2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қаулысына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтоғай ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын аудан кәсіпорындарының, ұйымдарының мекемелерінің тізбесі, жұмыс түрлері мен көлемдері, қаржыландыру көзі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қоғамдық жұмысқа қатысқан азаматтардың еңбекақысын айына төменгі бір еңбекақы көлемінде бекітілсін.
3. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А. Түсіпбеков) жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындауға типтік шарт жасасын.
4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырушы аудан кәсіпорындары, ұйымдары, мекемелерінің басшыларына жеке еңбек шартының негізінде орындалатын жұмыстың саны, сапасы және күрделілігіне қарай бір төменгі еңбекақы мөлшерінде қосымша ақы төлеу немесе икемделген кесте бойынша толық емес жұмыс күнін ұйымдастыру ұсынылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Әбеуоваға жүктелсін.
6. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің
міндетін атқарушы Б.З. Тлеубергенов
КЕЛІСІЛДІ
Ауданның жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы
_____________ А. Түсіпбеков
16.03.2009 жыл
Ақтоғай ауданының ішкі істер
бөлімінің бастығы
______________ С. Дүйсебаев
16.03.2009 жыл
Ақтоғай аудандық мемлекеттік
мұрағаттың директоры
___________ А. Есмағанбетов
16.03.2009 жыл
Ақтоғай ауданы бойынша
салық комитетінің төрағасы
_____________ Қ. Болғанбаев
16.03.2009 жыл
Сот орындаушыларының Ақтоғай аумақтық
учаскесінің сот орындаушысы
_______________ Н. Смағұлов
06.03.2009 жыл
Аудан әкімдігінің 2009 жылғы
16 наурыздағы N 03/02
қаулысына қосымша
2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын Ақтоғай ауданы кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің тізбесі
№ |
Кәсіпорын, ұйым, мекеме атауы |
Адам саны |
Жұмыстың түрлері |
Қаржыландыру көзі |
Жұмыс көлемі, теңге |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
Ақтоғай селосы әкімінің аппараты |
48 |
Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, село көшелерін кездейсоқ қоқыстан тазарту, үй басын аралау, әскери міндетін атқаруға шақыру бойынша тұрғындармен жұмыс, шақыру қағазын жеткізу, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шаққандармен профилактикалық жұмыс жүргізу. |
Аудан бюджеті |
1676340 |
2 |
"Аққайың" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
4 |
Ақтоғай селосын көркейту, ауыз су жүйесін жөндеу. |
Аудан бюджеті |
215520 |
3 |
"Ақтоғай мәдени бос уақыт өткізу орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
4 |
Ж. Шайдаров атындағы демалу саябағын көркейту, көгалдандыру, жөндеу, тазалық жұмыстары. |
Аудан бюджеті |
215520 |
4 |
Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі |
4 |
Ұлы Отан соғысының, еңбек ардагерлеріне киім, аяқ киім жөндеу, шаштараз қызметін көрсету, әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар азаматтарды анықтау, құжаттар өңдеу. |
Аудан бюджеті |
215520 |
5 |
Ауданның ішкі істер бөлімі |
4 |
Қоғамдық тәртіпті сақтауға жәрдемдесу (сарбаздар) |
Аудан бюджеті |
215520 |
6 |
Аудандық мемлекеттік мұрағат |
6 |
Мұрағаттағы құжаттардың қалыпты сақталуына көмек |
Аудан бюджеті |
323280 |
7 |
Салық комитеті |
4 |
Тұрғындармен жұмыс, көлікке және мүлікке салық төлеу хабарламаларын тарату |
Аудан бюджеті |
215520 |
8 |
Сот орындаушыларының Ақтоғай аумақтық учаскесі |
2 |
Сот орындаушысының қызметіне көмек көрсету, шақыру қағаздарын тарату. |
Аудан бюджеті |
107760 |
9 |
Жидебай селолық округі әкімінің аппараты |
5 |
Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары. |
Аудан бюджеті |
269400 |
10 |
Қарабұлақ селолық округі әкімінің аппараты |
2 |
Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары. |
Аудан бюджеті |
107760 |
11 |
Сарытерек селолық округі әкімінің аппараты |
2 |
Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары. |
Аудан бюджеті |
107760 |
12 |
Нүркен селолық округі әкімінің аппараты |
2 |
Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары. |
Аудан бюджеті |
107760 |
13 |
Қызыларай селолық округі әкімінің аппараты |
2 |
Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары. |
Аудан бюджеті |
107760 |
14 |
Сарышаған поселкесі әкімінің аппараты |
8 |
Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары. |
Аудан бюджеті |
431040 |
15 |
Шабанбай селолық округі әкімінің аппараты |
2 |
Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары. |
Аудан бюджеті |
107760 |
16 |
Шашубай поселкесі әкімінің аппараты |
6 |
Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары. |
Аудан бюджеті |
323280 |
Барлығы |
105 |
4505000 |