Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк
қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгінiң мәселелерi
"Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының
17-1-бабы
2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн peттеу агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) туралы ереже;
2) Агенттiктің құрылымы бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр Жарлықтарына мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29
Жарлығына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат; 2000 ж., N 54, 593-құжат; 2001 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4-5, 43-құжат; 2002 ж., N 26, 272-құжат; N 45, 445-құжат; 2003 ж., N 12, 130-құжат; N 16, 160-құжат; 2004 ж., N 13, 166-құжат; N 21, 267-құжат; N 27, 344-құжат; N 48, 590-құжат; 2005 ж., N 16, 189-құжат; N 27, 329-құжат; N 30, 380-құжат; N 49, 623-құжат; 2006 ж. N 7, 50-құжат):
жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгi 100";
2) "Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 ақпандағы N 55
Жарлығына
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2006 ж., N 5, 38-құжат):
1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы орган ретiнде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк орган ретiнде" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Қазақстан Республикасының Yкiметi осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшілiгiне жүктелсiн.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2006 жылғы "___"______
N_____ Жарлығымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы
орталығының қызметiн реттеу агенттiгi туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгі (бұдан әрі - Агенттiк) Қазақстан Республикасының Президентiне тікелей бағынатын және есеп беретiн, Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының (бұдан әрі - Қаржы орталығы) жұмыс істеуiн мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болып табылады.
2. Агенттiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Агенттiк мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк, орыс және ағылшын тiлдерiнде өз атауы көрсетiлген мөрлерi мен мөртабандары, белгiленген үлгідегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң органдарында банк шоттары бар.
Агенттiк өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастар жасайды.
Егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берілген болса, Агенттiк мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастың тарабы болуға құқылы.
4. Агенттiк туралы ережені, сондай-ақ оның құрылымын және жалпы штат санын Агенттiк Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
5. Агенттiктiң заңды мекен-жайы: 050012, Алматы қаласы, Желтоқсан көшесi, 114.
6. Агенттiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгi" мемлекеттiк мекемесi.
7. Осы Ереже Агенттiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
8. Агенттiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Агенттiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындауға қатысты кәсiпкерлiк субъектiлермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер заңнамалық актiлерде Агенттiкке кiрiс әкелетiн қызметтердi жүзеге асыруға құқық берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiс республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.
2-тарау. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi
9. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi:
"Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мемлекеттiк өкiлеттiктердi жүзеге асыру;
Қаржы орталығын одан әрi дамыту болып табылады.
3-тарау. Агенттiктiң негiзгi функциялары мен өкiлеттiктерi
10. Агенттiк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Қаржы орталығына қатысушылар - заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу);
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қызметiн Қаржы орталығында жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының аумағына келетiн шетелдiктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға виза беру туралы өтiнiш;
3) Қаржы орталығына қатысушыларға қызметкерлердi iрiктеуде жәрдем көрсету;
4) Қаржы орталығына қатысушыларға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру;
5) Қаржы орталығына қатысушылардың Қазақстан Республикасының еңбек туралы және халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттiк бақылау;
6) мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Қаржы орталығын білдiру;
7) Қаржы орталығына қатысушылардың мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу;
8) еңбек қызметiн Қаржы орталығында жүзеге асырып жатқан шетелдiктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды есепке алу және тоқсан сайын халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды үйлестiретiн орталық атқарушы орган белгiлеген нысан бойынша Алматы қаласының жергiлiктi атқарушы органына шетелдiк жұмыс күшiн тарту туралы ақпарат ұсыну;
9) Қаржы орталығына қатысушыларға брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия алуға жәрдемдесу.
11. Агенттiк өзiне жүктелген мiндеттер мен функцияларды iске асыру үшiн мынадай өкiлеттiктерге ие:
1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктi, статистикалық карточкаларды, салық төлеушiнiң куәлiгiн беру;
2) Қаржы орталығына қатысушылар - заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) ережелерiн бекiту;
3) үшiншi тұлғалармен қатынастарда Қаржы орталығының атынан әрекет ету;
4) мемлекеттiк органдармен және өзге де ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау;
5) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілетті мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша бағалы қағаздарын Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тiзiмiне қосу болжанып отырған немесе қосылған эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгiлеу;
6) рейтингтiк бағаларын Агенттiк мойындайтын рейтингтiк агенттiктердiң тiзбесiн бекiту;
7) Қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшiн бағалы қағаздардың және олардың эмитенттерiнiң рейтингтік бағаларына қойылатын талаптарды белгiлеу;
8) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгiленген тәртiппен Қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жiберiлген қаржы құралдары эмитенттерiнiң аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу;
9) қаржы құралдарын Қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жiберу үшiн қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен және аудиторлық қызмет саласындағы реттеу мен аудиторлық және кәсiби аудиторлық ұйымдардың қызметiн бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша аудиторлық ұйымдарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту;
10) Қаржы орталығы мойындайтын қор биржаларының тiзбесiн белгiлеу;
11) Қаржы орталығымен өзара іс-қимыл жасау мәселелерi бойынша шетелдiк мемлекеттердiң қор биржаларымен келiсiмдер жасасу;
12) Қаржы орталығына қатысушылардың Қазақстан Республикасының еңбек туралы және халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын сақтауына қатысты тексерулер жүргiзу;
13) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша қаржы құралдарын Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының сауда-саттықты ұйымдастырушысының тiзiмiне енгiзудiң және одан шығарудың шарттары мен тәртiбiн белгiлеу;
14) Алматы қаласының аумағында Қаржы орталығының арнайы сауда алаңы жұмыс iстейтiн қор биржасын айқындау;
15) қажет болған жағдайда Қаржы орталығының органдарын қоспағанда, Қаржы орталығына қатысушылар мемлекеттiк органдарға ұсынатын құжаттаманы ағылшын тiлiнен мемлекеттiк және орыс тiлдерiне аударуды жүзеге асыру;
16) Қаржы орталығына қатысушыларға қатысты Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 550-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарау;
17) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен және аудиторлық қызмет саласындағы реттеу мен аудиторлық және кәсiби аудиторлық ұйымдардың қызметiн бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша Қаржы орталығына қатысушылардың салықтық есептiлiгiн растауға уәкiлеттi аудиторлық ұйымдардың тiзбесiн айқындау;
18) статистика жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша Қаржы орталығына қатысушылар - заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) жүргiзiлгенi туралы хабарламаның нысанын және оны мемлекеттiк статистика органдарына табыс ету тәртiбiн бекiту.
4-тарау. Агенттiктiң мүлкi
12. Агенттiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi бар.
Мемлекеттiк органның мүлкi оған мемлекет берген мүлiк есебiнен қалыптасады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Агенттiктiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге мүлiктен тұрады.
13. Агенттiкке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
14. Агенттiктiң өз атына бекiтiлген мүлiктi өз бетiмен иелiктен айыруға немесе оған басқа тәсiлмен иелiк етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру
15. Агенттiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын Төраға басқарады.
Төрағаның өз ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын екi орынбасары болады.
16. Төраға Агенттiктiң жұмысын ұйымдастырады және Агенттiктiң қызметi үшiн дербес жауапты болады.
17. Төраға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) Агенттiкке басшылық жасауды жүзеге асырады;
2) үшiншi тұлғалармен қатынастарда уәкiлеттi органның атынан сенiмхатсыз әрекет етедi;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерлердi жұмысқа қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады;
4) өз орынбасарларының және Агенттiктiң бөлiмше басшыларының құқықтары мен мiндеттерiн айқындайды;
5) өз құзыретi шегiнде қызметкерлер орындауға мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
6) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен штат саны лимитiнiң шегiнде Агенттiктiң штаттық кестесiн бекiтедi;
7) Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
8) Агенттiктiң мүддесiн бiлдiру үшiн Агенттiктiң қызметкерлерiне сенiмхаттар бередi;
9) Агенттiк атынан шарттар жасасады;
10) Агенттiктiң қаржылық және өзге есеп беруiне қол қояды;
11) Агенттiк қызметкерлерiн көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету мәселелерiн шешедi және тәртiптiк жаза қолданады;
12) Қазақстан Республикасының Президентiне Агенттiк қызметкерлерiн мемлекеттiк наградалармен марапаттау және оларға Қазақстан Республикасының құрметтi атақтарын беру туралы ұсыныстар енгiзедi;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
18. Агенттiктiң Төрағасы болмаған жағдайда оның мiндеттерiн Төрағаның тапсырмасы бойынша орынбасарларының бiрi атқарады.
19. Агенттiк өз бетiмен әкiмшiлiк-шаруашылық қызметтiң бухгалтерлiк есебiн жүзеге асырады.
20. Агенттiктiң жанынан тұрақты жұмыс iстейтiн консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын Халықаралық Кеңес құрылады.
21. Халықаралық Кеңестiң негiзгi мiндеттерi:
Қаржы орталығының қызметiне қатысты мәселелерде әлемдiк тәжiрибенi қолдану жөнiнде ұсынымдар дайындау;
Төрағаға Агенттiктiң басқарушы лауазымдарына үмiткерлердi ұсыну;
Қаржы орталығын дамыту стратегиясын әзiрлеуге қатысу болып табылады.
22. Халықаралық Кеңес құрамына қаржы секторының жетекшi сарапшылары кiредi. Шетелдiктер Халықаралық Кеңестiң мүшелерi бола алады.
23. Халықаралық Кеңес мүшелерiнiң қызметi Агенттiктi қаржыландыруға көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
Халықаралық Кеңестiң ережесiн, оны құру тәртiбiн және қызметiн Агенттiк айқындайды.
6-тарау. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату
24. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2006 жылғы "___"__________
N ______ Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің құрылымы
Басшылық
Тіркеу департаменті
Даму департаменті
Әкімшілік-қаржы департаметі
Заң басқармасы