Павлодар облысы әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 169/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Павлодар облыстық әкімдігінің 2009 жылғы 19 тамыздағы N 167/12 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 10 қыркүйекте N 3144 тіркелген

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес, жоғары оқу орындарында оқып жүрген аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан студенттерге, жетім студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында  облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыс әкімдігінің 2005 жылғы 1 тамыздағы "Облыс әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 169/5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3042 болып тіркелген, 2005 жылғы 1 қазандағы "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінің N 111 санында жарияланған) N 249/6, 2005 жылғы 12 қыркүйектегі "Павлодар облысы әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 169/5 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3049 болып тіркелген, 2005  жылғы 29 қазандағы "Сарыарқа самалы" газетінің N 122 санында жарияланған) N 284/7, 2006 жылғы 9 тамыздағы "Облыс әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 169/5 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3072 болып тіркелген, 2006 жылғы 3 қазандағы "Сарыарқа самалы" газетінің N 114, 2006 жылғы 2 қыркүйектегі "Звезда Прииртышья" газетінің N 100 сандарында жарияланған) N 226/8, 2006 жылғы 19 қазандағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 169/5 қаулысына толықтыру енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3075 болып тіркелген, 2006 жылғы 18 қарашадағы "Сарыарқа самалы" газетінің N 134, 2006 жылғы 18 қарашадағы "Звезда Прииртышья" газетінің N 133 сандарында жарияланған) N 283/11, 2007 жылғы 10 тамыздағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 169/5 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3093 болып тіркелген, 2007 жылғы 23 тамыздағы "Сарыарқа самалы" газетінің N 98, 2007 жылғы 23 тамыздағы "Звезда Прииртышья" газетінің N 97 сандарында жарияланған) N 213/7, 2008 жылғы 20 тамыздағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 169/5 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3122 болып тіркелген, 2008 жылғы 6 қыркүйектегі "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінің N 99 санында жарияланған) N 220/8 қаулыларымен өзгерістер мен толықтырулар  енгізілген Павлодар облысы әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы орта білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2621 болып тіркелген, 2004 жылғы 8 шілдедегі "Сарыарқа самалы" газетінің N 80, 2004 жылғы 6 шілдедегі "Звезда Прииртышья" газетінің N 78 сандарында жарияланған) N 169/5 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының атауында және барлық мәтіні бойынша:
      "түлектеріне" деген сөзден кейінгі "облыстың" деген сөз алынып тасталсын;
      "тағайындау ережесі", "тағайындау ережесінде", "тағайындау  ережесіне" деген сөздер тиісінше "тағайындау жөніндегі нұсқаулық", "тағайындау жөніндегі нұсқаулықта", "тағайындау жөніндегі нұсқаулыққа" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы екінші, үшінші абзацтар алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі ереженің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Осы Нұсқаулық аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау тәртібін нақтылайды";
      Ереженің 2-тарауының атауында "тәртібі" деген сөз "шарты" деген сөзбен ауыстырылсын;
      Ереженің 3-қосымшасында:
      7-тармақтың 8-тармақшасындағы "жоғары оқу орнынан шығып қалған, сондай-ақ" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Б. Сағынтаев