1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкалары мынадай жерлерге 50 % жоғарылатылсын:
1) жеке тұлғаларға берілген ауыл шаруашылығы маңызындағы;
2) елді мекендердің (үй жанындағы жер учаскелерін қоспағанда);
3) елді мекендерден тысқары орналасқан өнеркәсіптік.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің (Салық кодексі) 378, 444-баптарында белгіленген жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелері сәйкесінше он есе жоғарылатылсын:
1) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемесі;
2) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 26.05.2015 N 39-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Штах |
Мәслихат хатшысы | В. Гюнтнер |