Ескерту. Мәтін бойынша "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Қостанай облысы әкімдігінің 30.04.2014 № 182 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 116-бабының 2-тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағы 8-1) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. 1-қосымшаға сәйкес объектілердің құрылысына арналған телімдерде Тобыл өзенінің, Амангелді су бөгенінің және Тоғұзақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленсін.
2. 2-қосымшаға сәйкес су қорғау аймақтары аумағында арнайы шаруашылық пайдалану тәртібі және Қостанай қаласы, Қостанай, Денисов және Қарабалық аудандары аумағындағы объектілердің құрылысына арналған телімдерде Тобыл өзенінің, Амангелді су бөгенінің және Тоғұзақ өзенінің су қорғау белдеулері аумағында шектеулі шаруақорлық қызметінің тәртібі белгіленсін.
3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі С. Кулагин
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесінің директоры |
"Қазақстан Республикасы жер ресурстарын басқару агенттігінің Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бастығы |
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекция" мемлекеттік мекемесінің бастығы |
"Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министірлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Тобыл-Торғай экология департаменті" мемлекеттік мекемесі Қостанай филиалының бастығы |
Әкімдіктің
2009 жылғы 23 маусымдағы
№ 233 қаулысына 1-қосымша
Объектілердің құрылысына арналған телімдерде
Тобыл өзенінің, Амангелді су бөгенінің және Тоғұзақ
өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу
Р/с № |
Су объектісі, |
Су қорғау аймағы |
||
шекараның ұзақтығы, ұзындығы |
шекараның ұзақтығы, ауданы |
шекараның ұзақтығы, ені (м) |
||
1. |
Тобыл өзені |
40 |
1281,9 |
660 |
2. |
Тобыл өзені |
100 |
1,48 |
145-160 |
3. |
Тобыл өзені |
40 |
1,12 |
250-310 |
4. |
Тобыл өзені |
150 |
15,0 |
1000 |
5. |
Тобыл өзені |
275 |
27,5 |
1000 |
6. |
Тобыл өзені |
225 |
6,69 |
250 - 330 |
7. |
Тобыл өзені |
№ 1-4750 телімі |
475 |
1000 |
8. |
Тобыл өзені |
68 |
3,0 |
401,4 - 480,0 |
9. |
Тобыл өзені |
23,7 |
0,78 |
324,0 - 335,1 |
10. |
Тобыл өзені |
80 |
3,84 |
460 - 500 |
11. |
Тобыл өзені |
70,8 |
4,26 |
601,4 |
12. |
Тобыл өзені |
1580 |
108,3 |
50 - 1000 |
13. |
Тобыл өзені |
1470 |
147,0 |
1000 |
14. |
Амангелді су бөгені |
160 |
13,13 |
825-945 |
15. |
Амангелді су бөгені |
30 |
2,5 |
832 |
16. |
Тоғұзақ өзені |
435 |
35,1 |
807,5 |
17. |
Тобыл өзені |
365 |
18,25 |
500 |
таблицанан жалғасы:
Су қорғау белдеуі |
|||
шекараның ұзақтығы, ұзындығы |
ауданы |
ені |
орташа көп жылдық судың сабалық кемері |
40 |
1,484 |
100 |
126.20 |
100 |
0,8 |
80 |
127,40 |
40 |
0,080 |
20 |
128,69 |
150 |
0,3 |
20 |
126,95 |
275 |
0,5 |
20 |
125,75 |
225 |
2,25 |
100 |
127,77 |
4750 |
47,5 |
100 |
209,23 |
68 |
0,68 |
100 |
121,8 |
23,7 |
0,237 |
100 |
123,26 |
80 |
0,8 |
100 |
126,47 |
70,8 |
0,71 |
100 |
128,69 |
1470 |
15,5 |
100 |
126,6 |
1470 |
14,7 |
100 |
125,75 |
160 |
1,6 |
100 |
131,5 |
30 |
0,30 |
100 |
131,5 |
435 |
4,35 |
100 |
156,0 |
365 |
2,88 |
34-90 |
127,77 |
м – метр
га - гектар
Әкімдіктің
2009 жылғы 23 маусымдағы
№ 233 қаулысына 2-қосымша
Су қорғау аймақтар аумағында шаруақоршықпен
пайдаланудың арнайы тәртібі және Қостанай қаласы, Қостанай, Денисов және Қарабалық аудандары аумағындағы объектілердің
құрылысына арналған телімдерде Тобыл өзенінің, Амангелді
су бөгенінің және Тоғұзақ өзенінің су қорғау белдеулері
аумағында шектеулі шаруақорлық қызметінің тәртібі
1. Су қорғау аймағы шегінде мыналарға жол берілмейді:
1) міндетті түрде мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптаусыз жұмыс және қызмет көрсету аумақтарында шаруашылық қызметке және өндіріске;
2) авиациялық-химиялық жұмыстарды жүргізуге;
3) өсімдіктер мен арамшөптер зиянкестерімен күрестің химиялық құралдарын қолдануға;
4) топырақты тыңайту үшін көң ағындыларын пайдалануға;
5) улы химикат, минералдық тыңайтқыштар және жанармай материалдары қоймаларын, аппаратураны улы химикаттармен толтыру үшін алаңдарды, мал кешендері мен фермаларын, өнеркәсіптік, тұрмыстық және ауыл шаруашылық қалдықтарды жинау және көму жерлерін, мал қорымын, су ағындыларының жиынтығын орналастыруға;
6) отын құюға, автомобильдерді, тракторларды және басқа машиналар мен механизмдерді жууға және жөндеуге;
7) көлік құралдарының тұрақтарын орналастыруға, оның ішінде: саяжай және бақ өсіру телімдері аумақтарында;
8) ғимараттарға, имараттарға, коммуникациялар мен басқа объектілерге қайта жаңғырту жүргізуге, сондай-ақ су қорын пайдалану және қорғау; қоршаған ортаны қорғау; жер ресурстарын басқару; халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жайлылығы саласындағы жұмыстарды жергілікті атқарушы органдардың келісімінсіз жүргізуге;
9) ағынды суларды, өнеркәсіптік және тағам қалдықтарын төгуге;
10) су объектілерінде улы заттардың бөлінуімен жүретін жарылғыш жұмыстарды жүргізуге;
11) қатты тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды су объектілеріне тастауға және сонда көмуге;
12) су объектісі мен мұз жамылғысының су жинау алабы алаңын шайылуы беткі және жер асты су объектілері сапасының нашарлауына апарып соғатын қатты өндірістік, тұрмыстық қалдықтармен және басқа қалдықтармен ластауға.
2. Су қорғау аймағы үшін белгіленген шектеулерден басқа су қорғау белдеуі шегінде мыналарға жол берілмейді:
малды жаюға, ағашты-бұталы өсімдіктерді кесуге;
тыңайтқыштарды, улы химикаттар мен пестицидтерді қолдануға;
шатырлы қалаларды, тұрақты автомобиль тұрақтарын құруға;
бас тоғанды, су реттеуіш, қорғағыш және басқа арнайы тағайындаудағы имараттардан басқа ғимараттар мен имараттардың құрылысына;
су қоймаларының, олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануының алдын алатын имараттар және қондырғылармен қамтамасыз етілмеген қолданыстағы объектілерді пайдалануға беруге.