2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 552 Қаулысы. Жамбыл облысы Талас ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 27 қаңтарда 93 нөмірімен тіркелді

Жаңартылған

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабына сәйкес және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландырудың ережесі» негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылға қоғамдық жұмыстар жүргізілетін аудан аумағындағы ұйымдардың тізбесі 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары бекітілсін және қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс 2 қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      3. «Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      Ескерту.4-тармақ алынып тасталды- Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 2010.10.06 № 439 Қаулысымен.
      5. Осы Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      6. Осы Қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Г. Тұрсынбековаға жүктелсін.

      Аудан Әкімі                                О. Жиенқұлов

«КЕЛІСІЛДІ»

«Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің
Талас аудандық Ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Б. Бүркітбаев
30 желтоқсан 2009 ж.

Талас ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 552 Қаулысына № 1-қосымша

       Ескерту. 1-Қосымша жаңа редакцияда - Талас аудандық әкімдігінің 2010.10.06 № 439 Қаулысымен.

2010 жылға қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі

      1. «Қаратау қаласы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
      2. «Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Талас ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 552 Қаулысына № 2-қосымша

      Ескерту. 2-Қосымша жаңа редакцияда - Талас аудандық әкімдігінің 2010.10.06 № 439 Қаулысымен.

Қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары,
сұраныс пен ұсыныс, қатысушылардың еңбекақасының мөлшері және оларды қаржыландырудың көздері

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

Атқарылатын жұмыс көлемі мен нақты жағдайлары

Сұраныс

Ұсыныс

Қатысушылардың еңбекақасының мөлшері (бір қатысушыға) және оларды қаржыландырудың көздері

1

Көркем безендіру, көгалдандыру және қайта жаңғырту жұмыстары

Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша, жұмыс мерзімі-6 ай.

Қала бойынша көркем безендіру-50 километр. Қайта жаңғырту жұмыстары -3276 шаршы метр, қоқыстан тазарту-1600 тонна.

18

18

18110 теңге

Жергілікті бюджеттен

2

Нысанды күзетуге көмектесу

Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша, жұмыс мерзімі- 6 ай.

4

4

18110 теңге

Жергілікті бюджеттен

Барлығы:


22

22