РҚАО ескертпесі. Орыс тіліндегі мәтіні жоқ болып табылады, мемлекеттік тілінде мәтінге қараңыз.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
“Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі” Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Кодексінің 238-бабының 2 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілеріне қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкалары мен салыстырғанда лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалары жиырма бес процентке жоғары белгіленсін.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | Аудандық мәслихат |
сессиясының төрағасы | хатшысы |
Ж. Есенқұлов | А. Унетаева |