Байзақ аудандық мәслихатының 2009 жылғы 15 шілдедегі "Азаматтық қызметшілерге жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы" № 19-9 шешімінің күшін жою туралы

Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 маусымдағы № 4-7 шешімі

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына және "Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 Қаулысының талаптарына сәйкес Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 15 шілдедегі "Азаматтық қызметшілерге жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы" № 19-9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6–2–94 болып тіркелген, 2009 жылғы 8 тамыздағы аудандық № 72-73 "Ауыл жаңалығы" газетінде жарияланған) № 19-9 шешімінің күші жойылсын.
      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы Ш. Әшім
      Аудандық мәслихат
      хатшысы Н. Тлепов