"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес, Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі бірлігінен айына тіркелген салық ставкаларының мөлшері бекітілсін (қоса беріліп отыр).
2. Қостанай қалалық мәслихаты шешімдерінің күші жойылған деп танылсын:
1) "Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі бірлігінен тіркелген жиынтық салығы ставкаларының көлемдерін бекіту туралы" 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 244 шешім (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген № 9-1-45, 2006 жылғы 19 мамырдағы № 54 "Қостанай" газеті);
2) "Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі бірлігінен тіркелген жиынтық салығы ставкаларының көлемдерін бекіту туралы" мәслихаттың 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 244 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 321 шешім, (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген № 9-1-62, 2007 жылғы 19 маусымдағы № 48 "Қостанай" газеті);
3) "Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі бірлігінен тіркелген жиынтық салығы ставкаларының көлемдерін бекіту туралы" мәслихаттың 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 244 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 22 мамырдағы № 98 шешім, (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген № 9-1-105, 2008 жылғы 24 маусымдағы № 48 "Қостанай" газеті).
3. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Сессия төрағасы, № 9 сайлау округі
бойынша депутаты С. Семенов
Қалалық мәслихат
хатшысы С. Төкенов
Мәслихаттың
2009 жылғы 2 ақпандағы
№ 162 шешіміне қосымша
Мәслихаттың
2013 жылғы 15 ақпандағы
№ 112 шешіміне қосымша
Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі
бірлігінен тіркелген салық ставкаларының мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2011.06.29 № 418 (алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 15.02.2013 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
№ |
Салық салу объектісінің атауы |
Айына тіркелген |
1 |
бір ойыншымен ойын өткізуге арналған |
1 |
2 |
біреуден артық ойыншылардың |
2 |
3 |
ойын өткізу үшін пайдаланылатын |
1 |
4 |
ойын жолы |
25 |
5 |
карт |
2 |
6 |
бильярд үстелі |
12 |