Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексінің (Салық кодексі) 387-бабы 1-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкалары мынадай жерлерге 50 % жоғарылатылсын:
1) жеке тұлғаларға берілген ауыл шаруашылығы маңызындағы;
2) елді мекендердің (үй жанындағы жер учаскелерін қоспағанда);
3) елді мекендерден тысқары орналасқан өнеркәсіптік.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 27.02.2015 N 36-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы |
А. Штах |
Мәслихат хатшысы |
В. Гюнтнер |