Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 15.05.2014 № 31-199/V шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108 – бабының 5 - тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Сайрам ауыл округі аумағындағы арнаулы жер қорынан жалпы көлемі 105,0 гектар жер телімі алынып, Сайрам ауылының шегіне енгізілсін.
2. Жалпы көлемі 105,0 гектар жер телімі қосылып, Сайрам ауылының шегі өзгертілсін.
3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы М.Оспанбеков
Аудан Әкімі М.Әлі
Аудандық мәслихаттың хатшысы Т.Төлендиев