Сотталғандарды қоғамдық жұмыс түріндегі жазаға тартып жұмысқа орналастыру үшін қоғамдық жұмыс түрлерін белгілеу туралы

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 24 ақпандағы № 39 қаулысы. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 19 наурызда № 9-19-91 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 42 бабына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сотталғандарды қоғамдық жұмыс түріндегі жазаға тартып жұмысқа орналастыруға үшін қоғамдық жұмыс түрлері анықталсын (қосымша).
      2. Қостанай облысы бойынша қылмыстық-орындаушы жүйенің Комитет басқармасының Ұзынкөл ауданының қылмыстық атқару инспекциясының бас инспекторы – бас маманына (келісім бойынша) қоғамдық жұмыс түріндегі жазаға тартылып сотталғандарға бақылау жасауды жүзеге асыруға ұсыныс берілсін.
      3. Ұзынкөл ауданының селолық округтері мен селолық әкімдері қоғамдық жұмыс түріндегі жазаға тартылып сотталған тұлғаларды жұмысқа орналастыруға арналған объектілер тізбесін анықтасын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары М.В. Слесарьға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауданның әкімі                             А. Сейфуллин

Ұзынкөл ауданы әкімдігінің  
2009 жылғы 27 ақпандағы № 39 
қаулысына қосымша       

Қоғамдық жұмыс түріндегі жазаға тартылып
сотталған тұлғаларды жұмысқа орналастыруға
арналған қоғамдық жұмыстардың тізбесі


т/т

Жұмыстардың түрлері

1.

Канализациялық және жылыту құдықтарын тазалау.

2.

Аудан аумағын көгалдандыруға және жинау:
Жолды, автокөлік аялдамаларын, мұздан, қардан
тазарту, жаяу жүргіншілер жолдарын тазалау;
жолдардан қоқысты, шаңды, ласты қолмен жинау,
тасымалдау (көлікке тиеу, түсіру) тазалық жасау;
алдын ала тазалау және ақбалшық езіп дайындау
арқылы жол жиегінің тастарын ақтау-сырлау;
газондарды үнемі қоқыстан тазарту; су бұрғыш
каналдарын ластан, қоқыстан тазарту, бұтақшаларды
шырпуға; урнаны үнемі қоқыстан тазарту; бұталарды
қолдап шырпу және сиректету; ағаштардың қурап
қалған бұтақшаларын шырпу; ағаштардың құрғақ
бұтақшаларын шырпу; газондарды қолдап ору; аудан
алаңын үнемі тазалау; парктер аумағының қоқысын
қолдап көлікке тиеу арқылы жинау; жол жиегін,
баспалдақтарды сыпыру, әк таспен ақтау; су тоғаны
баурайларын қоқыстан, ластан тазалау, өскен
бұталарды кесу; кіші нысандағы: төбешіктерді,
отырғыштарды майлы сырлау.

3.

Аудан орталығын, селолық округтер мен селолар
аумағын жинау мен көгалдандыруға жәрдемдесу: қоқыс
жинау; ағаштардың қурап қалған бұтақшаларын шырпу;
ағаштардың құрғақ бұтақшаларын шырпу; гүл орындарын
дайындау; аумақтарды жусаннан, қурайдан маусымдық
жинау; ағаш-көшеттерді, бұталарды отырғызу.