Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 42 бабына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сотталғандарды қоғамдық жұмыс түріндегі жазаға тартып жұмысқа орналастыруға үшін қоғамдық жұмыс түрлері анықталсын (қосымша).
2. Қостанай облысы бойынша қылмыстық-орындаушы жүйенің Комитет басқармасының Ұзынкөл ауданының қылмыстық атқару инспекциясының бас инспекторы – бас маманына (келісім бойынша) қоғамдық жұмыс түріндегі жазаға тартылып сотталғандарға бақылау жасауды жүзеге асыруға ұсыныс берілсін.
3. алынып тасталды Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2010.06.14 № 208 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары М.В. Слесарьға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауданның әкімі А. Сейфуллин
Ұзынкөл ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 27 ақпандағы № 39
қаулысына қосымша
Қоғамдық жұмыс түріндегі жазаға тартылып
сотталған тұлғаларды жұмысқа орналастыруға
арналған қоғамдық жұмыстардың тізбесі
Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2009.09.29 № 218 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
№ |
Жұмыстардың түрлері |
1. |
алынып тасталды 2009.09.29 № 218 қаулысымен. |
2. |
Аудан аумағын қандай болса да арнайы дайындықты талап етпейтін көгалдандыруға және жинау: |
3. |
Аудан орталығын, селолық округтер мен селолар |