Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы

Павлодар облыстық әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 236/18 қаулысы. Павлодар облысы Әділет департаментінде 2010 жылғы 29 қаңтарда N 3154 тіркелген

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 27-бабы 1-тармағының 17)-тармақшасына сәйкес, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу орындардағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) бекітілсін.
      2. Жоғары оқу орындары жанындағы қабылдау комиссиялары (келісім бойынша) бірыңғай ұлттық тестілеу кезінде 45 және одан артық балл жинаған, мемлекеттік оқыту гранты немесе мемлекеттік оқыту кредитін ала алмаған абитуриенттер тізімдерін тиісті жылдың 10 тамызына дейін облыс жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсынатын болсын.
      3. Қалалар мен аудандар әкімдері:
      жергілікті жерлерде еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмекті алуға үміткерлерге іріктеу жүргізу жөніндегі комиссияларды (бұдан әрі – үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссиялар) құрылсын;
      жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмекті алуға іріктеуден өткен үміткерлер тізімін, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын тексеру актілерін, сондай-ақ Нұсқаулықта қарастырылған қажетті құжаттарды облыс жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына тиісті жылғы 15 тамызға дейін ұсынсын.
      4. Облыс жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тиісті жылғы 19 тамызға дейін жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі облыстық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына Нұсқаулықта қарастырылған қажетті кұжаттарды ұсынсын.
      5. Комиссия тиісті жылғы 23 тамызға дейін аталған әлеуметтік көмекті алушылардың соңғы тізімдерін дайындасын және жоғары оқу орындарға жіберсін.
      6. Қосымшаға сәйкес облыс әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Жұмабековаға жүктелсін.

      Облыс әкімі                                Б. Сағынтаев

Павлодар облысы әкімдігінің
2009 жылғы 25 желтоқсан
N 236/18 қаулысымен 
бекітілді       

Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп
түлектеріне облыстық жоғары оқу орындарындағы оқу ақысын
төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарындағы оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек тәртібін анықтайды.

2. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі

      2. Жан басына шаққандағы табыс облыс бойынша (тиісті жылдың II тоқсаны) белгіленген күнкөріс минимумының мөлшерінен аспайтын, аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы орта білім беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек (бұдан әрі – Әлеуметтік көмек) конкурстік негізінде Комиссия шешімі бойынша тағайындалады. Олардың тұратын жерлерін әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын тексеру актілері білімі туралы диплом алғанға дейін жоғары оқу орнында оқыған барлық кезең үшін Әлеуметтік көмек тағайындағанда бір рет жасалады.
      3. Кешенді тестілеуде 45 ұпайдан кем жинаған аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған түлектерге жоғары оқу орындарындағы оқу ақысын төлеу үшін Әлеуметтік көмек тағайындалмайды.
      Жоғары оқу орындарындағы оқу ақысын төлеу үшін Әлеуметтік көмекті алуға үміткерлердің іріктелуі жинаған ұпайдың ең жоғары саны бойынша жүргізіледі. Ұпайлары тең болғанда жалпы білім беру мектебін бітіргені туралы үздік аттестатын иеленуші басымды құқылы болады.

3. Әлеуметтік көмектің мөлшері

      4. Әлеуметтік көмек облыстың тиісті оқу орындағы нақты оқу құны мөлшерінде көрсетіледі.
      5. Қосымша оқитын студенттерге тұруына, тамақтануына және жол ақысына ай сайын 5000 теңге мөлшерінде тағайындалады.

4. Әлеуметтік көмекті тағайындау
үшін қажетті құжаттар тізімі

      6. Әлеуметтік көмекті алуға үміткер тұлға қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне келесі құжаттарды ұсынады:
      1) Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша өтініш;
      2) Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша аз қамтамасыз етілген және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған түлек отбасының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабы немесе адрестік бюро анықтамасы;
      4) жұмысқа қабілетті (жұмыс істеуші) отбасы мүшелерінің жұмысақысы туралы анықтама немесе жұмыс істейтіндердің еңбек кітапшаларының көшірмесі (аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы жалпы білім беру мектеп түлектері үшін);
      5) ата-аналарының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі (ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беру мектеп түлектері үшін);
      6) қамқоршы тағайындау туралы шешім (ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беру мектеп түлектері үшін);
      7) Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес өңір үшін осы санаттағы маманды даярлау қажеттілігі туралы, оны жұмысқа орналастыру кепілдігімен қала немесе аудан әкімінің қолдаухаты;
      8) салық төлеушінің тіркелу нөмірі.
      7. Осы әлеуметтік көмекке үміткер отбасының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын тексеру актілерін қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жасайды.
      Әлеуметтік көмекті алған тұлға Комиссия шешімі негізінде қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне қосымша мәліметтер:
      тұрғылықты жері бойынша Халық банк филиалында ашылған жеке есеп шотының нөмірін;
      білім беру қызметтерін көрсетуге үш тарап қол қойған үш жақты шартты ұсынады.

5. Есеп жүргізу мен есеп беру

      8. Әлеуметтік көмекті алған тұлғалар ақшалай қаражаттың жеке есеп шоттарына түскеннен кейін, алған сомасын оқуды төлеу үшін жоғары оқу орнына өткізеді және төлем туралы анықтаманы қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне ұсынады.
      9. Жыл сайын жоғары оқу орындары аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған Әлеуметтік көмек алушы студенттердің келесі курсқа көшкені және оқудан шығарылуы туралы бұйрықтардың көшірмелерін облыс жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсынады.
      10. Әлеуметтік көмек алушы жоғары оқу орнынан шығарылған жағдайда төленген әлеуметтік көмек сомасы өндіріліп алынбайды.
      Оқу сессиясының қорытындысы бойынша жылына екі рет Комиссия шешімімен шығарылған студенттің орнына осы жоғары оқу орнында "жақсы" және "үздік" бағаға оқитын, ректорат ұсынған аз қамтамасыз етілген отбасындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студентке оқу құқығы беріледі, аталған студенттің оқуын төлеу белгіленген тәртіпте жүргізіледі.

Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы 
және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
жалпы білім беретін мектеп түлектеріне
жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу
үшін әлеуметтік көмек тағайындау   
жөніндегі нұсқаулыққа       
1- қосымша             

(Қаланың, ауданның) әкіміне
_____________________________
_____________________________
мекенжайында тұратын  
_____________________________
_____________________________
аты-жөні        

Өтініш

      Маған_________________________________________________________
                        (жоғары оқу орнының атауы)
      ____________________________________________ мамандығы бойынша
      оқу ақысын төлеу үшін аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы
      және жетім студенттерге бөлінетін әлеуметтік көмекті
      тағайындауыңызды өтінемін.
      Осы әлеуметтік көмекті алу үшін қажетті құжаттарды қоса беріп отырмын.

      Өтініш иесінің қолы:
      Күні:

Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы 
білім беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу
орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік
көмек тағайындау жөніндегі нұсқаулыққа   
2-қосымша                

Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы немесе
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы
білім беретін мектеп түлектерінің әлеуметтік
тұрмыстық тұру жағдайын зерттеу актісі
200__ жылғы________________________

      1. Аты-жөні___________________________________________________
      2. Туған жылы_________________________________________________
      3. Мекенжайы, тел.____________________________________________
      4. Отбасы құрамы:_____________________________________________
      ______________________________________________________________
      5. Отбасы құрамының мүшелерінің жұмысақысы, жәрдемақысы,
       зейнетақылары:_______________________________________________
      ______________________________________________________________
      ______________________________________________________________
      ______________________________________________________________
      6. Ата-аналарының, қамқоршыларының жеке иеліктерінде не бар:
      (жылжымалы, жылжымайтын мүлік, қосалқы шаруашылық)
      ______________________________________________________________
      ______________________________________________________________
      ______________________________________________________________
      7. Отбасының жиынтық табысы (әр адамның табысы көрсетілсін):___
      _______________________________________________________________
      _______________________________________________________________
      8. Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайының жай-күйі:____________________
      _______________________________________________________________
      9. Коммуналдық қызметтер үшін төлем сомалары:__________________
      10. Қандай жеңілдіктерді пайдаланады: _________________________
      _______________________________________________________________
      11. Жеке төлқұжат мәліметтері:_________________________________
      12. Қосымша мәліметтер:________________________________________
      _______________________________________________________________
      13. Тексеру актісі жөніндегі қорытындысы_______________________
      _______________________________________________________________
      Тексерушінің қолы:_____________________________________________

Ескерту: 5-7 тармақтар тек қана аз қамтамасыз етілген отбасылары түлектері үшін толтырылады.

Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және 
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы  
білім беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу
орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік
көмек тағайындау жөніндегі нұсқаулыққа   
3-қосымша               

Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және   
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім 
беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарындағы
оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмекті тағайындау
жөніндегі облыстық комиссия төрағасына      

ҚОЛДАУХАТ

________________________________әкімі өңір үшін осы сала мамандарының
        қала (аудан)
      қажеттілігіне байланысты _____________________________________
      _________________________________ жоғары оқу орындарындағы
       ___________________________________________ мамандығы бойынша
      ______________________________________________________ тұратын
                        (мекенжайында)
      ______________________________________________ санатына жататын
          (жетім, аз қамтамасыз етілген отбасы)
      _______________________________________________________________
                              (аты-жөні)
      әлеуметтік көмек бөлу қажеттігі туралы өтініш жасайды.
      Кейіннен жұмысқа орналастыруға кепілдік беремін.

      Қала (аудан) әкімі                        ___________________
                                                         қолы

Павлодар облысы әкімдігінің
2009 жылғы 25 желтоқсан 
N 236/18 қаулысына   
қосымша         

Облыс әкімдігінің күші жойылды деп
танылатын қаулыларының тізбесі

      1. Облыс әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасылардағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 169/5 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2621 болып тіркелген, 2004 жылғы 8 шілдедегі "Сарыарқа самалы" газетінің N 80, 2004 жылғы 6 шілдедегі "Звезда Прииртышья" газетінің N 78 сандарында жарияланған).
      2. Облыс әкімдігінің 2005 жылғы 1 тамыздағы "Облыс әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасылардағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 169/5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 249/6 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3042 болып тіркелген, 2005 жылғы 1 қазандағы "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінің N 111 санында жарияланған).
      3. Облыс әкімдігінің 2005 жылғы 12 қыркүйектегі "Павлодар облысы әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасылардағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 169/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" N 284/7 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3049 болып тіркелген, 2005 жылғы 29 қазандағы "Сарыарқа самалы" газетінің N 122 санында жарияланған).
      4. Облыс әкімдігінің 2006 жылғы 9 тамыздағы "Облыс әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасылардағы және ата–анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 169/5 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" N 226/8 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3072 болып тіркелген, 2006 жылғы 3 қазандағы "Сарыарқа самалы" газетінің N 114, 2006 жылғы 2 қыркүйектегі "Звезда Прииртышья" газетінің N 100 сандарында жарияланған).
      5. Облыс әкімдігінің 2006 жылғы 19 қазандағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасылардағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 169/5 қаулысына толықтыру енгізу туралы" N 283/11 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3075 болып тіркелген, 2006  жылғы 18 қарашадағы "Сарыарқа самалы" газетінің N 134, 2007 жылғы 18 қарашадағы "Звезда Прииртышья" газетінің N 133 сандарында жарияланған).
      6. Облыс әкімдігінің 2007 жылғы 10 тамыздағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасылардағы және ата–анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 169/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" N 213/7 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3093 болып тіркелген, 2007 жылғы 23 тамыздағы "Сарыарқа самалы" газетінің N 98, 2007 жылғы 23 тамыздағы "Звезда Прииртышья" газетінің N 97 сандарында жарияланған).
      7. Облыс әкімдігінің 2008 жылғы 20 тамыздағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасылардағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 169/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" N 220/8 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3122 болып тіркелген, 2008 жылғы 6 қыркүйектегі "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінің N 99 сандарында жарияланған).
      8. Облыс әкімдігінің 2009 жылғы 19 тамыздағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасылардағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 169/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" N 167/12 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3144 болып тіркелген, 2009 жылғы 17 қыркүйектегі "Сарыарқа самалы" газетінің N 107, 2009 жылғы 17 қыркүйектегі "Звезда Прииртышья" газеттерінің N 106 сандарында жарияланған).