ХV сессиясының төрағасы                Н.Е.Раманқұл   

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Ғ.О. Аташов