2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 552 Қаулысы. Жамбыл облысы Талас ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 27 қаңтарда 93 нөмірімен тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабына сәйкес және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландырудың ережесі» негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылға қоғамдық жұмыстар жүргізілетін аудан аумағындағы ұйымдардың тізбесі 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары бекітілсін және қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс 2 қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      3. «Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Қоғамдық жұмысқа тартылған жұмыссыздардың еңбекақысы жергілікті бюджет есебінен, «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңымен белгіленген ең төменгі жалақы көлемінің 1,2 еселенген мөлшерінде белгіленсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      6. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Г. Тұрсынбековаға жүктелсін.

      Аудан Әкімі                                О. Жиенқұлов

«КЕЛІСІЛДІ»

«Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің
Талас аудандық Ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Б. Бүркітбаев
30 желтоқсан 2009 ж.

Талас ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 552 қаулысына № 1-қосымша

2010 жылға қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі

      1. «Қаратау қаласы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      2. «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі
      3. «Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
      4. «Талас ауданы әкімиятының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
      5. «Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі        6. «Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің Талас аудандық Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі
      7. «Ақкөл ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      8. «Аққұм ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      9. «Берікқара ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      10. «Бостандық ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      11. «Көктал ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      12. «Қызыләуіт ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      13. «Кеңес ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      14. «Қасқабұлақ ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      15. «Қаратау ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      16. «Ойық ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      17. «Тамды ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      18. «Үшарал ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      19. «С. Шәкіров ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Талас ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 552 қаулысына № 2-қосымша

Қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, сұраныс пен ұсыныс

Қоғамдық жұмыс түрлері

Атқарылатын жұмыс көлемі мен нақты жағдайлары

Сұраныс

Ұсыныс

1

Көркем безендіру, көгалдандыру және қайта жаңғырту жұмыстары

Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша, жұмыс мерзімі 6 ай. Қала, ауыл округтері бойынша көркем безендіру – 85 километр. Қайта жаңғырту жұмыстарын – 8192 шаршы метр, қоқыстан тазарту – 600 тонна, гүл және тал ағаштарын отырғызу – 80000 түп.

59

59

2

Халыққа әлеуметтік көмек көрсетуге көмектесу

Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша, жұмыс мерзімі 6 ай. Аудан бойынша әлеуметтік көмек түрлерін алушылардың құжаттарын ресімдеуге көмектесу – 11200 құжат.

4

4

3

Нысандарды күзетуге көмектесу

Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша, жұмыс мерзімі 6 ай. Нысандарды күзетуге көмектесу – 54 ғимарат.

11

11

4

Төлем есептерінің реестрін жүргізуге көмектесу

Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша, жұмыс мерзімі 6 ай. Мемлекеттік деректер базасын толық қамту үшін мәліметтер енгізу, реттеуге көмектесу – 6900 құжат.

1

1

5

Барлығы:


75

75