Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі бірлігінен тіркелген салық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2009 жылғы 2 ақпандағы № 162 шешімі. Қостанай облысы Қостанай қаласы әділет басқармасында 2009 жылғы 12 наурызда № 9-1-121 тіркелді

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес, Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
       1. Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі бірлігінен айына тіркелген салық ставкаларының мөлшері бекітілсін (қоса беріліп отыр).
       2. Қостанай қалалық мәслихаты шешімдерінің күші жойылған деп танылсын:
      1) "Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі бірлігінен тіркелген жиынтық салығы ставкаларының көлемдерін бекіту туралы" 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 244 шешім (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген № 9-1-45, 2006 жылғы 19 мамырдағы № 54 "Қостанай" газеті);
      2) "Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі бірлігінен тіркелген жиынтық салығы ставкаларының көлемдерін бекіту туралы" мәслихаттың 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 244 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 321 шешім, (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген № 9-1-62, 2007 жылғы 19 маусымдағы № 48 "Қостанай" газеті);
      3) "Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі бірлігінен тіркелген жиынтық салығы ставкаларының көлемдерін бекіту туралы" мәслихаттың 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 244 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 22 мамырдағы № 98 шешім, (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген № 9-1-105, 2008 жылғы 24 маусымдағы № 48 "Қостанай" газеті).
       3. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Сессия төрағасы, № 9 сайлау округі
      бойынша депутаты                           С. Семенов

      Қалалық мәслихат
      хатшысы                                    С. Төкенов

Мәслихаттың      
2011 жылғы 29 маусымдағы
№ 418 шешіміне қосымша 

Мәслихаттың      
2009 жылғы 2 ақпандағы
№ 162 шешіміне қосымша 

Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі
бірлігінен тіркелген салық ставкаларының мөлшері

      Ескерту.Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2011.06.29 № 418 (алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Салық салу объектісінің атауы

Айына тіркелген
салық ставкасы
(айлық есептік
көрсеткіштерде)

1

бір ойыншымен ойын өткізуге арналған
ұтыссыз ойын автоматы

1

2

біреуден артық ойыншылардың
қатысуымен ойын өткізуге арналған
ұтыссыз ойын автоматы

2

3

ойын өткізу үшін пайдаланылатын
дербес компьютер

1

4

ойын жолы

41

5

карт

2

6

бильярд үстелі

12