Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2017 № 332 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Мәтін бойынша "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Қостанай облысы әкімдігінің 30.04.2014 № 182 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2017 № 332 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. 1-қосымшаға сәйкес объектілердің құрылысына арналған телімдерде Тобыл өзенінің, Амангелді су бөгенінің және Тоғұзақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленсін.
2. Қостанай қаласы, Қостанай, Денисов және Қарабалық аудандарының аумағындағы объектілердің құрылысына арналған телімдерде Тобыл өзенінің, Амангелді су қоймасының және Тоғұзақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2017 № 332 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | С. Кулагин |
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитетінің Қостанай
облысы бойынша департаменті"
мемлекеттік мекемесінің директоры
___________________ Г. Естекбаев
"Қазақстан Республикасы жер
ресурстарын басқару агенттігінің
Қостанай және Солтүстік Қазақстан
облыстары бойынша өңіраралық жер
инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
________________________ М. Дихаев
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің
Су ресурстары комитеті Су
ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
бассейндік инспекция" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
___________________ Г. Оспанбекова
"Қазақстан Республикасы Қоршаған
ортаны қорғау министірлігі
Экологиялық реттеу және бақылау
комитетінің Тобыл-Торғай экология
департаменті" мемлекеттік мекемесі
Қостанай филиалының бастығы
______________________ А. Кәрімов
| Әкімдіктің | |
| 2009 жылғы 23 маусымдағы | |
| № 233 қаулысына 1-қосымша |
Объектілердің құрылысына арналған телімдерде Тобыл өзенінің, Амангелді су бөгенінің және Тоғұзақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу
Ескерту. 1-қосымшаға өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2017 № 332 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Р/с № | Су объектісі, оның телімі | Су қорғау аймағы | ||
шекараның ұзақтығы, ұзындығы (м) | шекараның ұзақтығы, ауданы (га) | шекараның ұзақтығы, ені (м) | ||
1. |
Тобыл өзені | 40 | 1281,9 | 660 |
2. |
Тобыл өзені | 100 | 1,48 | 145-160 |
3. |
Тобыл өзені | 40 | 1,12 | 250-310 |
4. |
Тобыл өзені | 150 | 15,0 | 1000 |
5. |
Тобыл өзені | 275 | 27,5 | 1000 |
6. |
Тобыл өзені | 225 | 6,69 | 250 - 330 |
7. |
Тобыл өзені |
№ 1-4750 телімі |
475 |
1000 |
8. |
Тобыл өзені | 68 | 3,0 | 401,4 - 480,0 |
9. |
Тобыл өзені | 23,7 | 0,78 | 324,0 - 335,1 |
10. |
Тобыл өзені | 80 | 3,84 | 460 - 500 |
11. |
Тобыл өзені | 70,8 | 4,26 | 601,4 |
12. |
Тобыл өзені | 1580 | 108,3 | 50 - 1000 |
13. |
Тобыл өзені | 1470 | 147,0 | 1000 |
14. |
Амангелді су қоймасы | 160 | 13,13 | 825-945 |
15. |
Амангелді су қоймасы | 30 | 2,5 | 832 |
16. |
Тоғұзақ өзені | 435 | 35,1 | 807,5 |
17. |
Тобыл өзені | 365 | 18,25 | 500 |
Кестенің жалғасы:
Су қорғау белдеуі | |||
шекараның ұзақтығы, ұзындығы (м) | ауданы (га) | ені (м) | орташа көп жылдық судың сабалық кемері |
40 | 1,484 | 100 | 126.20 |
100 | 0,8 | 80 | 127,40 |
40 | 0,080 | 20 | 128,69 |
150 | 0,3 | 20 | 126,95 |
275 | 0,5 | 20 | 125,75 |
225 | 2,25 | 100 | 127,77 |
4750 |
47,5 |
100 |
209,23 |
68 | 0,68 | 100 | 121,8 |
23,7 | 0,237 | 100 | 123,26 |
80 | 0,8 | 100 | 126,47 |
70,8 | 0,71 | 100 | 128,69 |
1470 | 15,5 | 100 | 126,6 |
1470 | 14,7 | 100 | 125,75 |
160 | 1,6 | 100 | 131,5 |
30 | 0,30 | 100 | 131,5 |
435 | 4,35 | 100 | 156,0 |
365 | 2,88 | 34-90 | 127,77 |
м – метр
га - гектар
| Әкімдіктің | |
| 2009 жылғы 23 маусымдағы | |
| № 233 қаулысына 2-қосымша |
Қостанай қаласы, Қостанай, Денисов және Қарабалық аудандарының аумағындағы объектілердің құрылысына арналған телімдерде Тобыл өзенінің, Амангелді су қоймасының және Тоғұзақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2017 № 332 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Су қорғау белдеулерінің шегінде мыналарға жол берілмейді:
1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;
3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
7) тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.
2. Су қорғау аймақтарының шегінде мыналарға жол берілмейді:
1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.
Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.